Материалдар / Сабақ жоспары "Ана тілі – жүрек үні."
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары "Ана тілі – жүрек үні."

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: оқушыларға ананың қоғамдағы, өмірдегі, ұрпақ тәрбиесіндегі орны туралы түсінік беру; Сабақтың міндеттері: : - оқушыларға әлемдегі барлық жақсылық пен игі істердің ең асыл сезім – ана махаббатынан тарайтындығын түсіндіру; - балалардың жүрегінде анаға деген сүйіспеншілік, қадір-құрмет сезімдерін дамыту; - адамзат баласының алдындағы үлкен парыз – ананы сүюге, ана еңбегін ақтай білуге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Сәуір 2018
925
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзін-өзі тану пәні 8 сынып сабақ жоспары

Мектеп: . «Шақаман жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Сабақтың тақырыбы: Ана тілі – жүрек үні. № 29 сабақ

Құндылық: «Сүйіспеншілік» Қасиеттер: жақсы көру және кішіпейілдік;

Мұғалімі: Кайрбеков М.К.

Сынып – 8


Сабақтың мақсаты: оқушыларға ананың қоғамдағы, өмірдегі, ұрпақ тәрбиесіндегі орны туралы түсінік беру;

Сабақтың міндеттері: : - оқушыларға әлемдегі барлық жақсылық пен игі істердің ең асыл сезім – ана махаббатынан тарайтындығын түсіндіру;

- балалардың жүрегінде анаға деген сүйіспеншілік, қадір-құрмет сезімдерін дамыту;

- адамзат баласының алдындағы үлкен парыз – ананы сүюге, ана еңбегін ақтай білуге тәрбиелеу.

Ресурстар: Мұқажанова Р.Ә. және басқалар Мұғалімге арналған нұсқаулық, Алматы, 2015

Алматы «Бөбек», 2015 ж


Мультимедиялық тақта, оқулық, дәптер, мақал-мәтел, дәйексөз, маркер,


Плакат, маркер, үлестірме қағаз.

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.

Тыныштық сәті. Теңізге саяхат

Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз… бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

2. Үй тапсырмасын тексеру: Оқушылардан «Жұмбақ, мақал-мәтелдерді» жатқа сұрау және талдау.

Сабақ барысын талқылау, топқа бөлінеді. (Тәртіп, талап, тазалық, тыныштық, татулық) сақтау керектігін еске түсіру.

3. Дәйексөз:

«Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды» деген нақыл сөзіне оқушылардың назарын аударту.

Жұмыс дәптерге жаздыру.

- Неліктен ана махаббаты бәрінен биік дейді?

- Ана алдындағы парыз дегенді қалай түсінесіңдер?





Н. Назарбаев

4. Оқиғаларды әңгiмелеу Мұғалім сыйы

«Бақытты отбасы» Аңыз әңгіме.

Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен, бір қауым ел болып, бірге тұрыпты.Ол отбасы ерекше екен, отбасының өзара келісімді, татулықты өмір сүруі елді таңғалдырыпты. Оларда ұрас-керіс, дау-жанжал деген атымен болмайды екен.

Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді. Патша естігенінің ақ-қарасын білгісі келіп, айылға келеді. Ауыл тап-таза, барлығы жа жеткілікті, тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толып, ерекше бір шаттыққа бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, уайым-қайғысыз, балаларды бақытты, мәз- мейрамекен. Бұған патша таң-тамаша болады. Отбасының қалайша бақытты, тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді.

Ауыл ақсақылына келіп, отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді.

Қарт үнсіз ғана жүз рет «сүйіспеншілік», жүз рет «кешірім», жүз рет «бірлік» деп қағазға мұқият жазып шығады.

Үш сөзді оқыған патша таң қалып:

- Осы-ақ па?

- Иә, - деді ақсақал. – Барлық жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден құрылады, - деді де, сәл ойланып, және «шыдамдылық» деген сөзді қосып қойды.


Сұрақ:

1. Отбасы қандай болған?

2. Неліктен патшаны ұйымшыл отбасы қызықтырады?

3. Қарт қандай сөздерді айтты?

4. Қарттың айтқан сөздер отбасының сүйспеншілігі үшін неге маңызды?

5. Әрбір отбасы мүшесі оған жауапты ма? Неліктен?

6. Ал сендердің отбасыларында бір-бірлеріңізді қалай құрметтейсіздер, мысал келтіріңіздер?



5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушылардың сабақ тақырыбы бойынша білім-біліктерін кеңейту үшін, төменде тапсырмалар беріледі 1. Постер қорғау

2.«Әлемді тербеткен мейірім» атты тақырыпта шағын эссе жазу

Баяу әуен қойылады Постер, маркер /үйден әкелген суреттер/

6. Топпен ән айту. «Ана туралы жыр »

әні: Ш.Қалдаяқов сөзі: Ғ. Қайырбеков

Әлемнің жарығын,

Сыйладың сен маған.

Даланың әр гүлін,

Жинадың сен маған.

Сен бердің құстардың,

Қанатын самғаған.

Балалық құштарым,

Өзіңе арнаған.

Қайырмасы:

Әлдилеп, аялап,

Өсірген жемісін.

Самал жел, сая бақ,

Құшағың мен үшін.

Есейіп кетсем де,

Мен саған сәбимін.

Көңіліңді көктемдей,

Көзіңнен танимын.

АКТ-ны пайдалану

7. Үй тапсырмасы. № 1 «Әлди» атты мәтінді оқып келу.

Келесі сабақ. № 2 «Менің ана тілімде» атты өлеңді оқып келу.

Ә. Кекілбаев


Ә.Нарымбетов

8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. «Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік» бүкіл әлемде.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!