400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары "Ағаш отырғызамын"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән аты: қазақ тілі

Сынып:

Күні: ........................



Сабақ тақырыбы:


Ағаш отырғызамыз.

Білімділік:

Көгалдандыру жұмыстарына қатысты сөздерді меңгерту.

Дамытушылық:

Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту.

Тәрбиелік:

Ағаштардың адам өміріндегі пайдасын түсіндіріп, оларды қорғай білуге тәрбиелеу.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерийлері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді, тақырып көлемінде қазақша қарапайым хабарлама жасай алады.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): мәтіндегі негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді та- бады, сөздердің лексикалық мағынасын түсінеді, шағын мәтіндерді тыңдау барысында түсінгенін сурет, сызба және айтылым арқылы көрсете алады.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): сөздерді мағынасына қарай орынды қолданып, сыныптастарымен сұқбат құра алады.

Жаңа сөздер:

Күрек, қазады, ұстайды.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, үлестірме карточкалар, суретті плакаттар, смайликтер, фишкалар.

Оқыту әдістері:

Түсіндіру, салыстыру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, диалог, «Ыстық алақан» тренингі, «Ойлан, тап!» стратегиясы, «Әдемі аула», «Мылқау сурет» дидактикалық ойындары, «Баспалдақ» тәсілі, сергіту жаттығуы..

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.




Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Ыстық алақан» тренингін өткізеді.

Оқушылар «Ыстық алақан» тренингінің негізінде сәлемдеседі, бір-біріне жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейді.

Өткен сабақты тексеру

Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

  • Сенің аулаң қандай?

  • Аулада нелер бар?

  • Аулаң қандай?

  • Сенің аулаң таза ма?

  • Ауланы кім сыпырады?


Үй тапсырмасын айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушылықты ояту

Мұғалім «Ойлан, тап!» стратегиясы бойынша алдын-ала тірек сөздерді тақтаға жазып қояды. Оқушылар тірек сөздермен байланысты негізгі сөзді тапқаннан кейін бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстырады.

Тірек сөздерді қолдану арқылы тақырыпқа қатысты негізгі сөзді табады.





Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім Интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.

Ә) «Дұрыс айт!» айдарында берілген сөздерді дұрыс айтуға машықтандырады, бірнеше рет қайталатады.

Айтылым. Сөздерді дұрыс айтуға жаттығады, қайталайды.

2. Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым. Оқулықтағы тыңдалым мен оқылымға арналған мәтінді тыңдатады, сөздердің мағынасын түсіндіреді.

Тыңдалым. Мәтінді мұқият тыңдайды, жаңа сөздерді қайталайды.

3. Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс А) Айтылым. Оқулықтағы 1, 2-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Сұраққа жауап береді,

«Әдемі аула» ойынының шартын орындайды.

Ә) Жазылым. Оқулықтағы 3 тапсырма ны орындатады.

Жазылым. Сөйлем құрайды.

4. Мәнерлеп оқу. «Жаттайық!» айдарымен берілген өлеңді мәнерлеп оқиды. Оқушыларға өлеңді жаттатады, мәнерлеп оқуға машықтандырады.

Тыңдалым. Айтылым. Тыңдайды, мәнерлеп оқуға машықтанады, жаттайды.

5. Сергіту сәті. Оқушыларға сергіту жаттығуларын жасатып, тақпақты бірге қайталатып, қазақ тіліне тән дыбыстардың дұрыс айтылуын қадағалайды.

Оңға түзу тұр, Солға түзу тұр.

Алға бір адым,

Артқа бір адым.

Оңға бұрылып, Солға бұрылып,

Жоғары, төмен қарайық, Орнымызды табайық!

Мұғаліммен бірге сергіту жаттығуын жасайды.

ІІІ. Ой толғаныс

Ой толғаныс кезеңінде «Мылқау сурет» ойынын ойнатады. Оқушыларға тақырыпқа қатысты суреттер көрсетеді.

Оқушылар суретте не бейнеленген- дігін айтады, сипаттайды.

IV. Бекіту

«Есте сақта!» айдарымен берілген сөйлемдерді оқиды, талдатады.

Сөйлемдерді оқиды, талдайды.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзін бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.

«Баспалдақ» тәсілі бойынша өзін бір-бірін бағалайды.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 3-тапсырманы орындау.


VII. Рефлексия

Күзгі дала макеті. Күн және бұлт бейнесіндегі фишкаларды мұғалім оқушыларға таратып береді. Сабақ ұнаса, күнді жапсырады.

Сабақ ұнамаса, бұлтты жапсырады.

Оқушылар сабақ ұнаса, күнді жапсы- рады.

Сабақ ұнамаса, бұлтты жапсырады.













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1703
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі