Сабақ жоспары: Аспан әлемінің құпиялары (5 сынып)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары: Аспан әлемінің құпиялары (5 сынып)

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге сабақ өткізу кезінде
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Аспан әлемінің құпиялары


Мектеп:

Александров МБК



Күні:

07- маусым 2019


Мұғалімнің аты-жөні:

Жасқайрат Т.Р.


Сынып:

5

Қатысқандар саны:

12

Қатыспағандар саны:

-

Сабақтың тақырыбы

Шоқжұлдыздар


Сабақта іске асатын оқу мақсаты (оқу бағдараламасынан сілтеме)

5.2.6.1. Тірек сөздерді дұрыс қолданып, иллюстрацияларды сипаттау.

5.3.6.1. Тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіру.


Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану

Бағалау критерийі

Тақырып бойынша үйренген сөздерін қолданады, мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіреді.

Тірек сөздерді дұрыс қолданады, иллюстрацияларды сипаттайды.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады: Тақырып бойынша үйренген сөздердің мағынасын ажыратады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Иллюстрацияларды сипаттауда тірек сөздерді орынды, дұрыс қолданады.

Кейбір оқушылар орындай алады: Мәтінде көтерілген мәселеге қатысты өз көзқарасын білдіре алады.


Тілдік мақсат:

Оқушылар орындай алады: Тірек сөздерді, иллюстрацияларды қолдану арқылы өз ойын еркін айта алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Аспан денелері, шоқжұлдыздар тізбегі, ғарыш әлемі, ғалымдар жорамалдаған.

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Аспан әлемі сені қызықтырады ма? Не себепті?

Құндылықтар:

Халық жорамалының табиғатпен байланысын ұғыну.

Пәнаралық байланыс:

Жаратылыстану

АКТ ны қолдану


Таныстырылым слайды, иллюстрациялар

Алдыңғы оқу

Кейбір шоқжұлдыздардың атауын біледі.



Сабақ барысы

Жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер


Дереккөздер

Сабақтың басы




Топтастыру. Суреттер арқылы топтасады. /Жұлдыздар жорамалы шоқжұлдыздарының суреті шығады/


Қызығушылықты ояту. «Миға шабуыл» әдісі.

-Шоқжұлдыздар туралы не білесіздер?

-Аспан әлемі сені қызықтырады ма? Неліктен?

/Интербелсенді тақтада аспан әлемі тақырыбына суреттер топтамасы көрсетіледі.Оқушылар олардың көмегімен сабақтың тақырыбын анықтайды

Мәтіналды жұмыс:/ Тақтада көрсетілген сөздерді бір-бірімен сәйкестендіре отырып, олардың орыс тіліндегі баламасын табады/


Жетіқарақшы, созвездие

аспан тілі,

айыра білген,

Шоқжұлдыз,

бұзылады,

жорамал,

орталықтарда.




Сабақтың ортасы

















































































Қорытынды.









































Жұптық жұмыс. « Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі.

1-Тапсырма. Тақтада көрсетілген сөздерді мәтінде тіркескен сөзімен айтыңыз.

Шоқжұлдыз, Жетіқарақшы, аспан тілі, айыра білген, бұзылады, жорамал, орталықтарда.

Мысалы: Шоқжұлдыздарға бөлген, аспан тілі атаған,

тәулікті айыра білген, ауа райы бұзылады, жорамал жасаған, орталықтарда зерттейді.

Ерте заманнан адамдар жұлдызды аспанды шоқжұлдыздарға бөлген. Қазіргі кезде 88 жұлдыз бар.

Қазақ есепшілері «Жетіқарақшы» жұлдызын батпас жұлдыздар қатарына жатқызады.

Ата-бабаларымыз Жетіқарақшы жұлдызын «аспан тілі» деп атаған. Қазақ малшылары жетіқарақшы жұлдызының аууынан түнгі тәулікті айыра білген. Соның нәтижесінде бір түнді үшке бөліп қарастырған. «Кеш», «түн ортасы», «таң алды» деп бөлген. Қазақ халқы Жетіқарақшы жұлдызы бұлт арасынан көрінсе, ертесінде ауа райы бұзылады, жауын-шашын, боран болады,ал анық көрініп туса, күн ашық болады деп жорамал жасаған.

Ғалымдар жұлдыздарды дүниежүзіндегі үлкен расытханалар мен астрономиялық орталықтарда зерттейді. Қазақстанда жұлдыздарды Астрофизика институты зерттейді.


Дескриптор:

- мәтінді оқиды;

- Тақтада берілген сөздерді мәтінде тіркескен сөзімен айтады.

Қалыптастырушы бағалау. Көңіл-күй смайликтері арқылы бағаланады.

2-тапсырма. «Пікір» әдісі. Мәтінді оқып, мәтін бойынша берілген сұрақтар негізінде өз пікіріңді білдір.

1. Аспан әлемінде қанша шоқжұлдыз бар?

2.Халық ішінде Жетіқарақшы жұлдызы туралы қандай жорамалдар болған?

3.Жұлдыздарды қайда зерттейді?

Дескриптор

-сұрақтарды оқиды;

-сұрақтарға жауап бере отырып, өз пікірін білдіреді.


Қалыптастырушы бағалау. «Бас бармақ» әдісі.


3-тапсырма. «Дара диаграмма» әдісі. Топтық жұмыс. Саралау әдісі: Қорытынды тәсілі

Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болады.

Иллюстрацияны қолдана отырып, шоқжұлдыздарды атауы бойынша орналастырыңыз. Бір шоқжұлдызға сипаттама беріңіз.


Мерген



Шоқжұлдыздар



Таразы







Арыстан

Дескриптор:

-Шоқжұлдыздарды атауы бойынша ретімен орналастырады.

-Шоқжұлдыздың бір түріне сипаттама береді.

Қалыптастырушы бағалау. « Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі. Топ бірін- бірі бағалайды.

Топтық жұмыс. 4-тапсырма. «Орнын тап» әдісі.

Берілген жоспарды мәтін мазмұны бойынша орналастыр.

Жоспар.

1.Жетіқарақшы- батпас жұлдыздардың бірі.

2.Ғалымдардың жұлдыздарды расытханаларда зерттеуі.

3.Қазақ есепшілерінің Жетіқарақшы жұлдызы туралы жорамалы.

4. Жетіқарақшы жұлдызын «аспан тілі» деп атаған.

5.Ерте замандағы адамдардың жұлдызды аспанды шоқжұлдыздарға бөлуі.





Дескриптор:

-мәтінді оқиды;

-Жоспарды мәтін мазмұны бойынша орналастырады.

Қалыптастырушы бағалау.

«От шашу» әдісімен әр топ бір-бірінің жұмысын бағалайды.

Кері байланыс. Ойтаразы.

«Бес саусақ» тәсілі арқылы сұрақтарға жауап жазады.

Бас бармақ-басты мәселе. Бүгін сабақта қай мәселе өте құнды болды?

Балаң үйрек-бірлесу. Мен топта/жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмектестім?

Ортан терек-ойлану. Мен бүгін қандай білік-дағдыға ие болдым?

Шылдыр шүмек-шынайылық. Маған сабақ ұнады ма? Не себепті?

Кішкентай бөбек-көңіл-күй. Сабақта өзімді қалай сезіндім?































































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.06.2019
3481
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі