Сабақ жоспары. Жер бетін бейнелеу тәсілдері 6-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары. Жер бетін бейнелеу тәсілдері 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары. Жер бетін бейнелеу тәсілдері 6-сынып. Жаратылыстану пәні мұғалімдеріне қажет материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім:

6.1В Ғалам. Жер. Адам

Педагогтің аты-жөні

Орынова Амина Абуовна

Күні:

07.10.2021 ж

Сынып: 6

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Жер бетін бейнелеу тәсілдері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

6.2.5.3 масштабты пайдаланып, арақашықтықты есептеу

6.2.5.4 географиялық координаттарды анықтау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады:

- масштабты пайдаланып, арқашықтықты есептей алады

Кейбір оқушылар орындай алады:

- географиялық координаттарды таба алады.

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Қолдану

Бағалау критерийлері

  • Негізгі ұғымдарға анықтама бере алады

  • Кез келен нысанның географиялық орнын анықтай алады

Құндылықтарды дарыту

  • Қоршаған ортаны қорғау және тұрақты дамуға ұмтылу.

  • Дағдылар:сыни және шығармашылық ойлау, өзіне сенімділік және рефлексия жасай алу.

  • Салауатты өмір салтын ұстану.

Пәнаралық байланыстар

  • есептеулер жүргізу.

Алдыңғы білім

  • Картада аудан мен арақашықтықты өлшеу

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут






Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгендеу.

Оқушылардың алдыңғы оқу бойынша алған білімдерін пысықтау.

Ауданды есептеу. 7-мысал. Шешімі: Масштабтың мөлшерін тауып аламыз (1 см=25 км). Берілген өлшемдерді жеке-жеке масштабтың мөлшеріне бөліп аламыз: 25:25=1 см және 50:25=2 см. Картадағы ені 1 см және қзындығы 2 см болатын жер телімінің ауданы 1*2=2 см2.

Оқушылардың қызығушылығын ояту үшін жұмбақ жасырылады.

Теңізде де, түзде де ондай басшы табылмас.

Бағытынан жаңылмас.

Жауабы: Тұсбағдар немесе компас

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтап, оқушылармен бірлесе бағалау критерийлерін анықтау.

Сәлемдесу.


Өздерін ретке келтіру

Кітап құралдарын, дәптерлерін, қаламдарын дайындыққа келтіру


Сабақтың тақырыбы, мақсаты және бағалау критерийлерімен танысады






Дескриптор:

Білім алушы

- дұрыс, нақты түсіндірме жауап үшін – 1 балл





Оқулық, оқушы дәптері







Сабақтың ортасы

30 минут

Жаңа сабақты түсіндіру.

Адамзаттың жаңа аумақтарды игеруіне байланысты жер бетіндегі түрлі геграфиялық нысандардың орындарын нақты анықтап көрсету қажеттігі туды. Б.з дейінгі 276-194 жж. Өмір сүрген ежелгі грек ғалымы Эратосфен алғаш рет жердің бетіне шартты сызықтар – параллель мен меридиандарды кесіндеуді ұсынды.

Меридиан – біздің плпнетамызға тігінен түсірілген сызық.

Параллель - экваторға көлденең орналасқан сызық.

Гринвич меридианы жерді Батыс және Шығыс жарты шарларға бөледі. Барлық меридианның ұзындығы 111 км. Гринвич меридианын нөлдік меридиан деп те атаймыз.

Экватор – ең үлкен параллель. Жер шарын Оңтүстік және Солтүстік жарты шарларға бөледі. Экватордан солтүстік полюске және оңтүстік полюске қарай қозғалғанда параллель ұзындығы қысқарады.

Градус торы – полюстен полюске созылып жатқан меридиан және көлденең созылған параллель сызықтарының қиылысқан жері.

Меридиандар + параллельдер=Градустық тор


1-тапсырма:

Суретте не бейнеленген аттарын жазыңыз:


ҚБ: оқушылар бір-бірінің жұмыстарын бағалайды

Жер бетіндегі экваторға және нөлдік меридианға қатысты нүктенің орнын көрсететін мөлшер (ендік, бойлық) географиялық координаттар деп аталды.

Географиялық ендік – жер бетінің кез келген нүктесіне түсірілген тік сызық пен экватор жызықтығы арасындағы бұрыш. Эватордан солтүстік полюске дейін солтүстік ендік (с.е), оңтүстік полюске дейін оңтүстік ендік (о.е) деп аталады.

Географиялық бойлық – жер бетінің кез келген нүктесіне түсірілетін тік сызық пен бастапқы меридиан жазықтығы арасындағы бұрыш.

Нұр-Сұлтан қаласының координатасы: 71º шығыс бойлық, 51º солтүстік ендік




























Дескриптор:

Білім алушы

- берілген суреттердің аттарын жазады – 3 балл

































Үлестірме қағаздар










Бекіту тапсырмасы




Бекіту тапсырмалары:

2-тапсырма

Дүниежүзінің жарты шарлар картасын қолданып, берілген географиялық нысанның координаталарын анықтаңыз.

1. Мехико қаласы

Нәтижесі: Мехико қаласының координатасы 19º солтүстік ендік, 99º батыс бойлық

2. Рио-де-Жанейро қаласы

Нәтижесі: Рио-де-Жанейро қаласының координатасы 43º батыс бойлық, 22º оңтүстік ендік.



3-тапсырма

Дүниежүзінің жарты шарлар картасын қолданып, берілген координаталар бойынша географиялық нысандарды анықтаңыз.

44º с.е.., 77º ш.б ____________________

29º c.е., 76º ш.б _____________________

Жауабы: 1. Алматы қаласы

2. Нью-Дели қаласы (Үндістанның астанасы)

ҚБ: мұғалімнің бағалауы


Дескриптор: Білім алушы

- қалалардың ш бойлық координаталарын дұрыс анықтайды – 2 балл

-қалалардың ендік координаталарын дұрыс анықтайды – 2 балл


Дескриптор: Білім алушы

- картадан координаталар бойынша географиялық нысандарды

анықтайды – 2 балл


Үлестірме қағаздар, глобус




Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс.

«Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі

Бүгін мен ............................. білдім.

............................. қызықты болды.

............................. қиын болды.

Үйге тапсырма: §14. Градус торы және координаттар

Тапсырма. Глобус және жартышарлар картасы арқылы Орал қаласының координатын анықтау

Оқушылар кері байланыс жасайды



Тақырыпты оқып, тапсырманы орындайды.


Үлестірме қағаздар



Оқулық

48-51 бет



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.10.2021
1800
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі