Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы:
Алгоритм командалары. Алгоритм құрылымы.
Сызықтық алгоритм.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін
арттыру.
Тәрбиелігі:Әр
оқушыны іскерлікке, нақтылыққа,ынтымақтылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы:Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін
біріктіріп,
пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту сабағы
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, интерактивті тақта, презентация.
Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру кезеңі
б) Үй тапсырмасы
г) жаңа сабақ
д) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды
Үй тапсырмасы:
-
Алгоритм
дегеніміз не?
-
Алгоритмнің қасиеттері қандай?
-
Алгоритмнің жазылу тәсілдері?
-
Алгоритмдік тіл дегеніміз не?
-
Жаңа сабақты түсіндіру
Алгоритм құрылымы
Алгоритмнің командалары есеп шартына байланысты
жай және құрама командалардан тұрады.
Кез келген алгоритмнің қарапайым бір қадамды
ақпаратты өңдеудің бір қарапайым операциясын орындайтын жай
командадан тұрады. Жай командаларға меншіктеу, мәлімет енгізу,
нәтиже алу командалары жатады.
Мысалы: (а,в) енгізу командасы есеп шығару үшін
сыртқы ақпарат көзінен, яғни пернетақтадан а және в айнымалыларына
берілетін екі мән енгізілу керектігін білдіреді. Дәл осылай (а,в)
шығару командасы, шамалардың мәндерінің компьютер экранына
шығарылатынын білдіреді.
Жай командада алгоритмнің блок схемасында
есептеу, енгізу және нәтиже алу блоктары түрінде кескінделеді.
Олардың бір енгізу және бір шығару сызығы болады.
Алгоритмдер блоктардың өзара байланысуына қарай
үш құрылымға – сызықтық
тармақтық және циклдік түрлерге
бөлінеді.
Алгоритм құрылымындағы сызықтық алгоритм жай
командаға жатады.
Сызықтық немесе тізбекті алгоритм.
Сызықтық алгоритм тізбектеле орналасқан
командалардан, ал блок-схемалар бір сызық бойына орналасқан
тізбекті блоктардан тұрады.
Әрекеттердің тізбектей орындалуы
– сызықтық
алгоритм деп
аталады.
Мысалы:
Досыңның туған күніне бару алгоритмі.
алг туған күнге бару алгоритмі
басы
сыйлық дайындау;
құттықтау хат дайындау;
әдемі киініу;
мерекеге бару;
соңы
Мысал:
Бірінші оқушы бір сағатта m себет, 2-оқушы n
себет, ал 3-ші оқушы k себет алма жинаса, олар t сағатта қанша
себет алма жинайды?
Есептің формуласын қарастырайық:
Егер 1 сағатта m,n,k себет алма жинаса, t
сағатта жинайтын алмасы: t*(m+n+k) блады. Олай болса
алгоритм:
а
басы
M,n,k,t
лг
алма жинау (бүт
m,n,k,t,s) program e1;
арг m,n,k,t var m,n,k,t: integer;
нәт s s:
integer;
басы begin
s : =
t*(m+n+k)
енгізу (m,n,k,t); readln(m,n,k,t);
s:= t*(m+n+k); s:=
t*(m+n+k);
ш
s
ығару
s writeln(s);
с оңы
end.
соңы
Паскаль тіліндегі бағдарлама үш бөліктен тұрады:
тақырып қатары, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі. Паскаль
программа әрқашан program
түйінді сөзінен басталып жазылады және
операторлар бөлімі begin –
end. түйінді сөздерінің аралығына,
«;» таңбасымен бөлектеніп жазылады.
Сонымен кез-келген программада мына бөліктер
болуы міндетті.
1. тақырып
|
program
атау;
|
2. сипаттау бөлімі
|
var айнымалылар:
тип;
|
3. операторлар
бөлімі
|
Begin
операторлар;
end.
|
Оператор дегеніміз алгоритмді жүзеге асыру
барысында орындалатын іс –әрекеттерді анықтайтын тілдің қарапайым
сөйлемі.
Біз бүгін енгізу және шығару операторларымен
танысамыз.
Шығару операторы.
Нәтижені немесе кез-келген ақпаратты
экранға шығару үшін write немесе
writeln қарапайым операторлары қолданылады.
Пішімі: write(a1, a2, a3, …, an); мұнада жақша ішінде жәй айнымалы немесе апострофпен
қоршалған мәтіндер болуы мүмкін. Writeln-нің ерекшелігі ол
ақпаратты жаңа жолдан басып шығарады. Нақты сандарды басып
шығарғанда оларға қанша орын берілетінін көрсетуге
болады.
Енгізу операторы.
Мәліметті немесе кез-келген ақпаратты
компьютерге енгізу үшін read немесе
readln қарапайым операторлары қолданылады.
Пішімі: read(a1, a2, a3, …, an); мұнада жақша ішінде жәй айнымалылар. Readln-нің ерекшелігі ол
ақпаратты жаңа жолдан бастап оқиды. Айнымалыларға мән енгізгенде
мәнді пернетақтадан теріп <enter> пернесін басамыз.
Айнымалылар біреу немесе бірнешеу болса да осылай істейміз, болмаса
жақшада қанша айнымалы (әріп) тұрса сонша мәнді арасын үтірмен
бөліп жазып бірақ енгізуге болады. Тек айнмалы мен енгізілетін
мәліметтің типтері бірдей болуы керек. Мысалы: x –айнымалы
болсын,
read(x);
Программада осы оператор кездескенде компьютер
«тоқтап», экранға «?» белгісін шығарып, мәлімет енгізуіімізді күтіп
тұрады. Біз тиісті мәнді (сан, сөз, т.б.) теріп <enter>-ді
басамыз.
Сызықтық алгоритм командалары осында көрсетілген
рет бойынша орындалатын тізбектеле орналасқан командалардан
(блоктардан) тұрады.
Амалдардың бұлай бірінен соң бірі реттеліп
орындалу тәртібін табиғи атқарылу дейді.
2 – мысал
Ү
басы
ш бүтін санды пернетақтадан енгізіп олардың қосындысын есептейтін
бағдарлама құру керек. Алгоритмін корсетемін, блок схемасы мен
бағдарламасын сіздер құруларыңыз керек.
a, b,
x
алг қосынды (нақ
a, b, x, z ) program e1;
арг a,
b, x var a,b,x,z: real;
нәт z
z : = а + х + в
басы begin
енгізу (a, b, x) readln (a,b,x);
z
z: = a +x + b z: = a
+x + b;
шығару (z ) writeln (z);
соңы
соңы end.
Сонымен қарастырылған алгоритм қарапайым
сызықтық алгоритмнің мысалы болып табылады.
Есептер шығару:
3. 2-ші мысалдағы берілген сандардың
көбейтіндісін есептейтін бағдарлама құру керек.
4. Қабырғалары а,в,с болып келген үшбұрыштың
периметрін табу.
Есептердің алгоритмі, блок схемасы және
бағдарламасын құру керек.
Сабақты бекіту сұрақтары
-
Алгоритм
командалары қандай түрлерге бөлінеді?
-
Жай
команда дегеніміз не?
-
Сызықтық
алгоритм дегеніміз не?
-
Оператор
дегеніміз не?
-
Алгоритм
мен бағдарламаның айырмашылығы?
Үйге тапсырма: Оқу. Y=(AX-B)(CX+D) өрнегінің алгоритмін құрып
келу
Қорытындылау.
Сонымен біз бүгінгі сабақта оператор,
бағдарлама, сызықтық алгоритм және сызықтық бағдарлама туралы
білдік.
Бағалау.