жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сабақ жоспары Бердібек Соқпақбаев "Менің атым-Қожа"
Сабақтың тақырыбы : Менің атым – Қожа
Сабақтың мақсаты:Әртүрлі тілдік тапсырмаларды орындату арқылы Б.Соқпақбаевтың шығармасындағы Қожа жайлы мағлұмат беру.Қазақша ойын дәл жеткізуге үйрету арқылы коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру.тілдік коммуникация арқылы кітап оқуға бейімдеу.
Сабақта қолданылатын материалдар: Интерактивті тақта,слайдтар, «Менің атым- Қожа» көркем фильмі, тақырыпқа қатысты суреттер,желім қағаздар,суреттер,қимақағаздар,А4 парағы,түрлі түсті қарындаштар мен фломастерлер
Оқыту әдістері: Түсіндіру,сұрақ-жауап,сипаттау,әңгімелеу,кластер,топтық жұмыс,
Дереккөздері: Әдістемелік құрал,дидактикалық материал,сөздік
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс- әрекеті:
|
Тапсырма |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу |
«Ыстық алақан» тренингі. Оқушылармен сәлемдеседі, түгендейді |
Оқушылар бір-бірімен қол алып,амандасады.Бір-біріне жақсы тілектер айтады |
|
Өткен сабақты тексеру |
Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді.Кемшіліктерді анықтайды,түзетеді,бағалайды |
Тапсырманы айтады,тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. |
|
І.Қызығушылықты ояту |
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында интерактивті тақтадан «Менің атым-Қожа»фильмін көрсетеді, ой шақыру сұрақтарын қояды: - Балалар, біз қандай фильм көрдік? - Сендерге бұл фильм ұнай ма? - Осы фильмнің кейіпкерлері туралы не айтасыңдар? |
Сұрақтарға жауап береді,шығарма кейіпкерлерін сипаттайды. |
|
ІІ.Мағынаны тану |
1.Сөздікпен жұмыс . Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады,аудармасын айтады.Оларды оқиды,оқушыларға қайталатады. |
Тыңдалым.Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды,қайталайды. Айтылым.Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді. |
|
|
2.Мәтіналды жұмыс. Айтылым. А) Оқулықтағы 1-тиапсырманы орындатады |
Айтылым. Сұрақтарға жауап береді. |
|
Тапсырма |
Ә)Жазылым. Оқулықтағы 2- тапсырманы орындатады. |
Жазылым. «Сүйікті сөзіне кластер жасайды. |
|
3.Мәтінмен жұмыс. А)Тыңдалым.Оқылым.Мәнерлеп ,дұрыс оқуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 4-тапсырманы орындатады. |
Тықдалым.Оқылым. Мәтінді тыңдайды,оқиды. |
|
|
Ә)Жазылым.Оқушыны дұрыс жазуға дағдыландыру үшін5,7- тапсырманы орындатады. |
Жазылым.Көп нүктенің орнына сөздердің сыңарын табады,суреттегі әр кейіпкерге мінездеме жазады. |
|
|
4.Мәтінсоңы жұмыс. А)Оқылым.Тілдесім. 9-тапсырманы орындатады. І топ.Мәтінге сүйеніп диалог құраса ІІ топ.Берілген диалогті толықтыру керек. |
Оқылым.Тілдесім. Мәтінді оқиды,маңызды деректерді анықтайды,мәліметтерді пайдаланып,диалог құрайды. |
|
|
Ә) «Сыр сандықтағы» сөздер. |
«Сыр сандыққа» салынған сөздердің мағынасын талдайды, есте сақтайды. |
|
|
5.Сергіту сәті.Мұғалім әр топқа «Менің атым- Қожа» фильмінен үзіндіні дыбыстаусыз ұсынады. |
Оқушылар өздері киноны дыбыстайды. |
|
|
ІҮ.Бекіту |
Оқулықтағы 11- тапсырманы орындатады. |
Кестенің бірінші,екінші бағандарын толтырады,оқиды,кестеге сүйеніп,пікір таластырады. |
|
Ү.Бағалау |
Формативті бағалау |
Жинаған жетон санына қарай бағалау |
|
ҮІ.Үйге тапсырма |
Оқулықтағы 8- тапсырманы орындау |
|
|
ҮІІ.Рефлексия |
Тақтаға үйдің және театрдың суреттерін тақтаға іледі. |
Оқушылар қайда барғысы келетінін және не үшін барғысы келетін айтып,стикерді өзінің қалауына қарай жапсырады. |
Ғани Мұратбаев атындағы мектеп- гимназия
Тақырыбы: «Менің атым – Қожа»
Сыныбы: 6 Б
Пән мұғалімі : Жунисова Р.Қ
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген