Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Сабақ жоспары "Координаталық сәуле" 5 сынып
Материал туралы қысқаша түсінік
Математика пәні мүғалімдеріне сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
10 Қараша 2018
1209
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Пәні: математика | Сыныбы: 5 «В» | Уақыты: 07.09.2016 | Мұғалімі: А.Маренова |
Сабақтың тақырыбы: | Координаталық сәуле | ||
Сабақтың мақсаты: | Оқушыларға координаталық сәуле, бірлік кесінді және нүктенің координатасы ұғымы туралы түсінік беру. Натурал сандарды және нөл санын координаталық сәуледе кескіндеуді үйрету. Координаталық сәуле бойында бірлік кесіндіні кескіндеуді үйрету. Координаталық сәуле тақырыбынаберілген есептерді шығаруды үйрету. | ||
Сабақтың міндеттері:А) білімділік: Ә) тәрбиелілік: Б) дамытушылық: | Оқушыларға кооринаталық сәуле қалай сызылатынын, координаталық нүктелердің координаталарын анықтауды, координаталық сәуле бойында бірлік кесінділерді сызуды, берілген кесінділердің ұзындығын табуды үйрету. Алған білімдеріне жауапкешілікпен қарауға, өз мүмкіндігіне сенуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу; ақыл – ой тәрбиесі; үлкен жетістікке ұмтылуға тәрбиелеу. Ережелерді есептер шығару барысында қолдана білу дағдысын қалыптастыру. оқушының математикалық ойлау қабілетін дамыту және пәнге қызығушылығын арттырып, білім , білік дағдыларын қалыптастыру. | ||
Сабақтың типі: | Жаңа материалды меңгерту | ||
Сабақтың әдістері: | Жұппен, топпен, жеке жұмыс, сұрақ – жауап, түсіндірмелі – иллюстациалы | ||
Сабақтың көрнекілігі: | Плакаттар, оқулық, үлестірмелі қағаздар, сызығыш | ||
Сабақтың барысы: | Оқытушыныңіс –әрекеті | Оқушыныңіс - әрекеті | Күтілетін нәтиже |
І. Ұйымдастыру бөлімі: | - оқушылармен амандасу;- сыныптың тазалығын қадағалау;- сыныпта жоқ оқушыларды түгендеу. | - оқытушымен амандасу;- кезекші оқушы жоқ оқушыларды оқытушыға айту;- тақтаны сүртіп, сабаққа даярлану. | Оқушылардың түгел болуы, сабаққа дайындығы, сыныптың тазалығы. |
ІІ. Үй жұмысын тексеру: | № 56 есеп. Белгісіз санды табыңдар: | ||
ІІІ. Ой қозғау: | Сабақтың тақырыбын хабарлау мақсатында оқушыларға «Координаталық сәуле» сөзіне құрылған ребус беріледі. | Ребус бойынша «Координаталық сәуле» сөзін табады. | Жаңа тақырып хабарланады |
ІV. Жаңа материалды меңгерту: | Басталу нүктесі О нүктесі болатын сәулені сол жақтан оң жаққа бағыттап сызайық (1.28 - сурет).Сәуленің О басталу нүктесі – санақ басы деп аталып, оның тұсына 0 – ді жазамыз. Сонда 0 саны О нүктесімен кескінделеді.Ұзындығы «бірлік» ретінді алынатын қандай да бір кесінді таңдап аламыз. Мұндай кесінді бірлік кесінді деп аталады.Ұзындығы «бірлік» ретінді алынған кесіндіні бірлік кесінді деп атаймыз.Сәуленің О басталу нүктесінен бастап, ұзындығы бірлік кесіндіге тең ОА кесіндісін саламыз. (1.29 - сурет).А нүктесі санақ басы – О нүктесінен 1 бірлік кесіндіге тең қашықтықта болғандықтан, оның тұсына 1 саны жазылады.А нүктесі 1 санына сәйкес немесе 1 саны А нүктесімен кескінделген делінеді.Санақ басы – О нүутесінен бастап жалғастыра, екі бірлік кесіндіні салып, оның ұшы – В нүктесінің тұсына 2 санын жазамыз. 2 саны В нүктесімен кескінделеді.Сәуленің бойында 3 санын кескіндеу үшін санақ басынан (О нүктесінен) бастап жалғастыра, үш бірлік кесінді салып, оның ұшы- С нүктесінің тұсына 3 санын жазамыз. Осылайша жалғастырғанда сәуле бойында 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7,... сандары нүктелермен кескінделеді. Мұндай сәулені координаталық сәуле деп атайды.Сәуленің О басталу нүктесі санақ басы ретінде алынған, бірлік кесіндісі берілген, бағыты белгіленген сәуле координаталық сәуле деп аталады.Координаталық сәуле мына түрде кескінделеді (1.30 - сурет)Координаталық сәулені «сан сәулесі» деп те атайды.Кез келген натурал сан (нөл саны да) координаталық сәуле бойында бір ғана нүктемен кескінделеді.Координаталық сәуле бойындағы О, А, В, С, ... нүктелеріне сәйкес 0, 1, 2, 3, ... сандарын сол нүктелердің координаталары деп атайды. (1.29 - сурет)Жазылуы: О (0), А (1), В (2), С (3), ... .Оқылуы:О нүктесінің координатасы 0;А нүктесінің координатасы 1;В нүктесінің координатасы 2 және т.с.с.Координаталық сәуледегі берілген нүктеге сәйкес сан осы нүктенің координатасы деп аталады.Сызғыштағы штрихтармен берілген шкала координаталық сәуленің бір бөлігін құрайды. | ||
V. Жаңа материалды меңгергендерін алғашқы тексеру: | Сұрақ – жауап арқылы: | ||
VI. Есептер шығару: | №70 есеп (ауызша)Бөлу амалын орындамай тұрып анықтаңдар: № 71 есеп. Координаталық сәуледе А,В, С және D нүктелеріне қандай сандар сәйкес келеді(1.31 - сурет)? А, В, С және D нүктелерін координаталарымен жазыңдар. №72 есеп.Өздеріңнің қалауларыңша бірлік кесіндіні таңдап алып, координаталық сәуле сызыңдар. Оның бойында: К(1); L (3); N(7); P(10) нүктелерін белгілеңдер. №74 есеп.1.32 – суреттегі координаталық сәулені дәптерге көшіріп салыңдар. В(6) нүктесінің:1) сол жағында одан 4 бірлік кесіндіге тең қашықтықта А нүктесін белгілеңдер. А нүктесін координатасымен жазыңдар;2) оң жағында одан 3 бірлік кесіндіге тең қашықтықта В нүктесін белгілеңдер. В нүктесін координатасымен жазыңдар. №75 есеп.Егер Мақсат 4 марка сатып алса, 20 тг ақшасы артылып қалады. Ал 6 марка сатып алуы үшін 220 тг ақшасы жетпейді. | ||
VII. Жаңа материалды бекіту: | Сәйкестендір: | ||
VIII. Қорытындылау: | Сын тұрғысынан ойлау технологиясы | ||
IX. Үйге тапсырма беру: | №73 есеп, ережелерді жаттау | Өз беттерімен білім алуға дағдыланады, ізденеді. | Өткен тақырыптарды қамтып, есептерді шығарып келу. |
X. Бағалау | Сабаққа белсене араласқан оқушыларды бағалаймын. Бағаны талдау | Бағаланады | Оқушылардың сабаққа белсенділігі артады. Еңбектерінің нәтижесіне қол жеткізеді. |
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)