Сабақ жоспары: «Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі»

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары: «Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Жабайы жануралардың қысқы тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту,өмір сүру жолдары туралы мағлұмат беру, табиғаттағы маусымдық өзгерістер жайлы білімдерін жетілдіру,тақырып бойынша сөздік қорларын молайту,балаларды аңдарды сипаттауға жаттықтыру. Шығармашылық жұмыстарға қызығушылықтарын арттыру.Жан-жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:28.01.2021ж

Білім беру саласы:Таным,қатынас, шығармашылық, әлеумет

Білім беру бөлімі:Сөйлеуді дамыту, математикалық ұғымдарды қалыптастыру, қоршаған ортамен танысу, құрастыру, сурет салу

Тақырыбы: «Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі»

Мақсаты:Жабайы жануралардың қысқы тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту,өмір сүру жолдары туралы мағлұмат беру, табиғаттағы маусымдық өзгерістер жайлы білімдерін жетілдіру,тақырып бойынша сөздік қорларын молайту,балаларды аңдарды сипаттауға жаттықтыру. Шығармашылық жұмыстарға қызығушылықтарын арттыру.Жан-жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу.

Билингвальды сыңары: жабайы жануарлар-дикие животные, аю-медведь, қасқыр-волк, қоян-заяц, түлкі-лиса.

Технологиялық қамтамасыз ету: АКТ технологиясы

Әдіс-тәсілі: Жануарлармен таныстыру, түсіндіру, миға шабу, ойындар, сұрақ-жауап

Шаттық шеңбері:

Аманбысың альтын күн!

Аманбысың көк аспан.

Аманбысың Жер-Ана

Аманбысың аппақ қыс.

-Сәлеметсіңдер ме , балалар!

-Сәлеметсіз бе, здравствуйте, good morning!

-Бір жылда неше мезгіл бар?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінде неше ай бар?Атап беріңдерші.

-Қыс мезгілінде қандай ерекшеліктер болады?

-Сендерге қыс мезгілі ұнай ма?

-Қыста қандай ойындар ойнаймыз?

-Қыста табиғат демалады.Өсімдіктер көрпе жамылғандай қардың астына тығылады.Ал жан-жануарлардың қысқы тіршілігін білеміз бе?Ендеше бүгін біз жабайы жануарлардың қысқы тіршілігімен танысамыз.

Балалар, ал енді орнымызға отырмас бұрын 2 топқа бөлінінп алайық.Сендерге қасқырлар мен түлкілердің суреттері берілген. Осы суреттерді таңдау арқылы 2 топқа бөлінеміз.Қасқырдың суретін таңдаған балалар қызыл орындыққа, түлкінің суретін таңдаған балалар сары орындыққа жайғасамыз.Балалар енді әр дұрыс жауапқа бір-бір асықтан беріп отырамын.Оқу қызметінің соңында қай топта асық көп болса, сол топ жеңіске жетеді.

-Балалар мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Ойын «Жасырын суреттер» деп аталады.Суреттерді қар басып, бізге көрінбей тұр.Қардан тазарту үшін жұмбақтарды шешу керек.

Жұмбақ:

Қорбаң-қорбаң етеді,

Орман оның мекені.

Тәтті балға тойып ап

Қысқы ұйқыға кетеді.

Бұл не? (Аю)

-Аю қыста апанында ұйықтайды.Ол жаз бойы жинаған майынан қорек алып, табанын жалап ұйықтайды. Аю-үлкен, маймақ, оның екі кішкентай құлағы және төрт аяғы бар. Балалар аю туралы тақпақ білеміз бе?

Ерқанат:

Томпаң-томпаң жүретін,

Аю үлкен жануар.

Балды жақсы көретін

Аю деген жануар.

-Өзі қу, жүрген жері айғай-шу.(Түлкі) Түлкі қыста апанында жатады.Мұрны иісті жақсы сезеді.Ол қар астындағы тышқандарды аулап жейді.Құстарды жейді.Олардың көздері қырағы, құлақтары сақ, жүні қалың әрі әдемі.

Айзере:

Түлкі деген қу ғой,
Жүрген жері шу ғой.

Жатып алып жағада

Іздегені ду ғой.

Жұмбақ:

Сылдырдан қорқады

Шошынып жортады.

(Қоян)

Қоян түні бойы жүгіріп қорек іздейді, ал күндіз бұта астына жасырынып демалады.Құрғақ шөптер мен ағаш қабығын жеп қоректенеді.

Құралай:

Ақ қоян-ау, ақ қоян

Ұзын құлақ сақ қоян.

Қаша берсең орманға

Қорқағым деп ат қоям.

-Сұр түсті,ақсиған көп тісті.Қасқыр қыста апанында өмір сүреді.Қасқыр әлі жететін аңдармен қоректенеді. Тістері үлкен, қорқынышты, сұр түсті.Балалар осы жануарлардың барлығын не деп атаймыз?

Сергіту сәті:

-Балалар, енді ортаға шығып жабайы жануарлардың жүрісін көрсетейікші.

Жабайы жануарлардың төлдері болатынын білеміз бе, балалар?Аналары баласына азық тасып жүріп адасып қалыпты. Екеуін табысбыру үшін мына тапсырманы орындайық.

«Табыстыру» ойыны

-Табыстырып болсақ, енді қасқырлар тобы жануарлардың төлдерін атап кетейік.Түлкілер тобы неше жануар, неше төл бар екенін санап, төлдерін атап өтейік.

Мнемокесте бойынша жұмыс

Шығармашылық жұмыс:

Түлкілер тобы түрлі-түсті қағаздан түлкінің бейнесін құрастырады.

Қасқырлар тобы батырма мен түрлі-түсті бояуды пайдалана отырып қасқырдың бейнесін бояп шығады.

Қорытынды: «Кубик»ойыны

Шарты:Кубикті жерге тастағанда қай жануардың суреті түссе сол жануар туралы сұрақ қойылады.

-Қоян бұтаның астында, ағаштың қабығымен қоректенеді.

-Елік тауда өмір сүреді.

-Жолбарыс тоғайда, орманда мекендейді.

Балаларды мақтап мадақтау, бағалау.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.05.2022
403
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі