Сабақ жоспары. Ащысай мектеп-балабақша бөбекжай кешені МКК «ОРТАҢҒЫ ТОП»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары. Ащысай мектеп-балабақша бөбекжай кешені МКК «ОРТАҢҒЫ ТОП»

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары; Жаратылыстану ұйымдастырылған оқу қызметі. Тақырыбы;:«Қоян» Ортаңғы топ тәрбиеленушілеріне арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы
Ортаңғы топ
Жаратылыстану: Қоян
Оқу қызметінің мақсаты
Балаларға қоян туралы түсінік бере отырып, қоянның сыртқы түрі, тіршілік етуі
туралы білімдерін кеңейту; қоянның дене мүшелерін атау дағдыларын
жетілдіру; қоянға күтім жасауға қызығушылықтарын қалыптастыру; қоянның
негізгі дене мүшелерін бақылау және зерттеу қабілетіне жаттықтыру; жабайы
табиғат туралы ұғым беру. Балалардың сөздік қорын  қоянның ерекшеліктері
арқылы молайту және тілін жетілдіру; қоянның дене мүшелерін атауда көзбен
қабылдау, фонематикалық есту қабілетін, зейінін дамыту. Қоянға тəжірибе
жұмыстарын жасауға, басқа аңдармен салыстыруға қызығушылықтарын
дамыту. Балалардың қоянның тіршілігіне қызығушылықтарын ояту; оқу
қызметінде құрдастарының жауаптарын тыңдай білуге және жабайы табиғат
өкілдеріне қамқорлық көрсете білуге тəрбиелеу.

Сөздік жұмыс
"Жабайы табиғат әлемі", "қоян", "тіршілік етуі", "жыртқыштар", "тон", "апан",
"ін", "Жарайсың!", "Тамаша" сөздерін пайдалану.

Әдіс-тәсілдер
"Жабайы табиғат әлемі", "қоян", "тіршілік етуі", "жыртқыштар", "тон", "апан",
"ін", "Жарайсың!", "Тамаша" сөздерін пайдалану; ғажайып сәт, түсіндіру,
баяндау, көркем сөз, миға шабуыл, кері байланыс, сергіту сәті, интербелсенді
тақтадан қояндардың ормандағы тіршілігінен бейнебаян көрсету, пысықтау,
"Қоянның азығын тап" дидактикалық ойыны.

Құрал-жабдықтар
1. КӨРНЕКІЛІК МАТЕРИАЛДАР
Интербелсенді тақта, қоян, табиғи сәбіз, қоянның суреті, сары жапырақтары
жерде төгілген күзгі орман суреті; қоянның ормандағы тіршілігінен слайдтар

1

немесе мазмұнды суреттер; қоян бейнеленген таңбалауыштар.
2. ҮЛЕСТІРМЕЛІ МАТЕРИАЛДАР
Қоян бейнеленген таңбалауыштар.

Оқу қызметінің барысы
1. КІРІСПЕ БӨЛІМ
1.1. Оқу қызметінің басында табиғат бұрышы жақтан дыбыс естіледі.

Әуенді тыңдау және бейнелерді көру үшін QR-кодты сканерлеңіз

– Балалар, естіп отырсыңдар ма? Бұл ненің дыбысы екен? Дыбыс қай жерден
шығады?
Балалар айналасына қарап, табиғат бұрышында тордағы қоянды көреді.
– Балалар, қандай керемет?! Бізге қоян келіп қалыпты. Ол бізге жабайы табиғат
әлемінен келіпті.

– Балалар, қоянмен амандасайық! Сәлеметсіз бе!
– Тақтаға қарап, қояннның ормандағы тіршілігін тамашалайықшы?!

Әуенді тыңдау және бейнелерді көру үшін QR-кодты сканерлеңіз

Педагог балалармен бірге бейнебаяндағы қояннның ормандағы тіршілігін
тамашалай отырып, қояннның қандай әрекет үстінде жүргенін бірге бақылайды.
– Балалар, қоянның түсі қандай? Қоңыр. Дұрыс.
– Жылдың қай мезгілі бейнеленген? Иә. Күз.
– Балалар, күзде қоянның түсі неге қоңыр? Жер қоңыр. Өте дұрыс.

2

Әуенді тыңдау және бейнелерді көру үшін QR-кодты сканерлеңіз

– Балалар, қоянның түсі қай мезгілде өзгереді? Қыста. Дұрыс айтасыңдар,
балалар.
– Балалар, қоянның түсі қандай түске өзгереді? Ақ. Жарайсыңдар.
1.2. 
– Балалар, мен сұрақ қоямын, сендер жауап беруге дайынсыңдар ма?
Иә. Сендер сұрақты тыңдап, "иә" немесе "жоқ "деп жауап бересіңдер. Келістік
пе? Иә.
– Қоян жануар ма?
– Иә.
– Үй жануары ма?
– Жоқ.
– Жабайы аң ба?
– Иә.
– Батыр аң ба?
– Жоқ.
– Қоян қорқақ па?
– Иә.
– Шикі ет жей ме?
– Жоқ.
– Күзде тоңа ма?
– Жоқ.
– Тонын ауыстыра ма?
– Иә.
– Қоян адамнан қорқа ма?
– Иә.
– Қоянның ежелгі жауы бар ма?
– Иә.
– Қоянның іні бар ма?
– Иә.
– Қоян тез жүгіре ме?
– Иә.
– Жарайсыңдар, балалар!
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Қоянды бақылау.

3

Педагог тордағы қоянды ортаға алып, балалармен бірге бақылай отырып,
зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
  – Қоян шөл-шөлейтте, орманды далада мекендейді. Өсімдіктермен
қоректенеді. Қоянның құлағы ұзын, құйрығы үлпілдеген қысқа. Артқы аяқтары
алдыңғы аяқтарына қарағанда ұзын. Сондықтан да биіктеу жерлерге тез
көтеріледі, ал биіктен түсерде қоян қиналады, кейде домалап та кетеді. Кей
ертегілерде қоянды «қыли» деп атайды. Неліктен? Қоянның көзі басының
ортасында емес, екі жағында орналасқан. Ол артынан, не жанынан кездесіп
қалған аңды тез байқап қалады. Тісі өткір.
   Қояндар өзіне үйшік дайындамайды, қысқа азық жинамайды. Бұта түбінде,
орман жиегінде тіршілік етеді. Түнге қарай азық іздеуге шығады. Көктем, жаз
айларында жасыл шөп, өсімдік тамырларымен қоректенеді. Ал қыста қалың қар
астында тығылады. Жаздағы сұр қоян күзде өз терісін ақ түске өзгертеді. Кейде
ақ қоянды аңшылар да байқамай қалады. Қыс мезгілінде орманда азық өте аз
болғандықтан қояндар кейде бақша дақылдары егілген жерлердегі
қырыққабат, сәбіз қалдықтарын жейді. Қыргүйек айында адамдар егісте күздік
егістерді (бидай, қара бидай) себеді. Күз мезгілінің аяғында күздік егіс көктеп,
қар астында басылып қалады. Кейде қояндар осындай егіске тап болса, қар
астынан шұңқыр қазып күздік егіспен қоректенеді. Қыс мезгілінде қояндар жас
теректердің қабығын кеміріп жейді. Орманды мекендейтін кейбір жыртқыш
аңдар мен құстар: қасқыр, түлкі, сусар, бүркіт, қаршыға, жапалақтар қоянды
аңдиды. Бұл сәттерде қоян өзінің жүйріктігіне байланысты кейде құтылып
кетеді.
– Балалар, мынау не? Қоян. Қайталаймыз. Жарайсыңдар.
– Олар қалай қимылдайды? Секіреді. Қайтала. Жарайсыңдар.
– Балалар, қандай аң түрін көріп тұрсыңдар? Қоянды.
– Қоян орманда тұрады. Қоян қайда тұрады? Орманда. Жарайсыңдар.
– Қоянның басы, денесі, аяқ-қолдары, үлкен құйрығы бар.
– Көздері кішкентай, домалақ. Көздері қандай? Домалақ. Тамаша.
– Қоянның жүні қоңыр, жұмсақ.
– Қолдарында тырнақ. Сәбізді мықты ұстап алады.
– Қоян сәбізді кеміреді. Кеміреді. Қайтала. Тамаша.
– Қоян орманда бұта түбінде тіршілік етеді.
– Қоян қайда тіршілік етеді? Орманда бұта түбінде.
– Жарайсыңдар, балалар!
2.2. Сергіту сәті. "Қояндар".
– Балалар, орнымыздан тұрып, қояндар сияқты секіріп, сергіп алайықшы?!
– Ерінбе, қояным (қолдарымен қоянның құлағын жасайды),
4

– Ертеңмен оянғын (қолдарын жоғары көтеріп, керіледі).
– Секеңде сен енді (орындарында тұрып, секіреді),
– Шынықтыр денеңді (қолдарын жоғары көтеріп, керіледі).
– Жарайсыңдар, балалар!
2.3. "Қоянға азық жинайық" дамытушы жаттығуы.
– Балалар, мына дорбаны қарайықшы. Қоянға қысқа азық жинап берейік.
– Архат, дорбада не бар екен, шығарып көрсетші. Бұл не? Иә. Сәбіз. Сәбіз қоянға
керек пе? Керек (табақшаға салу). Жарайсың.
– Мәлика, тағы да дорбада не бар екен? Шығарып көрсетші. Бұл не? Қызылша.
Жарайсың. Қоянға керек пе? Керек. Жақсы.
– Дария, сен нені шығардың? Алма. Иә. Алма да керек. Жарайсың.
– Бекжан, сен нені шығардың? Доп. Доп қоянға керек пе? Керегі жоқ. Жарайсың.
– Доп – қорек емес. Алып тастаймыз. Доп балаларға керек. Жарайсыңдар,
балалар.
Доп баланың алақанының көлеміне сай, ұстауға ыңғайлы, шағын болу тиіс.
2.4. "Қоянның азығын тап" дидактикалық ойыны.
– Балалар, қазір біз "Қоянның азығын тап" дидактикалық ойынын ойнаймыз. Екі
топқа бөлінесіңдер. Еденде жануарлар жейтін көптеген азық түрлері жатады.
Екі топтан бір баладан шығып, менің белгі беруім бойынша еденнен қоянның
азығын жинай бастайсыңдар. Кім қоянның азығын дұрыс және тез жинайды,
сол бала жеңімпаз болады. Жеңген топтың балаларына қоянның бейнесі бар
таңбалауыштар үлестіріледі.
2.5. "Қоянға сәбіз сыйлайық" шығармашылық рефлексия.
Әр балаға бетінде қоянның суреттері бар қағаз және қоңыр қарындаштар
беріледі.
– Балалар, мына қояндардың қолына сәбізді салып, көмек жасайық.
Сурет салу үлгісін паннода көрсетіп жіберуге болады, алдымен дөңгелек салу.
– Сәбіздің суретін қалай салушы едік, балалар? Иә. Салған дөңгелектің бір
жағын жіңішкертіп аламыз.
– Кәне, маған қолдарыңдағы қағазды көрсетіңдерші? Жарайсыңдар, балалар!
3. ҚОРЫТЫНДЫ
Педагог оқу қызметінің аяғына қарай:
– Балалар, мына қоянды топта қалдырсақ, бағып-күте аламыз ба? Иә.
– Жақсы, балалар, онда қоянды топтағы табиғат бұрышында қалдырайық.
– Балалар, менің сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Шеше аласыңдар ма? Иә.

5

 Дыбыстан қашып,
 Қаққан безек.
 Қорқақ, жасық,
– Бұл не ...?

– Әрине, бұл қоянның көжегі. Тақтаға қараңдаршы? Олар да қоян секілді
сыбдыр ести қалса, қаша жөнеледі. Көктемде қоянның көжектері пайда болады.
Олар бірден жүріп кетеді. Қоянның көжегі көзі ашық, ширақ болып туады,
кішкентай, терісі мамық секілді. Қоян көжектерін сүтімен асырайды. Бірнеше
күн өткен соң көжектер жасыл шөпті жеп үйренеді.
– Қоянның түсі қандай болады? Ақ және қоңыр. Дұрыс.
– Қоян немен қоректенеді? Өсімдіктермен. Тамаша.
– Қандай аңдар мен құстар қоянға шабуыл жасауы мүмкін? Қасқыр, түлкі, сусар,
бүркіт, қаршыға, жапалақ. Керемет.
– Қоян қысқа азық жинай ма? Жинамайды.
– Қандай жерлерде тіршілік етеді? Шөл-шөлейтте, орманды далада мекендейді.
Жақсы.
– Қоян өзіне үйшік жасай ма? Жасамайды. Жарайсың!
– Балалар, сендер бүгін оқу қызметіне өте белсенді қатыстыңдар, көп рақмет,
сендерге!
– Енді, маған айтыңдаршы, біз бүгін немен таныстық? Қоянмен. Жарайсыңдар,
балалар!
– Оқу қызметі аяқталды, сау болыңдар!

6

7

8
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
26.10.2021
361
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі