2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Сабақ жоспары: Изложение

Сабақ жоспары: Изложение

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Сабақ жоспары № 77 Сынып: Бекітемін:

Пәні: Дене шынықтыру Мерзімі: Пән мұғалімі: Сабақ тақырыбы: Тоғызқұмалақ ойынын үйрету.

Сабақ мақсаты: 1.Тоғызқұмалақ ойынын үйрету арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру. 2.Оқушылардың ептілігін шапшаңдығын дамыту

3.Оқушылардың дене тәрбиесіне деген белсенділігін,қызығушылығын арттырып,

оларды салауатты өмір салтына насихаттап,жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас

Сабақтың түрі:Ойын сабағы

Өтілетін орны: Спорт зал

Керекті құрал-жабдықтар: Тоғызқұмалақ тақтасы

Сабақ мазмұны

Уақыты мөлшері

Әдістемелік нұсқаулар

I.Кіріспе дайындық бөлімі

Сапқа тұрғызу. Амандасу. Кезекшінің мәліметін қабылдау.

Түгендеу.

Саптағы жаттығулар:Оңға,солға,артқа бұрылу.

Жүріп жасалатын жаттығулар:аяқтың ұшына,өкшеге,ішкі ж/е сыртқы қырымен,отырып,секіріп.

Жүгіріп жасалатын жаттығулар:тізені жоғары,өкшені артқа көтере оң ж/е сол жақ жанымен

Ж.Д.Ж. қозғалыста ж/е орнында.

А) Бастапқы қалып,қол белде,аяқ иық кеңдігінде

1.Басты оңға солға қисайту 2.Басты алға артқа қисайту

Б) Бастапқы қалып,қол белде,аяқ иық кеңдігінде

басты 1-2 онға айналдыру 3-4 солға айналдыру

В) Бастапқы қалып.Оң қол жоғарыда.

1-2 қолды алдыға сермеу 3-4 қолды артқа сермеу

Г) Бастапқы қалып екі қол иықта

1-2 алдыға айналдыру 3-4 артқа айналдыру

Д) Бастапқы қалып:Қол тізеде,аяқ иық кеңдігінде

1-2 тізені ішке айналдыру 3-4 тізені сыртқа айналдыру

Сабақ мақсатын түсіндіру.

10 мин








Оқушылардың спорт киімі оның тазалығына жалпы сабаққа даярлығына баса назар аудару

Берілген бұйрық бойынша орындау керек

Қатардан шықпау керек.

Жүгіргенде қолдың үйлсімді қимылдауын жіті қадағалау


Оқушылардың жаттығуды дұрыс орындалуын қадағалау

Көзді жұмбау


Шынтақты тізеге тигізбеу


Тізені бір-біріне тигізбеу


II.Негізгі бөлімі

Тоғызқұмалақ ойынын үйрету.

Тоғызқұмалақ ойынының ережесі бойынша төреші уақыт белгілеп, құмалақтар салынған тоғызқұмалақ тақтасы дайын болған соң, ол ойын басталдғандығын хабарлап, ойыншылар ойынды бастап кетеді. Бірінші жүрісті жеребе бойынша анықталған ойыншы бастайды. Алғашқы жүрісті ойыншы, мысалы,таңдық» пен »маңдайдан» жүргенін хабарлайды./Алғашқы жүрісті тек тоғызыншы отаудан ғана емес, басқа кез келген отаудың бірінен жүре беруге болады/. Жүрісті осыдан бастағаным дұрыс деп есептеген ойыншы сол отауға бір құмалақты ғана қалдырып, жүріс жасаған отаудан кейінгісінен бастап бір-бірден тастай отырып, ең соңғы құмалақты қарсыласының тоғыз құмалағы бар отауларының бірінен бір құмалақ алып, сонымен жұптап, өз қазанына салады. Демек, ойын ережесі бойынша қарсыласынан құмалақ ала отырып, өз құмалағын жұп санға келтіреді. Ойыншылар ойын барысында қарсыласына құмалақ алдырмау үшін өз отауларындағы құмалақтардың санын жұп күйінде ұстап отыруға тырысады. Құмалақтардың саны жұп болып тұрған отауды «жабық отау» деп атайды.

25мин







Техника қауіпсіздігін қатаң сақтау

Қарсылас ойыншылар бір-бірінің отауларындағы құмалаұтарын қолмен санауына рұқсат етілмейді.



III.Қорытынды бөлім

Сапқа тұрғызу. Дем алуға арналған жаттығулар жасау.

Сабақты қортындылау. Үйге тапсырма беру.

Оқушыларды бағалау.Қоштасу.

5 мин


Сабақтың өтілгені туралы ескертулер жасау.

Оқушылардың бағаларын айту


21 Желтоқсан 2017
395
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі