Сабақ жоспары: Д.Исабековтің «Әпке» пьесасындағы құндылықтар мәселесі 8 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары: Д.Исабековтің «Әпке» пьесасындағы құндылықтар мәселесі 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Д.Исабековтің «Әпке» пьесасындағы құндылықтар мәселесі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім

Махаббат және абырой

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты


Күні

19.02.2024 ж.

Сынып 8

Қатысушылар саны :

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Д.Исабековтің «Әпке» пьесасындағы құндылықтар мәселесі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.3.1.1 шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау;

8.3.2.1 шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру

Сабақтың мақсаты

Драманы ұқсас әңгімемен салыстырып, тарихи және көркемдік идеялық құндылығын анықтайды, бағалайды; драмадағы материалдық және рухани құндылықтарды қазіргі өмірмен байланыстыра баға береді.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңі/ уақыт

Педагогтің іс-әрекеті

Білім алушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы






2 мин












Ұйымдастыру бөлімі.

Ұйымдастыру кезеңінде амандасып, оқушылардың көңіл күйін, сабаққа дайындығын бақылайды.

Тренинг «Мен үлгі аламын». Оқушыларға сағаттың суретін үлестіреді, артында сөйлем жазылады.



Оқушыларды 3 топқа бөледі.

Оқушылар суреттің артында жазылған сөйлемдегі ойды жалғайды.

Мен Омар сияқты білімді болғым келеді, себебі....

Мен Қамажай сияқты бауырмал болғым келеді, себебі...

Мен Тимур сияқты адал, қамқор болғым келеді, себебі...

Мен Ермек сияқты ерке болғым келеді, себебі...

Мен Нәзила сияқты тура мінезді болғым келеді, себебі...



Оқушылар топқа бөлінеді.


Мұғалімнің мадақтау сөздері

  • Керемет!

  • Тамаша!

  • Жарайсың!














Сағаттың суреті















http://castlots.org/razdelit-na-gruppy/20240216054802785

3 мин

Мұғалім сағатта берілген қанатты сөзді оқып, бауыр, туыстық тақырыбындағы мақалдарды сәйкестендіруді ұсынады.

Мақал мәтелдерді кезекпен оқып, сәйкестендіреді.








Мұғалімнің мадақтау сөздері

  • Бәрекелді!

  • Керемет айттың!

  • Дұрыс таптыңдар!


https://wordwall.net/ru/resource/53244361










Шағын бейнеролик арқылы жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды.

Жаңа сабақ тақырыбы, оқу мақсаттары таныстырылады. Бағалау парағын түсіндіреді (Сағат тіліндегі 1-10 дейінгі шкаланы пайдалану)

Жаңа сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныс болады


Бейнеро-лик

Слайд 1

Ортасы

5 мин


























15 мин








1-тапсырма. Топтық жұмыс. «Иә. Жоқ. Бейтарап» ойыны

Сыныптың үш қабырғасына «Иә», «Жоқ», «Бейтарап» сөздері жазылған А4 қағаз ілінеді. Тақтада сұрақ беріледі.

«Автордың осы драмадағы айтпақ болған идеясы – адамгершілік, парыз бен борышты үлгі ету болатын. Қамажайдың осы парыз бен борышты өтеу жолында өз бақытынан бас тартуы дұрыс болды ма?

Оқушылар сұраққа байланысты өз көзқарастары бойынша пікір білдіреді. «Иә» тобы Қамажайдың іс әрекетін растайды. "Жоқ" тобы қарсы пікір білдіреді. "Бейтарап" тобы екі пікірді де қолдайды.

Мұғалімнің бағалауы.

Дескрипторлар:

  • Идеясы бойынша өз көзқарасын білдіреді 1балл

  • Пікірін нақты дәлелдермен жеткізеді

1 балл









Слайд 2








Құндылық туралы түсінік береді

Құндылық – бір заттың маңыздылығы, пайдалылығы.

Материалдық құндылыққа әдетте тұрғын үйдің жағдайы, киімнің сипаты, мал-мүлік, ақша сияқтылар жатады.

Рухани құндылыққа  салт, дәстүр, өнер, дін, құқықтық және саяси сана, адамгершілік жатады.

Тарихи құндылыққа шығарманың қандай да бір тарихи оқиғамен, тұлғамен байланысты болуы жатады.

Көркемдік құндылығы - шығармадағы мазмұн мен мағына, ой-сезім байлығы, олардың түрлі суреттеулер арқылы көркем жеткізілуі

2-тапсырма.

«Эйлер кестесі» тәсілімен Д.Исабековтің «Әпке» драмасы мен М.Қабанбайдың «Бауыр» әңгімесін идеялық жағынан салыстыру

Шығарма

«Әпке»

Қамажай

«Бауыр»

Манап

Кейіпкерлер не істеді және не үшін істеді?



Автордың негізгі ойы



Қандай тарихи кезеңді қамтиды?



Көркемдік идеялық, тәрбиелік мәні неде?



Өмірмен байланыстырып, бағалаңыз




Құндылықтар туралы ақпаратты тыңдайды
















1-топ «Әпке» драмасы бойынша

2-топ «Бауыр» әңгімесі бойынша

3-топ Екі шығармадағы ұқсастықты анықтайды.




















Өзара бағалау

Дескрипторлар:

  • Кейіпкерлердің іс әрекетін, нәтижесін анықтайды 1 балл

  • Автордың ойын анықтайды 1балл

  • Тарихи кезеңді анықтайды 1 балл

  • Көркемдік идеялық құндылығын анықтайды 1 балл

  • Өмірмен байланыстыра бағалайды 1 балл


Слайд 3



















Слайд 4

Киноплен-ка

3 мин

Сергіту сәті «Бірлікте болайық»

Мақсаты: бір - біріне көмек көрсету, қолдау,ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке тәрбиелеу.

Оқушылар ұйымшылдықпен бірлесе отырып, іс - әрекетті орындайды.


Түрлі түсті ленталар, стакан, су

8 мин

3-тапсырма.

«DEAL» әдісін қолданып, драмадағы материалдық және рухани құндылықтарды талдауға тапсырма береді.

D – Describe – баяндау, суреттеу

(драмадағы материалдық құндылықтарды атау).


E –Explain – түсіндіру (драмадағы рухани құндылықтарды түсіндіру).

L – Links – байланыс (өмірмен байланыстыра баға беру).

A – Anallуse - талдау (қай құндылық басым болу керектігін талдау).


Берілген әдісті қолданып, драмадағы материалдық құндылықтарды атайды, кейіпкерлер арқылы рухани құндылықтарды түсіндіреді, қай құндылықтың басым болу керектігін талдайды, қазіргі өмірмен байланыстырып, баға береді

Дескрипторлар:

  • Драма бойынша материалдық және рухани құндылықтарды сипаттайды 1 балл

  • Басым құндылық туралы қорытынды жасайды 1 балл

  • өмірмен байланыстыра бағалайды 1балл


Слайд 5

Соңы


5 мин







«РАФТ» әдісі арқылы авторға хат жазу.

Рөл – оқушы

Аудитория – Д.Исабеков

Форма – Алғыс хат

Тақырып – «Құнды шығармаңызға мың алғыс...»

«Бауыр керек» әні қосулы тұрады

Драмадан алған әсерін, меңгерген құндылығын сипаттап, авторға қысқаша хат жазады, оқиды

Мұғалімнің мадақтау сөзі





Слайд 6

https://www.youtube.com/watch?v=r7oOUVTlvyU




2 мин

Бағалау. Сағат тілі бойынша өздерін 10 баллдық жүйеде бағалап, мұғалімге тапсырады

2 мин

Рефлексия


Үйге тапсырма: «Менің сүйікті кейіпкерім» тақырыбында ой-толғау жазу.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2025
241
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі