400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

сабақ жоспары: Атомда электрондардың қозғалысы мен таралуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Атомда электрондардың қозғалысы мен таралуы тақырыбына арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы


Оқу сабағының жоспары



__№2. Атомда электрондардың қозғалысы мен таралуы___

(сабақтың тақырыбы)

     


Модуль /пән атауы ___Химия____________________________     

Педагог __Жүсіп Жанар Әбдіғалымқызы___________________ дайындады

20_ жылғы "___" ____________

1. Жалпы мәліметтер

Курс, топ: _1 курс, _________________

Сабақтың түр: Жаңа білімді меңгеру сабағы

2. Мақсаты, міндеттері: Атомда электрондардың қозғалысы мен таралуын білу.

3. Күтілетін нәтижелер:

  • Квант сандарының сипаттамасы мен мәндерін тізімдейді;

  • s, p, d, f орбитальдарының пішінін ажыратады;

  • Электрон орбитальдарын толтыру үшін минимальді энергия принципі, Паули принципін, Хунд ережесін, Клечковскидің ережесін қолданады.

4. Қажетті ресурстар:

1. М.Қ.Оспанова, Қ.С.Аухадиева, Т.Г.Белоусова; Химия, 10-сынып (ЖМБ),

§4, §5

  1. А.Е.Темірболатова, Н.Н.Нұрахметов, Р. Н. Жұмаділова,С. К. Алимжанова; Химия: 10-сыныпқа арналған оқулық. Алматы: Мектеп, 2015ж.;

  2. https://www.okulyk.kz/wp-content/books/705/705.pdf

5. Сабақтың барысы

5.1. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, топ басшысының мәлімдемесі бойынша білім алушыларды түгендеу, сабаққа назар қою.

5.2. Білім алушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру:

“Сұрақ-жауап” әдісі бойынша өтілген тақырыптарға шолу

  1. Химиялық элемент дегеніміз не?

  2. Атом дегеніміз не?

  3. Атомның құрылысы қандай?

  4. Нуклон дегеніміз не?

  5. Оттек, көміртек, натрий атомдарының құрылысы қандай? 

5.3. Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі:

«Атомда электрондардың қозғалысы мен таралуы»

Атомдағы электрон саны ядро зарядына және элементтің реттік нөміріне тең болады. Атомдағы электрондар қозғалысы орбитальдар арқылы көрсетіледі. Атомдағы әрбір электрон өзінің орбиталі бойынша қозғалады. Орбиталь – электрондар өзінің қозғалысы кезіндегі көбірек болатын ядро маңындағы кеңістік.

Атомдардағы әрбір электронның күйін және оның орбитальдарын квантты сандар сипаттайды, олардың саны беске тең. Алғашқы үшеуі электрондар орналасқан орбитальдың қасиеттерін сипаттайды, ал екеуі электрондардың жеке қасиеттерін сипаттайды.

Атомдағы электрондардың орбитальдар бойынша бөлініп орналасуын атомның электрондық конфигурациясы деп атайды. Олар үш қағидаға негізделген.

  1. Паули принципі. әр орбитальда екіден артық электрон орналаспайды. Орбитальдардың электрондық конфигурациялары графиктік квадрат түрде, ал орбитальдаодағы электрондарды стрелкамен (бағдаршамен) белгілейді.

  2. Төменгі энергия принципі (Клечковский ережесі) орбитальдарды электрондармен толтыру тәртібін көрсетеді. Көптеген атомдар мен иондардың орбитальдары энергияларының ұлғаю қатары төмендегідей:

1s<2s<2p<3s<3p<4s<3d<4p<5s<4d<5p<6s<4f<5d<6p<7s<5f<6d<7p

Ең сыртқы қабатта орналасқан энергиясы жоғары электрондарды валенттік электрондар деп атайды. Химиялық элементтердің қасиеттерін осы валенттік электрондар анықтайды.

  1. Хунд ережесі. Негізгі күйіндегі атом өзінің деңгейшесінде жалқы электрондардың көбірек санын орналастыруға ұмтылады. Мысалы, егер 2р деңгейшеде 3 электрон болса, олар әр орбитальға бір-бірден орналасуы керек.


  1. тапсырма: “Түртіп алу” әдісі.

Оқулықтан тақырыпты оқып, керек мәліметтерді жазып алу.


2-тапсырма: “Көршіңмен талқыла” әдісі. Жұптық жұмыс.

  1. 1s 22s 22p6 3s2 3p3 элементінің оттекпен әрекеттесу теңдеуін жазыңыз.

  2. 1s 2 2s 2 2p63s1 элементінің оттекпен әрекеттесу теңдеуін жазыңыз.

  3. 1s22s22p2 элемент (ІV) оксидінің сумен әрекеттесу  теңдеуін жазыңыз.

  4. 1s2 2s2 2p6 3s2 3p4 элемент (ІV) оксидінің сумен әрекеттесу теңдеуін жазыңыз.


3-тапсырма: Жеке жұмыс.

  1. 23 V элементі атомының  электрондық формуласын құрастырыңыз.

  2. 32 Ge элементі атомының электрондық формуласын құрастырыңыз.


5.4. Жаңа материалды бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру:

4-тапсырма

Периодтық кестеден бес элементті таңдап, атом құрамын және электрондық құрылысын жазыңдар.

5.5. Cабақтың қорытындысы

  1. Атом дегеніміз не?

  2. Орбиталь дегеніміз не?

  3. Нуклон дегеніміз не?

  4. Атомның құрылысы қандай? 

6. Сабақ бойынша рефлексия

Мен бүгінгі сабақта ----------------------түсіндім

Мен бүгінгі сабақта ----------------------үйрендім

Мен бүгінгі сабақ бойынша басқаларға ----------------------көмектесе аламын

7. Бағалау

Оқу мақсатын талдай отырып, білім алушыларды бағалау

  1. Үй тапсырмасы:

1. “Атомда электрондардың қозғалысы мен таралуы” тақырыбын оқу;

2. Тапсырмалар мен өзіндік жұмыстарды орындау;

3. Интернет ресурстардан тақырыпқа байланысты материалдарды оқу.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
13 желтоқсан
421
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі