Сабақ жоспары "Аққала " мектепалды даярлық

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары "Аққала " мектепалды даярлық

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға қыс мезгілінің ерекшеліктерін атап, аққаланың қай жыл мезгілінде болатынын түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Тәрбиеші: Танбаева Лаура Ароновна

Тобы: Мектепалды даярлық

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы: «Аққала»

Бағдарламалық мазмұны: Ақ түсті ермексаздың кесегін екі алақанымен домалақтау дағдысын осы іс-әрекетінде пысықтау, дамыту;екі бөліктен тұратын аққала сомдауды, аққаланың бейнесі айқындалу үшін қосымша заттарды пайдалануды үйрету;ойын арқылы мүсіндеу дағдыларын ұштау;баланың тілін дамыту;саусақтың ұсақ бұлшықеттері қимылын жетілдіру;ұқыптылық пен тазалыққа тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Аққала туралы тақпақ айтқызу

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ- жауап, түсіндіру, көрсету,әңгімелеу.

Қажетті көрнекі құралдар:. Демонстрациялық көрнекіліктер, ақ түсті ермексаз,ермексаз кесуге арналған құрал,тұғырық, үлестірмелі материалдар

Билингвалдық компонент: аққала-снеговик, қар-снег, сәбіз-морковь, түйме-пуговица

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Себепті қызығушылығын ояту кезеңі






-Сәлеметсіңдер ме, балалар.

Шаттық шеңбер:
Достармен бірге жүгіреміз,
бірге ойнап – күлеміз.
Қиындықта қиналмай,
барлығымыз бірге жеңеміз

Ғажайып сәт:

Осы кезде аққала кіріп келіп,
балалармен амандасады.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар, сіздер бір - бірлерімен дос екенсіңдер. Ал менде ешқандай өзім сияқты дос жоқ.
- Сен ренжіме аққала, біздің балалар саған дос болады. Солай емес пе балалар?
-Балалар, олай болса аққалаға ермексаздан өзіне ұқсас дос мүсіндеп берейік.

-Сәлеметсіз бе!


Балалар шаттық шеңберін шеңбер құрып қимылмен орындайды.




Балалар аққалаға назар аударады.

-Сәлеметсіз бе, аққала.






- Иә, дос боламыз.


-Мүсіндеп көрейік.

Ұйымдас-тырушылық ізденіс кезеңі


























-Алдымен балалар, мына суретке назар аударамыз.

-Аққаланың түсі ақ, өйткені ол қардан жасалған.

-Қараңдаршы, балалар, біздің аққаланың басы домалақ.

Мынау- кеудесі, іші.

Ал бұл- сұлбасы, ол жері үлкендеу.

-Ермексаздан аққаланың домалақ денесін жасау үшін балалар, алақанымызбен ермексазды домалақтап шар жасаймыз.

Билингвальды компонент: аққала-снеговик-snowman, қар-снег-snow,

сәбіз-морковь-carrot,

Сергіту сәті:

Аппақ қарды уыстап,

алақанға салайық.

Оңға бір рет,

солға бір рет,

мойын бұрып алайық.

Домалақтап аппақ қармен,

біз аққала жасайық!

-Балалар, алдымыздағы үлгі суретке қарап, жұмысымызды бастаймыз.

-Балалар, аққаланың түсі қандай?

-Дұрыс айтасыңдар, қолымызға ақ ермексаздан бір кішкене кесегін аламыз –бұл біздің сомдайтын аққаланың басы болады. Енді кесекті алақанымызбен домалақтап, шар жасаймыз.

-Міне балалар, аққаланың басы дайын. (көрсету)

-Ал енді денесін дәл осылай, сәл үлкендеу етіп мүсіндеп, басы мен денесін бір-біріне жабыстырамыз.

-Қолдарын сомдау үшін, ақ түсті ермексаздың кішкене бөлшектері керек. Осы бөлшектерді де алақанымызбен домалақтап, екі жағына жабыстырып орналастырамыз. Ал мына түймелерден- көз, сәбіздерден мұрнын жасаймыз.

Аққала: -Ой, рахмет балалар, өте әдемі болып шықты.
- Балалар қане аққалаға тақпақ айтып берейік.


- Жарайсыңдар балалар!

Аққала:-Ал балалар , сендермен уақыт жылдам өтіп қалыпты. Далаға шығатын уақыт болып қалыпты, қайтуым керек.

-Балалар, бізден естелікке Аққалаға жасаған кішкентай аққаларымызды сыйға тартайық.

Аққала:-Балалар, сендерге көп рахмет! Келесі жылы кездескенше сау болыңдар!

Балалар суретке назар аударады.

-Аққала қардан жасалған.


Зейін қойып тыңдайды.



Екі қолдарымен ауада аққаланың бейнесін келтіреді.





Қайталайды: аққала-снеговик-snowman, қар-снег-snow,

сәбіз-морковь-carrot,



Балалар орындарынан тұрып, жерге еңкейіп қар алып, алақанға салып, қолдарыңдағы қарды домалақтай беріп, бойларын тік ұстап, мойындарын барынша соза қарайды.




-Аққаланың түсі ақ.


Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдап, жұмысын бақылайды.



Балалар қолдарына ақ ермексаздың бір кішкене кесегін алып, аққаланың басын, денесін, қолдарын домалақ шар тәрізді мүсіндейді.










- Бір топ бала далада
Қардан соқты аққала
Мұрын сәбіз үп - үшкір
Көзі көмір қап - қара




-Иә, кішкентай аққаларымызды естелікке сақтап, біздерді есіңе алып , «Бәйтерек» тобына тағы да келіп тұр.

-Сау бол, аққала.

Іс-әрекеттің бағалау кезеңі






-Балалар біздерге бүгін қандай қонақ келді?

-Оның көңіл-күйі неге болған жоқ?

-Ал біз оған көмектесе алдық па?

Жарайсыңдар балалар. Рахмет сендерге.

-Аққала келді.


-Себебі, аққаланың өзіне ұқсас досы болған жоқ.

-Иә, біз оған өзіндей аққаланы ермексаздан мүсіндеп бердік.

Күтілетін нәтиже :

Нені біледі:. Аққаланың қардан жасалатынын білді.

Қандай түсініктерді игереді :Домалақ пішінді сомдауды, ақ түс -қардың түсі , яғни қардай аппақ дегенді білдіретінің түсінді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:. Мүсіндеуде ермеказды дұрыс қолдану дағдыларын меңгерді.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.02.2019
944
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі