Материалдар / Сабақ жоспары "Кеңістікте, жазықтықта бағдарлау"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары "Кеңістікте, жазықтықта бағдарлау"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалы даярлық сыныбының "Көңілді математика" курсына арналған сабақ жоспары жарияланды. Тақырыптар "Кеңістікте бағдарлау", "Жазықтықта бағдарлау"
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Сәуір 2024
164
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

2-сабақ. Кеңістікте бағдарлау

Сабақ мақсаты: Балалардың кеңістік туралы түсініктерін дамыту, заттың кеңістікте орналасқан жерін көрсететін алдында, артында, арасында, қасында, ортасында, маңында, астында, үстінде, оң жақта, сол жақта және сөздермен таныстыру, «Қайда орналасқан?» деген сұраққа жауап бере отырып, заттың орналасқан жерін дөл сипаттауға үйрету.


Күтілетін нәтиже: - заттардың кеңістіктегі орнын анықтайды;

  • алдында, артында, арасында, қасында, маңында, астында

үстінде, оң жақта, сол жақта сөздерін орынды қолданады.

Ұсынылатын әдіс тәсілдер:

Сабақты қызықты және көңілді бастау үшін КВЕСТ ойынын ойнауды ұсынамын. «Көңілді математика» елінен балаларға бір сандық келгенін, бірақ сандықты ашу үшін кілтті табу керектігін ескертесіз. Және бірінші хатты оқып беріңіз. Балалардың әр хаттың орналасқан жерін табуына бағыт беріп отырыңыз. Соңында кілтті табады және кілтпен сандықты бірге ашасыздар, сандықтан ойындар жазылған хатқалталар шығады. Кілтке дейін жасырынған хаттарда бөлмендегі заттардың орналастуына қарай алдында, артында, арасында, қасында, маңында, астында, үстінде, оң жақта, сол жақта сөздері болуы міндетті. Балалар кеңстік бағдарлап, хаттарды табуы керек.

Shape4 Shape5 Shape3 Shape1

1-шкафтың үстінде

Shape2

Екі гүлдің арасында

Есіктің оң жағында

Тақтаның алдында

Қызыл кітаптың артында

Өздік жұмыс.

аShape6

Күн дөңгелектің үстінде;

Жұлдыз күннің сол жағында;

Бұлт дөңгелектің сол жағында;

Үшбұрыш дөңгелектің астында;

Смайлик үшбұрыштың сол жағында;

Қосу смайликтің үстінде орналасқан.


) Әр балаға дәл ортасына дөңгелек салынған парақ, суреттер, желім таратылады. Мұғалім нұсқауымен суреттерді параққа желімдейді. Нұсқау бойынша суреттерді орналастыруына қарап балардың кеңістікте бағдарлай алуын анықтаймыз. Берілетін суреттер:









ә) Балаларға көліктер суретімен парақ үлестіріледі. Оңға кетіп бара жатқан көліктерді қызыл қарындашпен, солға кетіп бара жатқан көліктерді көк қарындашпен қоршау керек.

Сабақты бекіту «Мен қайдамын?» ойыны. Мақсаты: кеңістікте бағдарлау қабілеттерін дамыту. Бала отырған орнын «алдында, артында, оң жағында, сол жағында» сөздерін қолданып айтып шығады: Мен Асылжанның артында, Алмастың алдында, Бауыржанның оң жағында, Айшаның сол жағында отырмын.






3-сабақ. Жазықтықта бағдарлау

Сабақ мақсаты: Балалардың жазықтықта бағдарлау дағдысын дамыту.

Қағаз бетінде оң жаққа, сол жаққа, жоғары, төмен, ортасы, жаны, асты, үсті сөздерін пайдаланып бағдарлауға жаттықтыру. Танымдық қабілеттерін жетілдіру.

Күтілетін нәтиже: -заттарды жазықтықта орналасуы бойынша анықтайды;

  • берілген нұсқау бойынша заттарды жазықтықта орналастырады;

  • оңға, солға, жоғары, төмен бағыттары бойынша графикалық диктант орындайды.


Ұсынылатын әдіс тәсілдер:

Сабақты «Ол жерде не жатыр?» ойынымен бастаймыз. Бірінші мұғалім сыныптағы бір заттың орналасқан жерін, оның қасиетін сипаттайды. Мысалы: бірінші сөренің үстінде, текшенің оң жағында дөңгелек зат жатыр, бұл не? Балалар оны табады. Дәл тапқан бала ортаға шығып өзі бір заттың орналасқан жерін, қасиетін сипаттайды. Ойын 5-6 айналымға дейін жалғасады.

Shape8

« Shape7

Суреттегі заттардың орнын анықта» ойыны. Суреттер топтамасындағы заттардың орнын атап шығады.





Ортада үлкен шәйнек, оның оң жағында көгілдір кесе, сол жақта күлгін кесе тұр. Бірінші болып сол жақта піл тұр, оның артында маймыл, соңғы болып аю тұр.

Өздік жұмыс. Графикалық диктант беріледі. Балалар Сол жақтан 7 тор көз. Үстінен 5 тор көз қалдырып нүкте қояды. 2 тор көз оңға, 4 тор көз төмен, 1 тор көз оңға, 2 тор көз жоғары, 1 тор көз оңға, 1 тор көз жоғары, 4 тор көз оңға, 1 тор көз төмен, 1 тор көз оңға, 3 тор көз төмен, 1 тор көз солға, 1 тор көз төмен, 1 тор көз солға, 1 тор көз жоғары, 4 тор көз солға, 1 тор көз төмен, 1тор көз солға, 1 тор көз жоғары, 1 тор көз солға, 3 тор көз жоғары, 1 тор көз солға, 2 тор көз жоғары.

Сабақты бекіту. «Суретшілер» ойыны. Көрінісі аяқталмаған табиғаттың суреті тақтаға ілінеді. Балалар суретшіге көріністі аяқтауға көмектеседі. Төменде күн, өзен, шырша бейнеленген картиналар берілген. Балалар оларды орналастыра отырып, астында, үстінде, арасында, қасында, оң жақта, сол жақта және т.б. сөздерді қолданып, олардың суреттегі орнын атайды.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!