400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары "Елім деп соғар жүрегім" 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өз елін,Отанын сүюдің маңыздылығын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: Шамалған ст. Қом. Бекітемін:__________________

Пәні: өзін-өзі тану. Сабақ: №16

Тақырып Елім деп соғар жүрегім:

Құндылық: сүйіспеншілік. Қасиеттер: отансүйгіштік,адалдық ,шыншылдық

Мерзiм: ______Сынып: 8

Мұғалім:Сарсембаева У.И



Мақсаты: Өз елін,Отанын сүюдің маңыздылығын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Өз еліне,Отанына адал болудың мәнін түсіндіру;

  • Туған жерге құрмет көрсетуге, Отансүйгіштікке баулу;

  • Отансүйгіштік,адалдық ,шыншылдыққа тәрбиелеу

Ресурстар:

үлестірме қағаздар,

үнтаспа

Сабақ барысы:Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

Тыныштық сәтi. Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Сабақ барысын талқылау:

Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген «Жәмила »повесі бойынша сұрақ қою

Сұрақтар:

  • Данияр өз махаббатын қалай білдірді?

  • Даниярдың жан дүниесін қалай сипаттап айтып берер едіңдер?

  • Махаббат адамға ерекше көңіл күй сыйлайды дегенге келісуге болама?

Сұрақ –жауап.Жеке оқушымен жұмыс.

Мұғалімнің сыйы: Туған жердің топырағы

Еуропалық екі оқымысты Эфиопияға арнаулы сапармен келіпті.Олар Эфиопияның тау-тасын,көл-шөлін қалдырмай аралап,мұқият картаға түсіріпті.

Қауесет жарда жатқан ба,хабар императорға жетіпті.Еуропалықтардың өз елін картаға түсіріп жүргенін білгенHYPERLINK "https://angimeler.wordpress.com/2008/02/29/%d0%b5%d1%80%d0%b5%d0%ba%d1%88%d0%b5-%d0%ba%d3%a9%d0%b7%d2%9b%d0%b0%d1%80%d0%b0%d1%81/" император олардың қасынан екі елі қалмайтын қосшы қосыпты.Еуропалықтар араға жылдар салып ісін аяқтайды.Сол сәтте баяғы қосшыHYPERLINK https://angimeler.wordpress.com/2008/02/29/%d0%b5%d1%80%d0%b5%d0%ba%d1%88%d0%b5-%d0%ba%d3%a9%d0%b7%d2%9b%d0%b0%d1%80%d0%b0%d1%81/ императорға келіп мән-жайды баяндайды:

-Оқымыстылыар бар көрген-білгендерін қағазға түсіріп отырды,-дейді ол.-Ніл өзені бастауын,өзендердің таудан қалай құлап ағарын бақылады.Тауда алтын мен күмістің қаншалық екенін байқады.Жосылған жолдар түгілі,соқыр соқпақтарға дейін картаға түсіріп алды.

Император қонақтардың қандай іс тындарғандарын түсінді.Елдеріне аттанғалы отырған Еуропалықтарды көргісі келетінін айтып,шапқыншыларды жіберді.

Оқымыстыларды жылы жүзбен қарсы алған император оларды аспа –төк дастарқанда күтіп,қонақ етіп,баға жетпес қымбат сыйлықтар тарту етеді.

Жағалауға дейін аяқтарын жерге тигізбей, император қызметшілері аса зор құрметепен жеткізіп салды.Қонақтардың да көңілі шат еді.

Еуропалықтар корабльге отырар сәтте ,қызметшілер оларды тоқтатты.Аз аялдап аяқкиімдерін шешуді өтінді.Сөйтті де қонақтардың бәтеңкелерін қағып-сілкіп,мұнтаздай етіп тазалап,өздеріне қайтарады.Ғаламда жоқ тосын дәстүрге таңқалған қонақтар:

-Бұларың қандай дәстүр ?-деді.

