Тыңдалым
тапсырмасы
С. «Түртіп алу»
әдісі
«Ғажайып планета»
мәтінін мұқият тыңда және мәтіндегі тірек сөздерді анықтап,
дәптерлеріңе жазындар.
Мәтін:
Биологтың көз
алдынан кештегі бір ғажайып оқиға тізбектеліп өте шықты. «Байқоңыр
– 12» өзіне жүктелген тапсырманы ойдағыдай орындап.«Тұңғиық»
жұлдыздар жүйесінен көтерілді. Орталық космос стансының мекен
тұрағына ақша жұлдыздай зулап келе жатыр. Экипаж кемедегі жұмыстың
бәрін автокосмонавтқа жүктеп, үш айлық терең ұйқыға
кетті.
«Байқоңыр-12»кемесі
мылқау тыныштықта космос әлемін тіліп, үнсіз жүзіп келеді. Ең ақыры
әзілқой Кибер де жатып қалған.Кенет апат аппаратының кернейі сарнап
қоя берді. «Байқоңыр-12» жүрісін баяулатып, кібіртіктеп қалыпты.
Бұған алдымен Кибер оянды. Кибер – физикалық механикалық жасанды
адам. Маңдайындағы жалғыз көзден өт шашады.Ол жапұшыра жүгіріп,
механик Осиповты жұлқылады. Бүкіл экипаж аяғынан тік тұрады. Осипов
электронды миды іске қосты. «Байқоңыр -12» кемесінде міндетті түрде
қону керек.
Сұрақтар:
-
Әңгіме не туралы деп
ойлайсыңдар?
-
Ғарышкеме қайда бет
алды?
-
Кенетен не сарпап
қоя берді? Оған кенет кім
оянды?
-
Мәтіндегі
кейіпкерлер кімдер? Оларға мінездеме
беріңдер?
Бағалау
критерийі:тірек сөздерге сүйеніп,
көтерілген мәселені
анықтайды;
Дескриптор:
-
мәтінің ішіндегі
тірек сөздерді ажыратады;
-
тірек сөздерге
сүйеніп, мәтіннің негізгі ойына 2 сөйлем
құрастырады;
ҚБ. «Өзін-өзі бағалау.
«Бағдаршам»
«Бағдаршам»
әдісі
Мұғалім оқушылардан
өз жұмыстарының нәтижелері бойынша оқу мақсатына қаншалықты
жеткендігін және өзінің білімдеріне қаншалықты сенімді екендігін
көрсетуді сұрайды.
Тыңдалымнан
кейін
ЖЖ. « Ғарыштағы өмір» тақырыбында
шағын әңгіме құрастыр.
Тұрақты
тіркестер:
экипаж, планета, Байқоңыр-12,
Кибер,
ғаламшар, жер шары,
ғажайып.
Тапсырма арқылы
саралау:
А. Бұл оқушылар
тобы берілген клише арқылы мәтін
құрастырады.
Мысалы: Бұл әңгіме.......туралы,
Менің ойымша.....,
Байқоңыр-12........орналасқан.
В. Бұл оқушылар тобы
берілген мәтін сұрақтарына
сүйеніп
мәтін
құрастырыды.
Мысалы:Ғаламшар дегеніміз не? Қандай
планеталардың атын білесіндер?Ғарыш дегеніміз
не?
С. Бұл оқушылар
тобы берілген мәтін желісі бойынша
шағын әңгіме
құрастырады.
Бағалау
критерийі: тұрақты тіркестерді қолданып,
«Ғарыштағы өмір» тақырыбында мәтін
құрастырады;
Дескриптор:
ҚБ «Шаршы»
әдісі
Оқушылар
дәптерлерінің шетіне шаршының суретін салып қояды. Жұмыстарын
орындап болған соң,дәптерлерің бір-бірлеріне беріп жұмыстарын
тексеріп салған шаршының ішіне жақсы орындаған болса,жасылмен
бояйды, орташа орындаған болса сарымен,төмен орындаған болса
қызылмен бояп жұмыстарын
бағалайды.
Мысалы:
Жасыл түспен бояған
оқушы, барлығы ойдағыдай орындалғанын айтып қысқаша түсініктеме
береді.
Сары түспен бояған
оқушы,қай жерден қате кеткенің
түсіндіреді.
Қызыл түспен бояған
оқушы, неге бұрыс екенің
түсіндіреді.
|