Материалдар / Сабақ жоспары Ә. Файзуллаев. «Жанкүйерлер». М. Гумеров. «Көк кептер» 2 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары Ә. Файзуллаев. «Жанкүйерлер». М. Гумеров. «Көк кептер» 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру Мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу Шығармашылық жұмысын мұғалімнің көмегімен сурет, каллиграмма, аппликация, фотосуреттер арқылы ұсыну
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
537
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар:

Пән: әдебиеттік оқу

Күні: 6.11.17ж

Сабақ №: 25

Сынып: 2 «В»

Бөлім: Менің отбасым және достарым

Сабақтың тақырыбы: Досыммен мақтанамын. Ә. Файзуллаев. «Жанкүйерлер». М. Гумеров. «Көк кептер».

Мектеп: Талшық ОМ

Мұғалімнің аты-жөні: А.Б.Кажмуратова

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

2.1.1.1 Тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін

мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру

2.2.1.1 Мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу

2.3.3.1 Шығармашылық жұмысын мұғалімнің көмегімен сурет, каллиграмма, аппликация, фотосуреттер арқылы ұсыну

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: мәтінді оқиды, түсінеді, бағалауға қатысады;

Оқушылардың басым бөлігі: тақырыпты болжайды, кейіпкерлердің сөзін таба алады. шығарма бойынша қарапайым сұрақтарға жауап береді;

Кейбір оқушылар: мақал-мәтелдің жалғасын табады, қарапайым сұрақтарға күрделі жауап береді.

Жетістік критерийлері

сабаққа белсенді қатысады; жаңа сөздердің мағынасын түсінеді;

жақсы мен жаманды ажыратады.

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық, құрмет

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі

Ресурстар

Оқулық, жұмыс дәптері, кесте, Ә.Файзуллаев, М.Гумеров портреттері

Тілдік құзыреттілік

Зақпы – айырсадақ (ату құралы)

Алдыңғы білім

Кішілерге қамқормын. Мәжит Сейфуллин «Қолғанат».

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

Сыныпты қалыпқа келтіру.

Ой сергек «Сәлемдесу»

Үй жұмысын тексеру (58-59 бет өлең жаттау)

Shape1

Сабақтың ортасы

34 минут
































































Сабақтың аяқталуы

2 минут

Мағынаны ажырату. Ой қозғау.

-Мақал-мәтелдердің жалғасын табыңдар.

Күлме досыңа, ... ... .

Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті ... ... .

Аққуды атуға, досыңды сатуға болмайды.

-Нақыл сөздің мағынасын түсіндіріңдер.

-Тақырыпты болжау. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

-Бүгінгі сабақта екі шығармамен танысамыз. Олардың ортақ мәселесін тауып көрейік.

Оқушылармен бірлесе жетістік критерийлерін құру.

Айтылым. Автор туралы мәлімет.

Әлібек Файзуллаев (1952 ж.т.) – Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданының Ақбастау ауылында дүниеге келген. «Ескі сурет», «Екі алма», «Көрші үйдің жарығы», «Бақыт туралы сөз», «Қатыбезер», «Ең ұзақ түн», «Күміс кекілік», «Өрт», «Сынық бұтақ», «Ақмышым», «Арлан күшік», «Ақ көбелек», «Хайуанаттар патшалығы», «Үш тілек», «Кәрім Нұрбаев», «Қыз Жібек» атты прозалық кітаптардың авторы. «Балауса» баспасының балалар мен жасөспірімдерге арналған жабық бәйгесінің, Халықаралық «Дарабоз», Республикалық «Астана-Бәйтерек» конкурстарының, Алматы қаласы әкімдігі, «Бөбек» ұлттық ғылым-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы ұйымдастырған әдеби бәйгелердің жеңімпазы.

Машқар Гумеров –  1927 жылы 11 қарашада Башқұртстанның Асқын ауданындағы Күбияз елді мекенінде ауыл молдасының отбасында туған. 1937 жылы үй-ішімен Солтүстік Қазақстан облысына көшіп келіп, қазақ орта мектебінде оқыған. Ұлты татар болғанымен, шығармаларын тек қазақ тілінде жазады. 1942 жылы сегізінші сыныпты бітірген соң, колхоздың егіс бригадасында есепші болып жұмыс істеген. Ал 19431946 жылдары ауыл шаруашылығы техникумында оқып, оны тамамдаған соң, МТС-тің учаскелік ағрономы болды.1953 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөлімін бітірді. Главлитода цензор, «Қазақстан пионері» газетінің редакциясында әдебиет пен өнер бөлімінің меңгерушісі,1957-1977 жылдары «Қазақстан», «Жазушы», «Жалын» баспаларында редактор болып қызмет атқарды.

Оқылым «Жанкүйерлер» мәтіні

Жұптық жұмыс

-Футболдан сендер жанкүйер болатын командаларың бар ма? Әңгімелеңдер.

-Алмастың жанкүйерлері кімдер? Мәтіннен олардың сөздерің тауып, ырғағына келтіре оқыңдар.

Жетістік критерийі: өз ойын жеткізе алады, ойын мәтінмен байланыстыра алады, мәтінді мәнеріне келтіріп оқи алады.

Бағалау: ЖК бойынша.

Оқылым «Көк кептер»

Зақпы – айырсадақ (ату құралы)

Топтық жұмыс.

Тапсырма: Сұрақтарға жауап беріп, топ ішінде талқылаңдар. Нүсіпбектің орнында сендер болсаңдар қайтер едіңдер? Аймағанның орнында болсаңдар ше? Нүсіпбек пен Аймаған арасындағы достыққа өз қөзқарастарыңды білдіріңдер.

Жұптық жұмыс

-Мәтіндегі оқиғаны кестедегі үлгі бойынша талдаңдар.

Жетістік критерийі: мәтінді түсінеді, кейіпкерлерді таба алады, қарапайым сұрақтарға жауап беріп, іс-әрекетіне пікірін білдіре алады.

Мәтін кейіпкерлері

Не істеді?

Сенің пікірің

Көрші әйел – Зияда апай


...

Нүсіпбекке қатысты



...

Нүсіпбекке жамандыққа қимады.

...

Бағалау: ЖК бойынша бағалау.

-Мәтін бойынша қарапайым немесе нақтылау сұрағын дайындау.

Үлгі: Нүсіпбек қандай бала? – қарапайым сұрақ.

Не үшін олай ойлайсың? – нақтылау сұрағы

-Нағыз достық дегенді қалай түсінесіңдер?

Бағалау. Қол соғу арқылы

Үй жұмысы. (62-65 бет әңгімелеу)




Суреттер


Мультимедиялық оқу құралы


https://kk.wikipedia.org/wiki/

















Оқулық 60-65 беттер
















Сөздер тақтасы











Кесте



Жұмыс дәптері №1

Сабақтың соңы

2 минут

Кері байланыс. Ауызша кері байланыс беру

Рефлексия

-Менің сабақтан кейінгі әсерім» кестесі

Қандай ой пайда болды?


Не сезіндім?

Не ұнады?

Не қиын болды?







Кесте

Дифференциация

оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап

отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

А, А+ оқушыларына өз өмірінен қосымша мәліметтер келтіру

Жетістік критерийлері арқылы


Өзін-өзі тану

Құныдылқтарды дарыту: ынтымақтастық, құрмет

АКТ-ы қолдану дағдылары: осы сабақ барысында оқушыларға тақырыпқа қатысты көрнекі құралдар интербелсенді тақта арқылы көрсетіледі. Тәрбиелік мәні: қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.


2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.


2: Рефлексия.


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!