Сабақ жоспары Біржылдық,екіжылдық,және көпжылдық өсімдіктер 3 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары Біржылдық,екіжылдық,және көпжылдық өсімдіктер 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
санат үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың атауы

Біржылдық,екіжылдық,және көпжылдық өсімдіктер

Мақсаты

а) Білімділігі. Оқушыларға өсімдіктердің өмір сүру ұзақтылығы біржылдық, екіжылдық, үшжылдық және көп жылдық болатыны туралы түсінік қалыптастыру.

б)Дамытушылығы.Оқушылардың өсімдіктердің адам өмірі үшін маңызын өз бетінше ойлау қабілетін дамыту.

в) Тәрбиелілігі. Оқушыларға өсімдіктердің маңызы, көптүрлілігі жайлй түсіндіріп, олардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру, өсімдіктерді қорғауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Табиғат - біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Табиғатты қорғайтын,

Біз әдепті баламыз.

Жер байлығы көп екен,

Меңгеруді қалайды.

Осының бәрін меңгертер,

Дүниетану сабағы. Шеңбер құрып, бір біріне сәттілік тілейді.

Ұйымдастыру.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Picture 67

Біржылдық,екіжылдық ,көпжылдық өсімдіктер туралы не білесіңдер ойымызды айтайық.


Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Көп жылдық өсімдіктер – екі жылдан астам тіршілік ететін өсімдіктер. Көп жылдық өсімдіктер қоңыржай аймақта көбіне шөптесін, ал тропиктік аймақтарда, көбінесе, ағаш, бұта түрінде өседі. Бұлардың сабағында не тамырында қор жиналатын арнайы органдары (тамыр, тамыр сабақ, түйнек, жуашық) болғандықтан ауа райына, жыл маусымына қарай сабағы қурап қалғанмен тіршілік қабілетін сақтап, келесі жылы қайта өседі. Мәңгі жасыл түрлері де бар.Бір жылдық өсімдіктер – тіршілігі бір жылға ғана созылатын өсімдіктер. Бір жылдық өсімдіктердің екі түрі бар: 1) жаздық Бір жылдық өсімдіктер – тары, жаздық бидай, зығыр, шегіргүл, гүлкекіре, т.б. Жаздық Бір жылдық өсімдіктердің тұқымы көктемде немесе жазда өніп-өсу сатысынан тез өтіп, тіршілік кезеңін бір вегетативтік маусымда (1 – 5 айға дейін) аяқтайды; 2) күздік Бір жылдық өсімдіктер – күздік бидай, күздік қарабидай, т.б. Бұлардың өсіп-өну сатысы ұзағырақ болады әрі оған салқын температура қажет.

Сергіту сәті

Сағаттың тіліндей,

Иіліп оңға бір,

Сағаттың тіліндей

Иіліп солға бір.

Оң аяқ, сол аяқ,

Жаттығу оңай-ақ.

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Сұрақ жауап

1.Біржылдық және екіжылдық өсімдіктердің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?

2.Көпжылдық өсімдктердің ерекшелігі неде?

3.Ағаштың жасын қалай анықтауға болады?

Үйге тапсырма

Мазмұндау


Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.06.2018
929
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі