Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары "Ж. Жабаев шығармашылығы. "Зілді бұйрық" өлеңі" 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ жоспарында Жамбыл Жабаевтың шғыармашылығы туралы тереңірек талқыланады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Ж.Жабаев өмірі мен ақындық қызметі. «Зілді бұйрық»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ж. Жабаевтың ақындық қызметімен таныстыру, оның ақындық жолына талдау жүргізуге үйрету.

Дамытушылық: Поэзиялық шығармаларды оқуға үйрету, әдеби талдауға баулу.

Тәрбиелік: Ж. Жабаветың патриоттық тақырыптағы өлеңдері арқылы елін, жерін, Отанын сүюге баулу. Балалардың бойында патриоттық сезім қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, деңгйлік тапсырмалар

Сабақтың көрнекілігі: Презентациялық слайд, бейнеролик, ақынның портреті

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру (2 мин)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (10 мин)

ІІІ. Жаңа сабақ (10 мин)

Жамбыл 1846 жылы қазіргі Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында дүниеге келеді. Жамбыл кезінен-ақ өлең-жырға үйір болады. Жамбылдың балаң өлеңдері бүкіл Жетісу өңіріне даңқы жайылған Сүйінбай ақынға ұнайды. Сүйінбай жасөспірім Жамбылға мынандай кеңес береді: «Сенің өлеңдерің ақиқат пен әділдікті айтатын болсын, жырларың өзіңнің айналаңда болып жатқан оқиғалар жөнінде болсын, жекелеген адамдарға емес, бүкіл халыққа жағатын болсын». Сүйінбайдан бата алған Жамбыл ұстаз өсиетіне адал болған. Ақынның «Менің пірім – Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай» деуі де содан.

Жамбыл хат танымаған. Ақынның 1930 жылдарға дейін өлеңдері ел аузынан және есінде қалғандарын өзінің айтуымен жазылып алынған, барлығы – елудей.

Жамбыл туындыларының мазмұны бай, тақырыбы сан алуан. Соның ішінде, ақын дарынының ерекше бір қырын танытқан қомақты да көркем саласы – сатиралық өлеңдер. Ақынның бізге жеткен алғашқы өлеңінен («Шағым») бастап, өмірінің соңында шығарған әзіл-сықақ, ажуларына («Әке әзілі») дейінгі аралықтағы шығармашылығында сатиралық күш бәсеңсіп көрген емес. Жамбылдың үлкен сатирик ақын екені оның «Кәдірбайдың төбеті», «Кәкімге», «Сәт сайланарда», «Өстепкеде», «Есенәлі мешкейге» сияқыт өлеңдерінен-ақ айқын сезіледі.

«Кәдірбайдың төбеті»- сюжетке құрылған, композициялық құрылымы бар өлең. Ақын жолаушылап келе жатып бір жігітке жолығып қалады. Жөн сұраса келе жігіт: «Ақын болсаңыз, мына төбенің арғы жағындағы Кәдірбай байдың ауылына барып, байдың итін мақтаған өлең жарысына қатыспайсыз ба?» - дейді. Мұндай естіп көрмеген қызыққа сол маңайдағы ақын біткен тегіс жиналған екен. Жамбыл олардың өлеңдерін тыңдап қараса, байдың бір жақсы иті қарақұрт шағып өліп, ақындар ит иесі байды жер-көкке сыйғызбай мақтап, жұбата алмай, әуреге түсіп жатыр екен. Ақыры кезек Жамбылға жетеді. Жамбыл алдымен байдың және оның итінің мақтауын жеткізе алмай шұрылдаған ақындарды мінеп: «Өлеңін сақтаған ақын – ақын емес, ол да бір – сужүрек қоян, қоқыс пен тәттіге үймелеген арам шыбын да бір», - дейді. Содан соң Кәдірбайдың өзіне шүйлігіп састырады. Өлеңдегі күлкінің шарықтаған жері тіптен қызық әдіспен берілген. Иттің қадірі ел үшін Кәдірбайдан артық екенін, «ит өлгенше, байдың өзі өлуі тиіс еді» деген ақындық шешім итті мақтау арқылы оның иесі Кәдірбайды келемеж етіп, жанама сықақтау әдісінің нағыз үлгісі болып шыққан.


  • Ж.Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған видео көрсетіледі.

  • Оқушылардан видео туралы өз ойлары сұралады.


«Жұбыңды тап» ойыны

1846 жыл – Мойынқұмда дүниеге келді.

«Шағым» өлеңі – Әкесіне арналған

Ұстазы – Сүйінбай

Шәкірті – Кенен Әзірбаев

Балалары – Сегіз ұл, екі қызы болған

1938 жыл – Жамбыл депутат болған жыл

Шығармаларын орыс тіліне аударғандар – П. Кузнецов, Д. Снегин

Шығармаларын ұйғыр, татар, қытай тілдеріне аударған – Қадыр Хасенов


Тапсырма

«Зілді бұйрық» өлеңін құрылысына қарай талдау.


/«Верныйден» жандаралдар/ /бұйрық қылды,/
/Құйрығы бұйрығының/ /тіпті зілді./
/«Отыз бір/ - /он тоғызды алад» деген/
/Суық хабар халықты/ /бұлқындырды./
/Жылады сорлы халық,/ /малын айтып,/
/«Кеткен соң қолдан шығып,/ /келмес қайтып», -/
/Дейді де еңірейді,/ /егіледі,/
/Қайғының күні-түні/ /күйін тартып./
/«Верныйдың» қадам баспай/ /қаласына,/
/Кемпір-шал жылап жатыр/ /баласына./
/Ешбір ем табылмады/ /іздесе де/
/Халықтың/ /жүректегі/ /жарасына./
/Пристав/ /келіп қалды/ /бала сұрап,/
/Ел жатыр/ /бермейміз деп/ /қойдай шулап./
/«Қырсаң да/ /баламызды бермейміз» деп,/
/Тайсалмай әке-шеше/ /жатыр сұлап./
/Пристав ашуланды/ /«аламыз» деп,/
/Жігіттер тұр:/ /«Бармаймыз, қаламыз, - деп. -/
/Егер де/ /бұл түріңді өзгертпесең,/
/Басыңа/ /бір ойранды саламыз!» - деп./
/Ел-ел боп/ /жиылды кеп/ /әрбір сайға,/
/Ал әлеумет,/ /қараңдар мына жайға./
/Сеңдей болып/ /соғылып толқындады,/
/Бір сая бола ма деп/ /шыбын жанға./
/Жиылды бозбалалар/ /бір кезеңге,/
/Қарғалы деген тасқын/ /бір өзенге./
/Пристав кетті:/ /«Еріксіз аламын, - деп, -/
/Көресің бұл істі! - деп,/ /- кезегінде!»./
/Бәрін де ол/ /пристав жаттап алды,/
/Басшыларын қағазға/ /хаттап алды./
/Аттандырып бұл елге/ /солдаттарын,/
/Басты-басты кісіні/ /саптап алды./
/Күн ыстық,/ /қайнап тұрған/ /сарша тамыз,/
/Жанында қан,/ /малында қалмаңыз./
/Оразаның күні еді/ /сол уақытта,/
/Бұл күнде/ /оразаны/ /не қыламыз!/
/Суында Қарғалының/ /ауыз ашты,/
/Бір пәлекет халыққа/ /душарласты./
/Басшылары кеткен соң,/ /тағат алмай,/
/Жиылған жұрт дағдарып,/ /жанталасты./
/Келді де,/ /алып кетті/ /жақсыны айдап,/
/Барады боздақтардың/ /көзі жайнап./
/Күн ыстық,/ /қайнап тұрған/ /сарша тамыз,/
/Жөнелді абақтыға/ /соры қайнап./
/Жақсыдан жақсы қоймай,/ /алды санап,/
/Қамалды абақтыға/ /қырғыз, қазақ./
/Білмеді не болғанын/ /сырттағы ел,/
/Қамалғандар тірідей/ /тартты азап./
/Шулайды абақтыға/ /қамалған көп,/
/Сырттағы жұрт:/ /«Біз енді қайтеміз?» - деп,/
/Губернатор жандарал/ /жауапқа алды:/
/«Жайлауда ту көтеріп/ /шапқан кім?» - деп./
/Ешқайсысы айтпаған соң,/ /айғай сап кеп,/
/Өзі айтты жандаралдың/ /«Бекболат!» деп./
/Бекболат бола қалса/ /ту көтерген,/
/Бұйрық қылды:/ /«Дараға асып, тарт!» деп./
/Қалиқұлды бірге жазды/ /дарасына,/
/Байбосын қоса кетті/ /арасында./
/Абақтыда қалғандар/ /естен танды,/
/Көзінің қамшы тиіп/ /қарасына./
/Әкетті байғұстарды/ /арбаға сап:/
/«Иманыңды айтатын/ /молдаңды тап./
/Үндеріңді шығарма,/ /өңкей надан,/
/Мұнан былай сөйлеме,/ /аузыңды жап!»/
/Самсыны* алған екен/ /Ботпай** қамап,/
/Оларды жігітімен/ /кетті сабап./
/Тұтқындарды босатып/ /ала алмады,/
/Бір пәлеге/ /екінші пәле жамап./
/Пристав та Самсыға/ /барған екен,/
/Жәнібектің мешітін/ /қамап алған екен./
/Жәнібек қажы/ /жанына ара тұрды,/
/Бір болыс ел/ /жиналып барған екен./
/Ала алмай күні бойы/ /әлек болды,/
/Жәнібек приставқа/ /себеп болды./
/Ертеңінде құтылып,/ /Ұзынағашқа/
/Паңдатып келе жатты/ /қара жолды./
/Бөлек-бөлек топтанып,/ / шоқтай болып,/
/Бай көпесті өлтірді/ /Ботпай болып./
/Қолына онан басқа/ /түк түспеді,/
/Кезсе де бұл маңайды/ /әбден шолып./
/Ақыры ұлыққа түк/ /қыла алмастан,/
/Не боларын бұл істің/ /біле алмастан,/
/Күш жинамай,/ /қарусыз ұрыс қылып,/
/Бозбаланы бітірді/ /кек алмастан./
/Шиенде* де әскерлермен/ /ұрыс болды,/
/Сол ұрыста топ басы/ /Саттар өлді./
/«Саттар өлді, ел қашты»/ /деген хабар/
/Ел-елдерге жайылды/ /оң мен солды./
/Шұбырып тауға қарап/ /ел жөнелді,/
/Не боларын соңының/ /кім біледі?/
/Тауға шығып өрмелеп,/ /тасқа бұғып,/
/Елдің бәрі жанынан/ /түңілді енді./
/Ертеңінде ел-елге/ /әскер барды,/
/«Шапшаң түсіп, келсін» деп/ /хабар салды./
/«Қашқандарды атады»/ /дегеннен соң,/
/Таудағылар кірер жер/ /таба алмады./
/Аттандық/ /ұлығының қонысына,/
/Елді сорған/ /борсықтай болысына./
/Көп ерлер қаза тапты/ /жауға аттанып/
/Көксеген азаттықтың/ /соғысында./

* Самсы - жер аты.
* Ботбай - ру аты.
* Шиен - Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Суықтөбе тауының солтустігіндегі елді мекеннің аты.

  1. Өлең құрылысына талдау

11 буынды

2 бунақты

Қара өлең ұйқасы


  1. Бұл шығарманың пішіні:

  1. Жанры: лирикалық (поэзия)

  2. Ырғағы: бірқалыпты, кейде екпінді интонациямен айтылады

  3. Көркем тілі: баяндау


  1. Бұл шығарманың мазмұны:

  1. Тақырыбы: «Зілді бұйрық»

  2. Идеясы: 1916-жылғы ұлт-азаттық көтерілістегі батырлардың ерлік істерін насихаттау

  3. Көркемдегіш құралдар:

Эпитет: суық хабар, шыбын жанға, сарша тамыз, қарусыз ұрыс, т.б.

Аллитерация:

Көп ерлер қаза тапты жауға аттанып
Көксеген азаттықтың соғысында.

ІҮ. Бекіту сұрақтары

1. Жамбыл бала кезінде шығарған «Шағым» өлеңінде өзінің басынан өткен қандай жағдайды айтқан?

2. «Зілді бұйрық» өлеңінің тарихи негізін дәйектеңдер.

3. Жамбыл жырларындағы ерлік рух, олардың басқа тілдерге аударылуына ықпал еткенін айтыңдар.

Ү. Үй тапсырмасы

ҮІ. Оқушыларды бағалау

ҮІІ. Қорытынды

Жамбылдың есімі қазақ халқы үшін, қазақ поэзиясы үшін аса қымбат. Ақын шығармаларының толық жинақтары бірнеше рет басылып шыққан, ол туралы зерттеу кітаптары жазылған, кинофильмдер түсірілген. Жамбыл атымен облыс, елді мекендер, көшелер аталды. Ақынның туғанына жүз елу жыл толуына орай ЮНЕСКО-ның ұйғарымымен күллі Қазақстан жұртшылығы, бүкіл дүниежүзі үлкен мереке ретінде атап өтті.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.01.2018
6238
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12