ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ГУМАНИТАРЛЫҚ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
ТЕКСЕРІЛДІ
ПЦК төрағасы
_________ Шалабаева К. А.
«____» ___________2025ж.
ОҚУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ № 24
(теориялық немесе өндірістік оқыту)
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сабақ жоспары: Ж.Әбдірашев «Дала, сенің ұлыңмын» өлеңі
Сабақ жоспары: Ж.Әбдірашев «Дала, сенің ұлыңмын» өлеңі
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ГУМАНИТАРЛЫҚ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
ТЕКСЕРІЛДІ
ПЦК төрағасы
_________ Шалабаева К. А.
«____» ___________2025ж.
ОҚУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ № 24
(теориялық немесе өндірістік оқыту)
|
Модуль /пән атауы |
ЖБП 2. Қазақ әдебиеті |
||||||||||||||||||
|
Сабақ тақырыбы |
Тақырып 5.2 Ж.Әбдірашев «Дала, сенің ұлыңмын» өлеңі |
||||||||||||||||||
|
|||||||||||||||||||
|
Курс |
Оқу жылы |
Тобы |
Күні |
||||||||||||||||
|
I |
2025-2026 |
БҚЕ-25-9К1 |
8.12.2025 ж. |
||||||||||||||||
|
|
|
|
|
||||||||||||||||
|
Сабақ түрі |
Тәжірибелік |
||||||||||||||||||
|
2. Мақсаты, міндеттері |
|||||||||||||||||||
|
Мақсаты: Студенттерге Жарасқан Әбдірашевтің «Дала, сенің ұлыңмын» өлеңін таныстырып, оның тақырыбы мен идеялық мәнін түсіндіру; туған жерге деген махаббат, патриоттық сезімдерді тәрбиелеу; оқушылардың мәтінді талдау және өз ойын жүйелі жеткізу дағдыларын дамыту.. Міндеттері: - Ж.Әбдірашевтің өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша ақпарат беру; - Өлеңнің тақырыбы мен негізгі идеясын анықтау; -Өлеңдегі кейіпкердің сезімін, ойларын талдау; туған жерге, табиғатқа деген сүйіспеншілік пен патриоттық құндылықтарды көрсету; -Оқушылардың шығармашылық қабілеті мен тілдік дағдыларын дамыту |
|||||||||||||||||||
|
|||||||||||||||||||
|
-Ж.Әбдірашевтің өмірі мен шығармашылығы туралы негізгі мәліметтерді біледі; - «Дала, сенің ұлыңмын» өлеңінің тақырыбы мен идеясын түсінеді; - өлеңдегі кейіпкердің ойы мен сезімін талдай алады; - туған жерге, табиғатқа деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімін жеткізеді; - мәтінді талдау және өз ойын жүйелі жеткізу дағдыларын дамытады. |
|||||||||||||||||||
|
4. Қажетті ресурстар |
|||||||||||||||||||
|
Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер |
1.Зайкенова Р.. Нұрланова Л.Н. «Қазақ әдебиеті» жалпы білім беретін мектептің 10-сыныбының жаратылыстану-математикалық бағытына арналған оқулық. – Нұр-Сұлтан: «Арман-ПВ», 2019. – 128 б. |
||||||||||||||||||
|
Техникалық құралдар, материалдар |
Ноутбук, бейнежазба, тақырыптық суреттер
|
||||||||||||||||||
|
5. САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ |
|||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі (3-5 мин.) |
Білім алушылармен сәлемдесу, оларды түгелдеу. «Көңіл-күй смайлигі» арқылы берілген смайликтер арқылы білім алушылардың көңіл-күйінен хабардар болу. Топтың сабаққа дайындығын тексеру, келмегендерді белгілеу, сабақтың жоспары мен мақсатын хабарлау, тақырып бойынша білімнің осы мамандық үшін маңыздылығын анықтау. |
||||||||||||||||||
|
Білім алушылардың білімін тексеру (10-15 мин.) |
«Шығарманың әлеуметтік-саяси және тарихи маңызы» тақырыбындағы өткен сабақ бойынша қайталау сұрақтары «Түрксіб» драмасы қандай тарихи кезеңді бейнелейді? Түркістан–Сібір теміржолының Қазақстан тарихындағы рөлі қандай? Шығармада қандай әлеуметтік-саяси мәселелер көрсетілген? Ілияс Жансүгіров бұл драмада қандай идеяны жеткізгісі келді? Кейіпкерлердің әрекеті мен көзқарасы арқылы қандай қоғамдық өзгерістер көрініс табады? Драманың бүгінгі күнге қатысты тарихи және әлеуметтік маңызы неде? |
||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы Жаңа тақырыпты түсіндіру (40-45 мин.) |
Жоспар:
1.Жарасқан Әбдірашев туралы бірер сөз. Өмір сүрген жылдары: 1948 жылы 7 наурызда Қызылорда облысы Арал ауданы Аманөткел аулында дүниеге келіп, 2001 жылы 10 ақпанда Алматы қаласында дүниеден өткен. ҚазМҰУ-дің журналистика факультетін бітірген қаламгер журналистика саласында да өнімді қызмет етті. 2. Жарасқан Әбдірашев – лирик ақын. Өзінің тың қолданыстарға толы тамаша өлеңдерімен оқырман қауымды елең еткізген Жарасқан Әбдірашев 21 жасында КСРО Жазушылар одағына мүшелікке қабылданған. Қазақстан Жазушылар одағының Мағжан Жұмабаев атындағы сыйлығына ие болды. 3. Жарасқан Әбдірашев – эпитафия жанрында өнімді еңбек етіп, бұл жанрды қазақ әдебиетіне орнықтырған ақын (эпитафия (грек. epіtaphіos – қабір үстіндегі) – құлпытасқа жазылған жазу және дүниеден өткен адамға шығарылған жоқтау). Аталған жанрда жазылған «Құлпытас» жинағы ұлттық поэзиямызға қосылған тың жаңалық болды. 4. Жарасқан Әбдірашев – эпигармма жанрында да өз қатарластары арасында ерекше еңбек етті (Эпиграмма (көне грекше: ἐπίγραμμα «қолтаңба») – белгілі бір адамды, затты, болмыс-құбылысты әзіл тұрғысынан бағалайтын сатиралық поэзияның шағын жанры). Қазақ әдебиетінде Абайдан басталатын эпиграмма жанрындағы жазылған туындылары «Әзілің жарасса...» деген атпен 1989 жылы жарық көрді. 5. Жарасқан Әбдірашев – сатирик. Сатиралық өлеңдер – Жарасқан Әбдірашев шығармашылығында үлкен орынға ие. Сондай-ақ «Тамаша» ойын-сауық отауының бас редакторы ретінде көптеген сценарийлер жазып, көрермендердің көңілінен шыққан. 6. Жарасқан Әбдірашев – аудармашы. А.С.Пушкиннің, Поль Элюардың, А.Блоктың, беларусь ақыны Янка Купаланың, үнді қайраткері Р.Тагордың, палестин ақыны Муин Беистің шығармаларын кәсіби тұрғыда қазақ тіліне аударған. 7. Жарасқан Әбдірашев – сыншы. 1969-1970 жылдары «Қазақ əдебиет» газетінің сын бөлімін; 1970-1974 жылдары «Жалын» альманағының сын және поэзия бөлімін; 1974-1985 жылдары «Жұлдыз» журналының сын жəне библиография бөлімін басқарған кезеңде қазақ әдебиетінің көкейтесті мәселелерін тілге тиек еткен көптеген сыни еңбектер жазды. Әсіресе, «Жалын» альманағында істеген жылдарында «Тураби трибунасы» деген айдармен ащы шындыққа суарылған мақалалар жазып, «Әділсын Жұлдызұлы» деп қол қоятын еді. 8. Жарасқан Әбдірашев – балалар жазушысы. Балаларға арналған көптеген өлеңдер, мысалдар т.б. жазумен қатар Агния Барто, Корней Чуковский т.б. шетелдік танымал балалар жазушыларының шығармаларын аударып жас оқырмандарға ұсынған. Ақынның ұлы, белгілі режиссер Рүстем Әбдірашевтің «Қаладан келген қыз» фильміне қаламгердің балалық, жастық шағы арқау болған. 9. Жарасқан Әбдірашев – қоғам қайраткері. Аграрлық партияның белді мүшесі ретінде ауыл тұрғындарының азаматтық, экономикалық, әлеуметтік, мәдени құқықтары мен мүдделерін қорғау жолында қалам қарымымен қызмет етіп, қайраткер тұлғаға айналды. 10. Жарасқан Әбдірашев – есімі ел есінде мәңгі сақталар тұлға. 2001 жылы Алматы қаласында ақын атына көше берілген болатын. 2. Ақын шығармашылығы. Жарасқан Әбдірашев шығармашылығы туралы әдебиет зерттеушілері мен сыншылары тарапынан пікірлер айтылып келеді. Әдебиетші ғалым, профессор Б. Майтанов: «Қазақ поэзиясына ХХ ғасырдың 70-жылдарына қарай еркіндей басып, еркелей келген дарынды жас Жарасқан Әбдірашев болатын» дей келе, ақын поэзиясының көркемдігі мен тілі, шеберлігі туралы ой қозғайды. Ақынның соңғы мұрасы – «Құлпытас немесе екі дүние: фәниден бақиға дейін...» атты жыр кітабы. Ұлттық поэзиямызға үлкен жаңалық болып қосылған бұл жинақтағы эпитафиялық өлеңдер Жарасқан қаламына тән рух асқақтығын барынша айқын танытты. Қайсарлық пен табандылық, тәкаппарлық пен ірілік, асқақ пафос, шешендік толғаныс – осының бәрі бірігіп келіп ақынның романтикасын нақтылай түсті. Романтикаға тән «ерекше жағдайда ерекше характер жасау» принципі Жарасқан Әбдірашевтің «Құлпытас» жыр жинағынан барынша көзге түседі. Қақ төрінен орын алар тарихтың Есімдерін ерендер мен алыптың Жазбау керек қағазға да, басқаға, Жазбау керек тіпті қара тасқа да, Жазу керек жүрегіне халықтың! Жарасқан Әбдірашевтің романтикасы реализммен астасып жатады. Ақынның әр жылдары жарыққа шыққан жыр жинақтарына назар салғанда, үздіксіз ізденісті, көтеріңкі пафоспен өрілген шешендік үлгідегі поэтикалық сөз тіркестерін молынан ұшыратамыз. Мағжанға тән терең сыршылдық, адамның ішкі болмысына үңіліп, оны бейнелеп, айшықтап көрсету тәсілі ақын лирикасында жаңаша қырымен түрленеді. Жарасқан Әбдірашев поэзиясының бір саласын құрайтыны – ақынның эпиграммалары. Түп тамыры антикалық әдебиеттен басталатын бұл жанр, ақынның өзі сипаттағандай «ежелден мәдениетті Еуропа поэзиясына жеңіл қалжыңның желбегейін сыпырып тастап, сатираның жалаң қылышын жанына байлаған жалаңтөс батырлығын байқата келген. Оның бұл мінезін барынша дамытып, халық алдындағы абыройын аяққа бастырмай, керісінше, «есіктегі басын төрге шығарғандар» француз әдебиетінде Ф. Вольтер, Ж. – Ж. Руссо, Э. Лебрен, орыс әдебиетінде В. Тредиаковский, А. Кантемир, М. Ломоносовтар». Аталмыш жанрда шеберліктерін сынап көрген көптеген ұлылардың есімдерін, олардың ішінде А.С.Пушкинді атауға болады. Ұлттық әдебиетіміздің тарихына назар салсақ, эпиграмманың элементтері ілгеріде-ақ бой көрсеткенін байқаймыз. Жарасқан Әбдірашев – халық тіршілігімен қатар толғанған өзекжарды туындыларында туған дала тынысы мен туған тілдің құдіретімен үрдіс алған азамат ақын дәрежесіне көтерілді. Мұндай өрелі биіктікті алуда ақынға «көмекке келген» - көркем айшықты сөз, шұрайлы да шұғылалы ана тілі. «Айтқысы келген сырын, танытқысы келген шындығын жан тебірентер әсерлі суретке айналдырып, қағаз бетіне көңілдегі қалпынан айнытпай түсіру үшін ең қажетті бірден-бір сөз табу - шебер суреткердің қасиетті парызы» - деген З.Қабдолов. Жарасқан – тіл құнарлығы мен ой тереңдігін, поэзия рухын қатар меңгерген тума талант иесі. Оның өлеңдерінде биік азаматтық сарын бар, халқымен бірге қуану, халқымен бірге азаптану бар. Ана тілінің қарапайым әрі қастерлі сөздерімен жан дүниесін тереңнен ашып, небір асыл ойларды сыр сандығынан ақтара ұсынады.
