Сабақ жоспары 9-сынып Ә,Қастеев-бейнелеу өнері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары 9-сынып Ә,Қастеев-бейнелеу өнері

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы: 9-сынып

Сабақтың тақырыбы: Қазақ бейнелеу өнері тарихынан . Қалау рай Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақ бейнелеу өнері тарихы туралы білім беру, өз ойларын шақ, жақ, есімше, көсемшенің жұрнақтарын пайдалана отырып жеткізуге баулу, қалау рай практикада дұрыс қолдану білу

Дамытушылық: Оқушылардың тілдік дағдыларын жетілдіру, сөздік қорларын байыту, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, ұтқырлыққа баулу

Сабақтың барысы:

1.     Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасу, түгендеу

2.     Үй тапсырмасын тексеру

3.     Жаңа сабақ.

    Сөздік Бейнелеу өнері- изобразительное искусство

Кескіндеме – графика

Мүсіндеме – скульптура

Қолданбалы – прикладной

Қалыптасу – формировать

Шеберлік – мастерство

Көрме – выставка

    Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы- Қазақ бейнелеу өнері тарихы. Қазақ бейнелеу өнері  тарихы – ұлттық дүниетанымға негізделген көркем өнер. Ол көркем кескіндеме, мүсіндеме, графика және қолданбалы өнер салаларын қамтиды. Қазақ бейнелеу өнерінің қалыптасу және даму жолы өте күрделі болды. Оның бастауында этнограф - ғалым Ш.Уәлиханов тұрады. Кейінгі зерттеулер Шоқан туындыларынан «Потанин», «Тезек төре», т.б. портреттік жұмыстарынан оның кәсіби суретшілерге тән шеберлігі байқалатынын анықтады. Қазақстан бейнелеу өнерінің кәсіби шеберлігін дайындайтын студия 1920 жылы ұйымдастырылып, онда Н.Г.Хлудов, Н.Антонов және мүсінші А.С.Понамарев сабақ берді. 1928 жылы Семейде бейнелеу өнері шығармаларының алғашқы көрмесі ұйымдастырылды. Кескіндеме мен графиканың кәсіби шеберлігін меңгерген жас суретшілер: Н.М. Крутильников, Ә.Қастеев, Ә.Ысмайылов, И.И.Савельев, Б.Сәрсенбаев, Қ.Қожықов т.б

Грамматикалық тақырыбымыз – Қалау рай Қалау ниет, тілек дегенді білдіреді Сонда қалау рай дегеніміз іс иесінің қимылды, іс - әрекетті қалауын, соған ынтасын, ниетін білдіреді...

1 жақ менің ...+ ғы/гі + м қы/кі+м еді

2 жақ сенің ...+ ғы/гі + ң қы/кі+ң ді

2 жақ сіздің ...+ ғы/гі + ңыз/ңіз қы/кі+ ңыз/ңіз кел - ген

3 жақ оның ...+ ғы/гі + сы/сі қы/кі+сы/сі ер

ітін

іпті

1 жақ біздің ...+ ғы/гі + мыз/міз қы/кі+мыз/міз еді

2 жақ сендердің ...+ ғы/гі + ларың /лерің қы/кі+ларың/лерің ді

2 жақ сіздердің ...+ ғы/гі + ларыңыз /леріңіз қы/кі+ларыңыз/леріңіз кел - ген

3 жақ олардың ...+ ғы/гі + лары /лері қы/кі+лары/лері ер

ітін
іпті

4.     Жаңа сабақты меңгерту тапсырмалары:

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, сұрақтар құраңдар. Сұрақтарға өзара жауап беріңдер. Мәтінге ат қойыңдар.

     Қазақ ұлттық көркемсурет галереясы 1995 жылы құрылғаннан бастап, «Қазақстан бейнелеу өнері» коллекциясын кешендеуге  баса көңіл бөлінді. Қазіргі таңда 10 мыңнан астам көркемсурет  туындылары Қазақстан Республикасы Ә.Қастеев  атындағы  Мемлекеттік өнер мұражайының қорын құрайды. Кескіндеменің, мүсін өнерінің, графикалық қайталанбас коллекциясы ұлттық мектептің дамуындағы басты кезеңдерді көрсетеді.

    Н.Т.Хлудов  - XIX ғасырдағы реалистік кескіндеме мектебін қалыптастырған алғашқы орыс суретшілерінің бірі. Ол Орта Азия мен Қазақстанды  көп аралап, сол жердің өмірі мен тұрмысынан жасаған суреттемелері кейіннен оның кескіндемелік туындыларының негізіне айналды. 2-тапсырма. Берілген сөздерден сөйлемдер құраңдар.

1.     Комитеті, Суретшілер одағының, ұйымдастыру, құрылды, республика, 1933 жылы

2.     1934 жылы, ашылды, Алматыда, галереясы, Қазақ мемлекеттік көркемсурет.

3.     Қазақстан, суретшілерінің, еңбектері, үздік, ұлт өнерінің қазынасына, болып қосылды, асыл мұра.

3-тапсырма. Диалогті  сұрақтармен толтырып, өзара сөйлесіңдер.

-         ....?

-         Айша Ғарифқызы Ғалымбаева – Қазақстанның халық суретшісі.

-         ...?

-         А.Ғалымбаева 1917 жылы Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Есік ауылында дүниеге келген.

-         ...?

-         Ол 1943 жылы Алматының көркемсурет  училищесінде, 1949 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтында оқыған.

-         ...?

-         Республикалық, одақтық және халықаралық көптеген көрмелерге қатысқан.

-         ...?

-         Оның туындылары: «Шопан» 1949 ж, «Менің аулам» 1949 ж, «Қазақ халық киімдері» 1958 ж альбомы, «Қызыл апортжәне табақ» 1994 ж, «Жайнаған гүл шоғыры» 1999 ж т.б.

-         ...?

-         Ол Қазақстан Республикасы Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет белгісі», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерінің иелері.

5.    Сабақты бекіту.

      Бекіту сұрақтары:

Қазақ бейнелеу өнерінің қалыптасу және даму жолы қандай?

Қазақ бейнелеу өнері деген қандай өнер?

Қазақ бейнелеу өнерінің бастауында кім тұр?

Қазақ бейнелеу өнерінің кәсіби шеберлігін даярлайтын студия нешінші            жылы  ұйымдастырылып, онда кім сабақ берді?

Қазақ бейнелеу өнері шығармаларының алғашқы көрмесі қашан және қай қалада ұйымдастырылды?  Shape1 «Түртіп алу жүйесі »Венн диаграммасы арқылы салыстыру Шартты рай Қалау рай

Shape3 Shape2

Қимылдың іс-әрекеттің болу болмау мүмкіндігінің шартын білдіреді – са-се жұрнақтары арқылы жасалады

Негізгі не туынды, болымсыз етістік тұлғасына –ғы – гі, шартты рай тұлғасы – са- се игі еді, -ғай -гей









6.     Оқушыларды бағалау.

7.     Үйге тапсырма беру.  Қазақ бейнелеу өнері туралы диалог құарстыру.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.00.2018
1502
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі