4.Оқиға айту (Мұғалім
сыйы).
Адам бойына бірінші керек қасиет -
адамгершілік. Себебі онда сүйіспеншілік, мейірімділік, ізгілік,
махаббат, жақсы ойлау сынды іс - әрекеттердің тізбегі жатыр.
Дүниедегі жағымды нәрселердің бәрі – адамгершілік ұғымы арқылы
жүзеге асады. Осы қасиет арқылы жас та, кәрі де өзінің мақсат -
мүддесіне, арман тілегіне, болашақтан үміттенуіне сенім
білдіреді.
Видеокөрсетілім. Алдар Көсе «Күтпеген қонақ» мультфильмі
көрсетіледі.
— Алдар Көсенің мультфильмінен
не көрдіңдер?
— Бай
қандай адам екен?
— Ал
Алдар Косе қандай адам?
— Байдың орнында болсаңдар не істер
едіңдер?
(Оқушылар өз ойларын
айтады.)
— Сонымен адамның қандай жақсы қасиеттерін
білеміз?
— Қандай жаман қасиеттерін
кездестірдіңдер?
Етікші туралы
аңыз.
Бір
ауылда жүрегі таза, адамгершілігі мол,
иманды етікші тұрушы
еді.
Елдің бәрі мерекеге дайындалып жатқанда етікші
сырқаттанып, төсек
тартып жатып қалады.
Сөйтіп, ол мерекені жалғыз, көңілсіз
қарсы
алатынына қапаланды.
Мерекені тойлайтын уақыт таянып қалғанда,
ол
түсінде Данышпан қартты көрді: ол ақырын
дауысымен: «Сен маған келе алмасаң, мен саған өзім
барамын» -
деді.Ұйқысынан оянған ол қуанып кетті.
Таңертең ерте оянып, үй — ішін
жинастырып, мерекелік тағамдарды әзірлеп, құрметті қонағын күтуге
дайындалды. Осы сәтте ол терезенің алдында жылап тұрған баланы
көрді. Ол баланы үйге кіргізіп оған былай
деді:
— Сен
неге жылап тұрсың?
— Бүгін менің жалғыз бәтеңкем жыртылып
қалды,одан басқа аяқ киімім жоқ. Жаңасын алуға жағдайымыз
келмейді. Сонда етікші баланы жұбатып былай деді: «Келе ғой мен
бәтеңкеңді тігіп берейін!». Аз ғана уақыттан соң жөнделген
бәтеңкесін көрген бала қуаныштан жүзі бал –бұл жайнап кетіп, аяғына
киіп алды. Оны шығарып салған етікші өз жұмысын жалғастыра берді.
Кеш болды. Жұпыны киінген бір әйел келіп былай
деді:
-Кешіріңізші мені, өтінемін!
Мен сізге аяқ киімімді жөндеуге берген едім, бірақ, төлейтін ақшам
болмай тұр. Келмейін десем, күн суытып
барады.
Етікші оған күлімсірей
жымиып:
-Сіздің етігіңіз дайын
тұр. Киіп ал да, өзің тоздыр!
Одан ештеңе сұрамастан етігін бере
салды.
Түн
болды. Өз ісін аяқтаған етікші өзіне уәде берген қонағын
күтуде. Ұйықтайтын уақыт та таянып
қалды. Осы кезде есік қағылды.
Есікті
ашқанда бейтаныс жолаушыны
көрді. Ол былай деді :
-Мені үйіңізге кіргізіңізші?
Мен күн ұзағына жол жүріп келемін. Қонатын жерім болмай тұр, түн
жарымында ешкім есік ашар емес …
Етікші оны үйіне кіргізіп,
тамақтандырды,өзінің төсегіне жатқызды
.
Ал өзі еденге жатты. Ұйықтар
алдында ол іштей өзіне:
-Мүмкін, мен ,бүгінгі күткен
қонағыма лайық емес шығармын, өйткені ол келмеді ғой»- деп ойлады
да ұйықтап кетті. Түсінде сол баяғы данышпан ата ақырын дауысымен
былай деді: Мен бүгін саған үш рет қонаққа келдім, әр келгенімде
сен мені құшақ жая қарсы алдың. Сенің ақ пейілің жаныңдағыларға
деген риясыз сүйіспеншілікке толы жүрегің – баға жетпес сый.
Сүйіспеншілік бастан немесе ауыздан шықпайды, ол жүректен шығады.
Өз жүрегіңнің отын жағып, өзгелерге жарығың мен жылуыңды сыйласаң
«Адам!» деген ұлы атқа лайықты жансың
ұлым.
Әңгімелеу бойынша
сұрақтар:
1. Әңгімені тыңдағанда қандай
сезімде болдыңдар ?
2. Әңгімедегі етікшінің
адамдарға жақсылық жасауға итермелеген қандай күш
?
3. Данышпан ата ол кісіге
«Адам» деген ұлы атқа лайықсың!- деп не үшін айтты
?
4. Айналадағы адамдарға риясыз
көмек көрсету дегенімізді өмірден нақты қандай мысалдар айтып бере
аласыңдар ?
5. Қандай істер өмірде ең
маңызды болып табылады ?
6. Сіздер осы әңгімеден қандай
ой түйдіңіздер?
|