3.«Дала, сенің ұлыңмын». Кең даламызды жырға қоспаған ақын кемде-кем болар. Солардың қатарында Жарасқан Әбдірашевтің «Дала, сенің ұлыңмын» поэмасы ерекше тұр.Ақын осы поэмасы арқылы қазақ даласының поэтикалық портретін жасап шығарған. Ақын поэмада кең даламыздың күллі тарихы мен шежіресін жырға қосады. Барлық қуаныш пен қайғыны көтерген қазақ даласына перзенттік сезімін арнайды. Поэмада «Ұлтарақтай болса да, ата қоныс жер қымбат» деген идеяны көтереді. Осы көтерілген мәселе бүгінгі күнге дейін өзектілігін жойған жоқ деп ойлаймын. Ең алдыменен, ақын поэмада туған далаға деген шексіз махаббатын білдіреді. «Сені, сені... шын сүюдің не екенін, Бір гүліңе ғашық болып ұқтым мен», - деп, туған жерге деген құрметін өлең жолдарына өрнектейді. Ақын өз сезімі арқылы туған даланың бүкіл перзенттерінің асқан махаббатын көрсетеді. Өз туған жері дегенде, тебіренбейтін жан, туламайтын жүрек жоқ. Осы сезімді жеткізуде ақын кең даламен тілдеседі, сыр шертіседі.Осы жерден автордың өзінің лирикалық бейнесін көреміз. Қазіргі өмірмен салыстырсақ, өз перзенттік қарызы мен парызын өтеп жатқан ел азаматтары да бар. Өз халқының әлеуметтік жағдайын көтеруге ат салысып, жерімізді қорғап, қолдап жатқан ақын сияқты туған жер жанашырлары да арамыздан табылады. Сонымен қоса, ақын туған даласының ұлы тұлғаларын да жырға қосады. Даламыздың осылай жайнап тұруына өз үлесін қосқан батырларымызды еске алады. Өзінің кеш туып, талай шайқастардан кеш қалғанына өкінеді. Автор: «Сенің арың – маған да ар», - деп, даланың барлық қуанышы мен қайғысы, жүріп өткен жолы өзіне тиесілі екенін де сөз етеді. Осы жерден-ақ, расыменен де, туған дала үшін болған шайқастар мен жорықтар біздің игілігіміз үшін екенін түсінуге болады. Егер де осыны айқын түйсінген ұрпақ болса, ол туған даласына адал қызмет етеді деп сенемін. Ал, қазіргі өмірде ше? Туған даласына қызмет етіп, перзенттік қарызын толық өтеп жүргендер қаншалықты? Әрине, жоғарыда айтқанымыздай туған елге қызмет етіп жүргендер жетерлік. Десе, де, туған жердің қадіріне жете алмай жүргендер де бар. Оған қазіргі ел ішінде даулы болып тұрған жер мәселесін айтуға болады. Ата-бабамыз: «Ұлтарақтай жер үшін» атқа қонған, оны тарих дәлелдеп отыр. Поэмада ақын көтерген бір мәселе – ер-азаматтардың ұсақталып кеткені. Осыны ақын: «Батылданса – көзбенен найзаласып, қатындарша сөзбенен тайталасып...» деп, өкінішпен шындықты жырлайды.Кешегі өр тұлғалы батырлар елі мен жері үшін деп еңіресе, қазіргінің азаматтары қара басының қамы үшін осындай жағдайға баратынын тілге тиек етеді. Бұл ақынның болашаққа деген қорқынышын білдіреді. Қазақ халқы намысты, текті болған. Сол тектіліктен айрылып қаламыз ба деген ақынның күдігі мен үрейі бар. Егер де олай болса, кең даламызды қорғайтын намысты ер-азамат қала ма? Бұл – қазіргі кездің ең өзекті мәселесі екені шындық.
Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар. 1-тапсырма. Жарасқан Әбдірашев туралы білгеніңді «Түртіп алу» кестесімен толтыр
2-тапсырма. Шығармадағы кейіпкерлер жүйесін тура және жанама мінездеулер бойынша талдап, кестеге толтыр.
3-тапсырма. Шығармада көтерілген мәселелерді айқындай отырып, эссе жазу арқылы түйінде
|
||||||||||||||||||
|
6. Сабақты бекіту (Сабақ бойынша бағалау- өлшеу материалдары, бағалау парақтары, жұмыс дәптері (қағаз және электрондық форматта) (10-15 мин)
|
|||||||||||||||||||
|
|||||||||||||||||||
|
7. Сабақ бойынша рефлексия (5-7 мин)
|
|||||||||||||||||||
- Сабақтан бүгінгі ең маңызды нәрсе не алдым? - С index (көрсеткіш саусақ) – Сабақта неге таң қалдым немесе таңғалдым? - Орта саусақ – Сабақтағы қиындық немесе түсінбеген нәрсе қандай болды? - Төртінші саусақ– Сабақта неге қол жеткіздім немесе неге жеттім? -Шынашақ – Келесі сабақта мен не істеймін немесе қандай мақсат қоямын? |
|||||||||||||||||||
|
8. Үйге тапсырма (2-3 мин) 1.Қазақстан – http://kaztrk.kz арнасынан ақынды еске алу кешін қара. 2. Поэманы идеялық жағынан мазмұндас А.Тарковскийдің «Белый день» өлеңімен салыстыра отырып, екі шығармадағы кеңістік пен уақыт шегіндегі образдардың мән-мағынасы туралы әдеби сын жаз. |
|||||||||||||||||||
|
9. Дайындаған педагог |
|||||||||||||||||||
|
__Полатбек Г.Ж._________ ________________ Т.А.Ә. (қолы)
|
|||||||||||||||||||
шағым қалдыра аласыз