-Сіздер мұнда алыс та,алып мемлекеттен келдіңіздер,-дейді сонда императордың қызметшісі.-Эфиопияның әлемдегі ең сұлу мемлекет екенін көздеріңізбен көрдіңіздер.Туған жер біздің асылымыз.Туған жер топырағына егін егіп,тіршілік етеміз.Малымызды туған жер нәріне жаямыз.Шаршап-шалдықсақ туған жер топырағына аунап-қунап демаламыз.Бауырлар көз жұмса туған жер қойнауына тапсырамыз.Сіздер тау-тасты аралағанда, орман тоғайды кезгенде көрген жолдар мен сан түрлі соқпақтарда ата-бабаларымыздың ізі жатыр сайрап.Біз де біздің ұрпақтарымызда сол жолдармен жүреді,сол сопақтармен арманға беттейді.

Эфиопия жері-біздің АНАМЫЗ . Эфиопия жері-біздің АТАМЫЗ:Туған жер біздің бауырымыз. Эфиопия топырағы –соның бәрінен жоғары,бәрінен де асыл,біздегі бар байлықтан да қымбат.Туған жер топырағына баға жетпейді. Сондықтан да туған жер топырағының титімдей қиыршығын жат жұрттықтарға қимаймыз.Бәтеңкелеріңізді қағып-сілкіп жатқанымыз сол....

  • Туған жерге сүйіспеншілік болмаса не болар еді?

  • Өз еліңді құрметтеу дегенді қалай түсінесің?

  • Туған жер топырағын қастерлеу дегенді қалай түсінесің?

Құлыбек Өргебек. Сыншы , әдебиеттанушы.


Жетісу газетінен алынған

Дәйексөз:« «Өз туған жеріңе деген сүйіспеншілігіңді ең алдымен отбасыңа,ауылдастарыңа арнамай тұрып,барша әлемді сүю мүмкін емес»

  • Дәйексөзден не түсіндіңдер?

  • Неге ең алдымен сүйспеншілігіңді отбасыңа, ауылдастарыңа арнау керек?

М.Шаханов 1942 ж. ОҚО, Төлеби ауданы, Қасқасу селосда туылған.Қазақтың

ақыны, жазушы, ҚР Парламент/ң эксдепутаты, саяси қолдаушы

Шығармашылық жұмыс: Сахналау:

Атасы мен немересінің әңгімесін рөлге бөліп оқып,өз ойларымен жалғастырады.

Мұғалім сахналау әдістемелік тәсілін жүргізгенде оқушылардың орындаушылық шеберліктерінен гөрі, мәселені шешуі мен өз ойларын бүкпесіз ашық жеткізе алуларына баса назар аударуы тиіс. Сахналауды толығымен аяқтамай берудің мақсаты да осы болып отыр. Балалардың ойланып өз нұсқаларын ұсынуы, біріншіден, олардың беталыстары мен мақсаттары, ой, ниетінен хабар берсе, екіншіден, ойлау қабілетін, шығармашылықтарын дамытады.

«Туған жерім» тақырыбында сурет салу.Әр топ туған жерін бейнелеп сурет салады.

топтық жұмыс.

Топпен ән айту:

Ежелгі ертегі еліміз,

Балбұлақ бау бақша жеріміз.

Түркістан түрленген ,нұрланған,

Келіңіз,келіңіз,көріңіз.

Қайырмасы:

Бұлбұлы бақтарда сайраған,

Қыр гүлі құлпырып жайнаған.

Ұл-қызы шаттығын тойлаған,

Киелі күмбезді Түркістан.


Бүгінде шуақтыертегі,

Көріңдер қуатты өлкені.

Тарихта таусылмас дастандай,

Ежелден бізге сыр шертеді.


Түркістан-ән көзі,жыр көзі,

Алыстан көрінген күмбезі.

Түркістан-шығыстың шырайы,

Көгіңнен кетпеген күн көзі.

Түркістан.

Әнін жазған

Сөзін жазған: С.Бәйтерков:


Үй тапсырмасы. «Қаздар қайтып барады» оқып келу

Қ.Жұмаділов

Қорытындылау.


Сабақтан не үйрендік?не түсіндік?








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
862
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі