Сабақ жоспары: " Жыл басына таласқан жануарлар"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары: " Жыл басына таласқан жануарлар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жануарлармен таныстыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жыл басына таласқан хайуандар

Ең ерте заманда хайуандар жылдың басы болуға таласыпты. Сонда жылқы айтыпты:

Мен алысты жақын қыламын. Күшімді көреді, сүтімді ішеді, қылыма шейін арқан, жіп еседі. Адамға менен пайдалы мал жоқ, жыл ағасы мен боламын, – дейді.

Түйе айтады:

Сен адамның жұмысын қылсаң, сұлы, шөп асайтын тамағың үшін құл болдың, міне, мен сен көтере алмайтын ауырды көтеріп, неше айшылық алыс жерлерге барамын. Аш болдым деп, арпа, сұлы сұрамаймын. Көде болса, көде, жусан болса, жусан, не кез келсе, соны қорек етіп, табылса, су ішіп, табылмаса, шөлде де жолға жүре беремін. Жыл басы болу маған лайық.

Сиыр айтады:

Адам егін ексе, менімен егеді, сүтімді ішеді, құрт-май істейді, жыл басы болу маған лайық.

Қой айтады:

Мен болмасам, қазақ үйін немен жабар еді. Жүнімді алып, киіз басады, жабағымнан киім тігеді, арқан, жіп еседі. Сүтімнен құрт-май алады, шаруаға менен пайдалыларың жоқ.

Ит айтады:

Мен болмасам, сендердің көбіңді не ұрлап, не қасқыр жеп тауысар еді. Мен сендердің баршаларыңның бақташыңмын, дұшпан көрінсе, үріп, абалап, иеме хабар беремін.

Тауық айтады:

Мен болмасам, кісі ерте жұмысына бармай, ұйықтап қалар еді. Мен ерте тұрып, таң атты деп шақырып, хабар айтамын. Кеш болса, жатар мезгіл болды деп, тағы шақырамын.

Тышқан не айтарын білмей тұрады да бір түрлі қулық ойлап, жиылған көпке айтады:

Бұл таластан еш нәрсе өнбес, жылды қарап тұралық та кім бұрын көрсе, сол жыл басы болсын.

Өзгелері қарап тұрғанда, түйе өзінің бойына сеніп: «Менен бұрын кім көреді?», – деп, тышқанның сөзін қостайды. Бөрі қарасып тұрады.   Біраздан соң тышқан жорғалап, түйенің өркешіне шығып отырады. Көп хайуан таласып: «Біз көреміз, біз көреміз»,–деп тұрғанда, ең биікте отырған тышқанды көріп, еш нәрсе демепті.

Сонан соң жылды бәрінен бұрын тышқан көріп, хабар беріп, жыл басы болыпты. Түйе бойына сеніп құр қалыпты.

ЖЫЛ БАСЫХАЙУАНДАРЕРТЕГІЛЕР

Пәні:Балалар көркем әдебиетімен таныстыру

Мектеп : А.Өтепбергенов атындағы орта мектебі


Күні:

Педагогтің аты-жөні:Жарылғасова Ж


Мектепалды даярлық тобы

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Жыл басына таласқан жануарлар


ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары

0.1.1.1. Шағын ертегілердің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру

0.2.2.1. Кейіпкердің қылығы туралы пікірін айту (ұнайды, неліктен ұнамайды)

0.2.3.1. Өзінің ұсынымдарын сурет, сызба түрінде безендіру

0.2.4.1. Иллюстрациялардыертегініңэпизодыменсалыстыру.


Күтілетін нәтиже

















Тілдік мақсат

























Өткен ҰОҚ алған білім

Барлық тәрбиеленушілер:

Ертегінің мазмұнын тыңдайды, сұрақтарға жауап бере алады. Өзінің ұсынымдарын сурет, сызба түрінде безендіреді.

Көпшілік тәрбиеленушілер:

Кейіпкердің қылығы туралы пікірін айтады.

Кейбір тәрбиеленушілер:

Иллюстрацияларды ертегінің эпизодымен салыстырады.



Тәрбиеленушілер: Ертегіні талқылау барысында қандай жануар? қайсы?қайда? деген сұрақтары бар сөздерді пайдалана алады.

Ертегікейіпкерлерітуралыәңгімелейді.

Көптілділік: жылқы – лошадь – horse, түйе – верблюд – camel, сиыр–корова – cow, ит – собака – dog, тышқан – мышь – mouse

Негізгітерминдер мен сөзтіркестері: жусан, жабағы, бақташы, өркеш.
Пікір алмасу сұрақтары:

Ертегіні қызыға тыңдау үшін адам бойында қандай қасиеттер болуы керек?

Қандай ертегілерді білесіңдер? Есімізге түсірейік.

Қандай кейіпкерлерді білдіңдер?

Өтілген ертегілерді естеріне түсіріп атау.


Жоспар

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Жоспарланған жұмыс

I.Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату

    1. мин













II.Өмірлік тәжірбиені маңыздандыру

ҰОҚ-ның ортасы







III.Тақырып 
бойынша 
жұмыс


6-27 мин































































































IV.ҰОҚ-ның 
қорытындысы

Рефлексия

(Ұ) Балалар үнтаспадан «Ертегілер» әнін тыңдайды. Педагог қолына «сиқырлы таяқшаны» алып, әр баланы түрлі ертегі кейіпкеріне айналдырады. Балалар бір-біріне ертегі кейіпкерлері атынан тілектер айтады:

«Мен Бауырсақпын, бір-біріңді құрметтеп жүрулеріңе тілектеспін...

Мен Ханшайыммын, сендерге қайырымды, сыпайы болуды тілеймін...»

(Т) Педагог балаларға жұмбақ жасырады.

Апан-апан, ескі шапан,

Иір қобыз, жарық жұлдыз. (Түйе)

Қандай ертегілерді білесіңдер, есімізге түсірейік.

«Мен ертегіні жақсы көремін, өйткені...» деп жағымды қасиеттерін айтады.

Ертегінің соңы жақсылықпен аяқталады.

Ертегіде әрқашан қайырымдылық зұлымдықты жеңеді.



(Ұ) Көркем әдебиет жанры бойынша ертегімен танысамыз. Ертегіні адамдар қиял арқылы құрастырады. Ертегідегі жануарлар

адам сияқты сөйлей алуы және адам істейтін нәрселерді істей алуы мүмкін.

Педагог «Жыл басына таласқан жануарлар» ертегісін ұсынады. Ертегіні оқу. Сөздік жұмыс.

Педагог балаларға ертегіде кездесетін жусан, жабағы, өркеш, бақташы сөздеріне түсінік береді:

Жусан – дәмі ащы, көкшіл бозғылт түсті аласа шөп.

Өркеш – түйенің арқасына бір не екі айыр болып тік шаншылған қомы.

Жабағы деп жылқының бір түрін айтады.

Бақташы деп мал бағатын адамдарды айтамыз.

Ертегінің мазмұнына сәйкес сұрақтар.

Жануарлар жылдың басы болуға неге таласты?

Жылқы не айтты?

Түйе не деді?

Сиырнесіменмақтанды?

Қойөзініңқандайпайдасы бар екенінайтты?

Ит не деді?

Тауықөзінқалайайтыпжеткізді?

Тышқанқандайқулықжасады?

Түйе неге сенді?

Жылдыбіріншіболып не көрді?

Сергітусәті: (саусақтарменорындайды)

Саусақтарым, бір-біріменамандасайық,

Саусақтардан гүл ашайық.

Саусақтарды ашып-жұмып,

А-ә, г-ғ, ү-ұ, н-ң, к-қ, о-ө дыбыстарындұрысайтайық.

(Ұ) СуретбойыншаӘліппе-дәптерменжұмыс:

Суреттен не көріптұрсыңдар?

Суреттеертегініңқайсәтібейнеленген?

Ертегіде не туралыайтылған?

Жануарларжылдың басы болуға неге таласты?

Жылдыбіріншіболып не көрді?
Көптілділік: жылқы – лошадь – horse, түйе – верблюд – camel,сиыр – корова – cow,

ит – собака – dog, тышқан – мышь – mouse

(Ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс:

1. Суреттегі жануарларды жыл аттары бойынша ретімен атап үйренеміз.

2. Ертегіге қатысты кейіпкердің қылығына баға бер. Бастырып сыз,боя.

(Т) Д/ойын: «Не қайда өмір сүреді?»

Суреттен көргендерін атап, олардың қайда өмір сүретінін айтады.

Сол жануар немесе құстарды қайда көргендерін, ол туралы білетіндерін әңгімелейді.

Педагог қорытынды жасайды.

Қандай жанрмен таныстық?

Ертегіқалайаталады? Сендергеұнадыма?

Ертегідеқандайкейіпкерлеркездесті?

Түйе неге жыл басы бола алмады?

(Ө, Қ) Рефлексиялық бағалау – өз жұмысын бағалап қорыту.Тәрбиеленушілер ҰОҚ-дегі өзінің жұмысына баға береді.Ештеңе түсінбедім – қызыл түспен,Түсіндім, бірақтүсіндіреалмаймын – сарытүспен,Бәрінтүсіндім, басқағатүсіндіріпбереаламын – жасыл түспен.

Музыкалық сүйемелдеу



























































Әліппе-дәптер





































Әліппе-дәптер









































Әліппе-дәптер






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2019
1553
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі