1 тапсырма.
(Т.)Топтық жұмыс.
«STOP-кадр»әдісі, «Бес жолды өлең» әдісі. Салыстыру
стратегиясы.
Алдымен интербелсенді тақтадан
атом-молекула жайлы бейнефильмнің бір сәтін корсетіп,
«STOP-кадр»әдісі арқылы оқушыларды диалогқа
тартады.
Диалогқа тартатын
сұрақтар:
-
Стақандағы қандай
зат?
-
Ол заттың сіздер білетін
қандай қасиеттері бар?
-
Ал сол қасиеттерді
сақтайтын не деп ойлайсыздар?
Ондай болса, бүгінгі сабақтың
тақырыбы заттардың қасиеттерін сақтайтын бөлшектер және сол
бөлшектерді құраушылар жайлы болмақ. Олар атомдар және
молекулалар.
Сонымен, біздің бүгінгі
мақсатымыз қандай болмақ?
Тақырыпты ашып және оның
мақсатын қойғаннан кейін, әр топқа атом, молекула туралы ресурс
таратырылып беріледі. Мәтінмен танысып және бейнефильмнен
көргендерін айта отырып, оқушылар жұптық, топтық талқылау жасайды.
Жұмыс нәтижесі ретінде әр топ өздеріне берілген әдістерді
пайдаланып, постерге түсіреді. Таныстырылым
жасайды.
1-топ «Бес жолды
өлең» әдісін пайдаланып атомды
сипаттайды.
Дескриптор:
Атом ұғымына сипаттама
береді.
2- топ «Бес жолды
өлең» әдісін пайдаланып молекуланы
сипаттайы.
Дескриптор:
Молекула ұғымына сипаттама
береді.
«Бес жолды
өлең» әдісі бойынша тапсырманы
орындау кезінде оқушыларда ойлау дағдыларының білу, түсіну деңгейі
қалыптасып, топтық жұмыс жүреді. Топтық жұмыс кезінде оқушылар
топта бірлескен оқу ортасын қалыптастырады және диалогқа түсу
арқылы саралау жүзеге асады. Топта оқушылар бір-бірінің
тұжырымдарын тыңдап, талқылап, ортақ шешімге келу арқылы
қарым-қатынасын реттейді, бір-біріне қолдау көрсетеді. Диалогқа
түсу арқылы ойларын саралап, ортақ шешім
қабылдайды.
«Бес жолды
өлең» /Cinquain әдісі кезінде
пәнаралық байланыс жүзеге асады.
1 жол
Зат
есім
2 жол
Зат есімді мінездейтін екі
сын есім
3 жол
Зат есімге қатысты үш
әрекет
4 жол
Зат есім туралы
ой-пікіріңіз (төрт сөзден
тұрады)
5 жол
Зат есімге бір синоним (1
сөз) келтіріңіз = 11
сөз
3-топ. (Ж.Жж.Т.)
«Салыстыру» стратегиясы
бойынша «Венн»диаграммасын толтыру ұсынылады. Мәтінмен
жеке,жұпта,топта талқылайды, ортақ пікір
шығарады.

Дескриптор:
Атом ұғымын
түсінеді.
Молекула ұғымын
түсінеді.
Атомдар мен молекулаларды
ажырата алады.
«Венн»
диаграммасы әдісі бойынша тапсырманы
орындау кезінде оқушыларда ойлау дағдыларының білу, түсіну, қолдану
деңгейі қалыптасып, топта жеке, жұптық, топтық жұмыс
жүреді. Топтық жұмыс кезінде оқушылар
топта бірлескен оқу ортасын қалыптастырады және диалогқа түсу
арқылы саралау жүзеге асады. Топта оқушылар бір-бірінің
тұжырымдарын тыңдап, талқылап, ортақ шешімге келу арқылы
қарым-қатынасын реттейді, бір-біріне қолдау көрсетеді. Диалогқа
түсу арқылы ойларын саралап, ортақ шешім
қабылдайды.
3 топтың
тапсырмаларына «Басбармақ» бойынша қалыптастырушы бағалау
жүргізіледі

2-тапсырма.(Ж.) Оқушыларға деңгейлік
тапсырмалар парағы таратылып, оқушы өзі қалаған сұраққа жазбаша
жауап береді.
А) А
деңгей.
Төменде берілген сөйлемді
аяқтаңыз.
Атом
дегеніміз________________________________________________________________________
Молекула
дегеніміз_________________________________________________________________
Ә) В деңгей. «Сіз сенесіз
бе?» Молекула үшін дұрыс тұжырымды
көрсетіңіз (шын/жалған)
Тұжырым
|
Шын/жалған
|
Заттардың қасиеттерін
сақтайды
|
|
Химиялық жолмен бөлінбейтін
бөлшек
|
|
Элемент-молекуланың жеке бір
түрі
|
|
Атом молекуладан
тұрады
|
|
Б)С
деңгей.
Атом молекуланың айырмашылығын
айтып,кестені толтырыңыз
|
Атом
|
Молекула
|
Құрамы
|
|
|
Электр зарядының
болуы
|
|
|
Жеке бола
алуы
|
|
|
Ары қарай
бөлінуі
|
|
|
Дескриптор:
1.Атом,молекула ұғымының
анықтамасын біледі
2.Атом мен молекуланың
айырмашылығын біледі.
2- тапсыраны орындағаннан
соң, «Карусель»
әдісі бойынша өзара бағалау
жүреді.
3-тапсырма. (Ж.Жж.Т)
Сабақты бекіту
үшін «Сүзгі»
әдісі бойынша жүргізілетін тапсырма
беріледі. Топқа
стикерлерде суреттер және
сөздер беріледі. Оқушылар алған білім негізіне сүйене отырып
тапсырманы орындайды.
Молекулаға қатысты стикерлер
сүзгінің ішінде қалдырып,атомға қатысты стикерлерді сүзгінің түбіне
жинақтайды. Тапсырманы орындау барысында топта бірлескен жұмыс
жүріп, саралау жүзеге асады. Әр оқушы өзінің деңгейіне сәйкес
жауаптарды таңдау мүмкіндігін алады, ол шешімдеріне топтағылар
қолдау көрсетеді.
Дескриптор
:
1.Атом мен молекуланы суретіне
қарап ажырата алады.
2. Атом мен молекуланы
сипатына қарап ажырата алады.
Қалыптастырушы бағалау
жүргізіледі

|