Сабақ жоспары "Көктем құстары " мектепалды даярлық

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары "Көктем құстары " мектепалды даярлық

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға жыл құстарын ажырату
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Тәрбиеші: Танбаева Лаура Ароновна

Тобы: Мектепалды даярлық

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: "Көктем құстары" (Сан мен санау)

Бағдарламалық мазмұны: Заттардың санын салыстыруға үйрету, заттардың тең болу және тең болмау ұғымдарымен таныстыру. Заттарды санау, санды ретімен және қорытынды санын атауға, "Барлығы неше?" деген сұраққа жауап беруге үйрету. 5 көлемінде сандық есептеу дағдысын дамыту. Құстарға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: бірден беске дейін тура және кері санату.

Әдіс – тәсілдер: түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, сұрақ - жауап, жұмбақ жасыру, дидактикалық ойындар, мадақтау. Қажетті көрнекі құралдар: құстардың дауыстары, суреттері, санауға арналған таратпа ұсақ заттық суреттер.

Билингвалдық компонент: ойын - игра – game, бақытты - счастливый – happy, көмектесу - помогать – help, пішіндер - фигуры – shapes.

Іс – әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Себепті қызығушылығын

ояту кезеңі

Шаттық шеңбері:

Мен - сенің досынмың,

Сен - менің досымсың

Қолымыздан ұстайық,

Күлкімізді сыйлайық.

Тосын сәт:

- Балалар, қарлығаш бізге өзінің суретін және үнтаспа беріп жіберген екен, тыңдап көреміз бе?


Өлең жолдарын бірге айтып, бір-біріне қарап күлімсірейді.



Қарлығаштың суретін тамашалайды. Үнтаспаны тыңдауға келіседі.

Ұйымдас-

тырушылық

ізденіс кезеңі

Көкектің шақырған дауысы естіледі.


Қай құстың дауысын естідік?

Қанша рет шақырды?


- Көкек өзге құстар мен жануарлар сияқты өзіне үй салып, еңбектенбейді. Келіңдер оған ұя жасап берейік.


Шығармашылық сәт

Геометриялық пішіндерді қатты қағазға жапсырып, көкекке ұя жасаймыз.

-Қанша геометрияляқ пішіндер қолдандық?

Д/ойын: "Құстар хоры"

Шарты: үстел үстінде ұзақ, қараторғай және қарлығаштардың кескіндері жатады. Тоқ сымында екі қарлығаш, оның жанындағы бұтақта үш қараторғай және жерде төрт ұзақ құстары салынған. Әр қатардағы құстарды

5-ке дейін толықтырайық.

Сергіту сәті:

Жасыл ағаш астында,

Секендейді көп қарға,

Қар-қарқ-қарқ!

Қарқылдады күн ұзақ,

Ұйықтатпай балаларды.

Қар-қарқ-қарқ!

Бәсендеді түн ұзақ,

Мекен етіп ағаштарды.

Қар-қарқ-қарқ!


Билингвалдық компонент: ойын - игра – game, бақытты - счастливый – happy, көмектесу - помогать – help, пішіндер - фигуры – shapes.


Д/ойын: "Қанша өзгешелік бар?"

Шарты: оң жақтағы суретті сол жақтағы суретпен салыстырайық. Айырмашылықтарын тауып, қызыл дөңгелектермен белгілейік.

- Жарайыңдар, балалар!

Көкектің шақырған дауысын таңдана тыңдайды.

Көкектің дауысын танып, қанша рет шақырғанын санап,айтады.

Мұқият тыңдайды, көкектің суретің тамашалайды.

Көкекке ұя жасап беруге келіседі.


Төртбұрыш пен ұшбұрышты үлгі бойынша жапсырып, ұя жасайды.




Үстел үстінен құстар қатарындағы жетпей тұрған құстың санын анықтап, орналастырады, барлық құстардың санын теңдестіреді.




Қимылдар жасайды,

секіріп жүреді.

Қолдарын жоғары көтеріп, шапалақтайды.

Екі жаққа кезек-кезек бұрылады, ұшып кетеді.

Қолдарын жоғары көтеріп, шапалақтайды.



Қайталайды: ойын - игра – game, бақытты - счастливый – happy, көмектесу - помогать – help, пішіндер - фигуры – shapes.


Суреттен айырмашылықтарды анықтайды, белгілейді, санайды.

Іс – әрекеттің бағалау кезеңі

- Қарлығаш бізге не беріп жіберіпті?

- Үнтаспада ненің дауысын естідік?

- Көкекке не жасап бердік?

- Ұя жасағанда қандай пішіндерді қолдандық?

- Ойын кезінде әр қатардағы құстарды қандай санға дейін толықтырдық?

- Оң жақтағы суретті, сол жақтағы суретпен не істедік?

- Айырмашылықтарын қандай түсті дөңгелекпен белгіледік?

Балаларды мадақтау

- Үнтаспа

- Көкектің

- Ұя жасадық


- Төртбұрыш, үшбұрыш


- беске дейін


- Салыстырдық


- Қызыл түсті

Шаттанады.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: заттардың санын салыстыруды, заттардың тең болу және тең болмау ұғымдарын, 5 көлемінде сандық есептеу дағдысын біледі.

Қандай түсініктерді игереді: "салыстыру", "тең болу, тең болмау" деген түсініктерді игерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: құстарға қамқорлық жасай білу іскерліктерін меңгерді.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.02.2019
690
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі