Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сабақ жоспары. Махамбет Өтемісұлы. 9 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Орынбекова Ж.О |
|
Қазақ әдебиеті |
9 сынып |
||||||||||||||||||||||
Бөлім: |
Тарихи шындық пен көркемдік шешім |
||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Махамбет Өтемісұлы. Өмірі мен шығармашылығы |
||||||||||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары |
9.2.2.1 автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасау |
||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөлін талдайды |
||||||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңі |
Педагог іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурс |
|||||||||||||||||||||
Ұйымдастыру 2 мин |
Оқушылармен сәлемдесу, сыныпта оқушы зейінін шоғырландыру арқылы жайлы атмосфера қалыптастыру |
Оқушы назарын сабаққа аударады |
|
|
|||||||||||||||||||||
5 мин |
Алдыңғы білім. |
Алдыңғы сабақта үйренген білім мен қалыптасқан дағдылар туралы еске түсіреді |
|
|
|||||||||||||||||||||
3 мин |
Сабақ мақсатын оқушылармен талдайды |
Сабақ мақсатына қатысты ойларын түсіндіреді |
|
|
|||||||||||||||||||||
Жаңа сабақ 20 мин |
Махамбет өзінің рухты, көркем, сұлу, бояулы, сымбатты жырымен әр қазақтың жүрегінен орын алған ақын. Әкесі туралы қысқаша дерек айту. Махамбет және Баймағамбет туралы дерек айтамын. Қалған ақпаратты оқушылар өздері тақырыпты оқып топта талқылайды. №1 тапсырма. Постер әдісі. Топқа бөліп, әр топқа тапсырма беру. 1-топқа Махамбеттің өмірі 2-топқа Махамбет шығармаларының тақырыбы 3-топқа Махамбет өлеңдерінің жанры, жарыққа шығуы 4-топқа Махамбеттің МЕНІ |
Дескриптор - М.Өтемісұлының өміріне қатысты нақты деректерді қолданады. –Оның шығармашылығының қазақ әдебиеті мен тарихындағы рөлін ашады. –Тақырыпқа сай нақты мысалдар мен дәлелдер келтіреді. –Автордың идеялық-стильдік тұтастқандығын дәлелдейді. |
Топтар бір-бірінің жұмыстарын бағалап, кері байланыс береді. 5балл |
|
|||||||||||||||||||||
|
|
||||||||||||||||||||||||
|
Бүгінгі сабақтан алған ақпараттар негізінде автордың бейнесі, идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау үшін төменде берілген кестені толтырады №2 тапсырма. Жұптық жұмыс. Махамбет кім? Қандай ақын? Қандай күйші? Қандай батыр? Деген сқрақтарға толық жауап жазу. /анықтауыш, эпитет/
|
Дескриптор - тыңдалым, оқылым, айтылым дағдыларының нәтижесінде берілген кестені дұрыс толтырады. -көркем тілмен жазады |
Қ.Б 3балл |
|
|||||||||||||||||||||
Білім бекіту 7 мин |
3-тапсырма. Берілген сөйлемдердің екінші сыңарын тауып сәйкестендіру. Өздік жұмыс. /оқушыларға таратқан парақта екінші сыңарының орнын ауыстыру қажет/
|
Дескриптор -мәліметтерді дұрыс сәйкестендіре алады -бүгінгі сабақта алған білімін қорытып, тапсырманы өз бетімен орындай алады |
Өзін-өзі бағалау 2 балл |
|
|||||||||||||||||||||
Үй тапсырмасын беру. 5 мин |
Махамбет туралы қосымша дерек іздеу, танысу |
|
|
|
|||||||||||||||||||||
3 мин |
Кері байланыс ,,Менің термоме- трім,, Оқушылар жазба жұмысын жазу барысында нені үйрене алғандарын, не нәрсе қиын болғанын, не нәрсе ерекше қызығушылық тудырғанын айтады |
Оқушылар кері байланыс береді |
|
|
МАХАМБЕТТІҢ «МЕНІ» 4-топқа ықшамдалып берілетін тапсырма.
Бұл “мен” тек жіктеу есімдігі ғана ма? Немесе
бірінші жақтық мағына беру үшін ғана қолданылған деуге сыя ма?
Біздіңше, Махамбет өлеңдеріндегі “Меннің” мәні ерекше. Өлеңге
жүгінелік: Мен, мен едім, мен едім, Мен Нарында жүргенде Еңіреп
жүрген ер едім. Исатайдың барында Екі тарлан бөрі едім. Немесе. Мен
ақ сұңқар құстың сойы едім. Хабаршы №1- 2015ж. 216 Мен бір шарға
ұстаған Қара балта едім. Шабуымды таппай кетілдім. Боз ағаштан биік
мен едім, Бұлтқа жетпей шар сынбан. Мен- тауда ойнаған қарт марал,
Табаным тасқа таяр деп, Сақсынып шыққан қиядан. Мен кескекті ердің
сойымын, Кескілеспей бір басылман. Мен Өтемістің баласы Махамбет
атты батырмын,– деп жалғасады. Осы “МЕН-нің” астарында мол сыр бар.
Мағынасы терең. Бұл жай лирикалық кейіпкердің мені немесе
күнделікті сөйлеуде кездесетін мен емес. Болмаса іс қағаздарында
жазылатын “мен“ де емес. Мұндағы “МЕН” Махамбеттің бүкіл болмысы,
Махамбеттің күрескерлік әлемі. Махамбеттің батыр жүрегі. Осы “МЕН”
арқылы Махамбеттің ісі, күрескерлігі, ерлігі, елге деген махаббаты,
елдің тәуелсіздігіне деген жауапкершілігі мен дұшпанға өшпенділігі
көрініс береді. Махамбет өз МЕНІ арқылы болған іске деген өзінің
жауапкершілін көрсетеді. Істі бастаған ер бар. Кескілеспей
басылмайтын қайтпас қайсар батыр бар. Істеген ісін бітірмей
тынбайтын кескекті ердің сойы бар, боз ағаштан биік батыр бар. Яғни
әрекеттің басында, барысында, аяғында жүрген субъекті – істің иесі
бар. Ол басталған іске өз жауапкершілігін толық сезінеді. Сәтті
ісіне де, сәтсіз ісіне де тек өзі ғана жауап береді. МЕН – бұл
барлық болған іс-әрекеттің иесі. Махамбет-ақын өз ісінің ақтығына
сенеді. Мақсаты — анық, ойы – нық. Күн-түн қатып жүргені “ана
Нарында жатқан жас баланың қамы”. Қара қазан, сары бала қамы үшін
қолға қылыш алды. Еділ үшін егесті, Жайық үшін жандасты, Қиғаш үшін
қырылды, Теңсіздікке жаны көне алмады. “МЕН” халық кегі үшін
жанынан қорқып ешкімге бас ұрмақ емес. Көлденеңнің сөзіне еріп өз
ісінен де, сөзінен де айнымақ емес. МЕН-нің негізгі көздеген мұраты
да айқын: “Хан ұлына қас болу, қара ұлына бас болу”. Махамбеттің
мені өзінің бастаған ісінің әділдігіне сенеді де, соған деген бүкіл
жауапкершілікті өз мойнына алады. Сондықтан да өлең жолдары
“менмен” басталып әрекет иесін айқын көрсетіп отырады. “МЕН” –
ойшыл, дана. Мына жатқан қоғалы көлдер мен, құм, сулардың кімдерге
қоныс болмағанын, дүниенің ешкімге опа бермегенін, жалған мына сұм
дүние кімдерден кейін қалмаған жалған екенін біледі, түйсінеді.
Бірақ бұған бола күрсінбейді. Бұл дүниенің өзінің ішкі заңдылығы.
Ақын жүрегін мазалайтын өз “МЕНІ” жауапкершілігіне алған істің
ақыры, нәтижесі. Ел қорыған, еліне қорған болған, өз теңдігін
сұрап, қолынан бергісі келмегенді, жолынан алғысы келген МЕН,
соңында үлкен қиналыс үстінде. Қиналыс қана емес, тақсірет. Заман
лебі әзірге басқаша соғып тұр еді. Сондықтан да МЕН жалғыз
күңіреніс үстінде. “Ел қорыған мен едім, мен де айрылдым елімнен,
Көл қорыған сен едің, Сен де айрылдың көліңнен. … айтып, айтпай
немене, құсалықпен өтті ғой, Махамбеттің көп күні”. Ия… МЕН тағы да
өз жауапкершілігін толық біледі. Түсінеді, күйзеледі. Өмір өтіп
жатқан ағын судай. Оның басы бар, өрекпіген сәті мен шабытты шалқар
теңізге ұласар шағы бар. Сондай-ақ, жайылып барып, сіңіп
бірте-бірте өзге материяға айналар соңы бар. МЕН осының бәрінде
қатар жүреді. МЕН өзінің әлемге қатысын, әлемнің МЕН-сіз, ал
МЕН-нің әлемсіз өмір сүре алмайтынын іштей біледі. Толғанады да,
тоқталады. Хабаршы №1- 2015ж. 217 МЕН осымен тоқтап, ғұмырын
күйзеліспен өткізді ме? әрине жоқ. МЕН Исатайдың барында Екі тарлан
бөрі еді. Еділдің бойы ен тоғайға ел қондырсам деп, жағалай жатқан
сол елге мал толтырсам деп арман етті. Тілекті құдай бермеді. Бірақ
бұған берісіп, көнетін МЕН жоқ. Ол өзінің жауапкершілігін, ел
алдындағы парызы мен қарызын түйсінеді. Ерге қараған елдің сенімі
мен сезімін біледі. Ежелгі дұшпан ел болмасын да терең түсінеді,
сондықтан да нарқоспақтың баласы оңаша жерде жолықса, аяры жоқ.
Қайраңнан алған шабақтай, қия бір соғып ас етсе, Тамағына қылқаны
кетер деп қорықпас еді. Шындап келгенде, МЕННІҢ мықтылығы, ерлігі
мен батылдығының сыры неде? Неге МЕН-субъект-Махамбет өз атын
қорықпай ашық айта алады. Өйткені оның артында қалың елі тұр.
Мұңдағаны ел мұңы, жырлағаны – елдің жыры. Айтары қара қазан, сары
бала қамы. Халық үшін қан төкті, қараны ханға теңегісі келді.
Махамбет өлеңдеріндегі МЕННІҢ ашық қолданылуының бірнеше себептері
бар. Ең алдымен МЕН-субъект –іс әрекет иесі. МЕН –өз ісінің негізгі
жауапкершілігін өзі алған. Мен – халық үшін жанын қиған ер. Мен –
нақты. Қазіргі әдебиеттегі кездесіп жүрген мендермен Махамбеттің
МЕН-ін салыстыруға келмейді. Тілдік табиғаты басқа. Сөздің
таңбалануы ортақ болғанмен, ішкі мазмұны ерекше, мәні өзгеше.
Сөздің құдіреті, әсіресе, абстрактылы ойлаудың шегіне жеткенде
көрінеді. Нақты ойда сөз тура мағынасында жұмсалады. Ал оның
сәулеленуі, нұрлануы – ойдың ұшқырлығы нәтижесінде, белгілі
абстракциялық шыңға жету сәтінде туындайды. Мұндай жағдайда сөз жер
бетіндегі өзінің күнделікті күйбең тіршіліктегі мағынасын ысырып
тастап, жаңа бейнеге еніп, нұрланады. Сөз қайта түлеп, өзінің нағыз
құдіретті күшіне мінеді. Сөз құдіреті мұнда тек қана тұлғаның
лексикалық мағынасынан ғана емес, грамматикалық құрылымынан, бүкіл
болмысынан көрініп тұрады. Тағы бір кереметі, абстракциялы ойдың
бейнесі ретінде көрінетін сөз мағынасы кең, аумақты да ауқымды.
Сіздің қазіргі түсінігіңізді тереңдетіп, өзімен бірге биікке алып
шығады. Ал Махамбет ақын қолданысындағы сөз құдіреті тым ерекше.
Сөз мағынасының абстракциялылығы, яғни кез келген таңбаның
абстракциялы мән иеленуі, ең алдымен ойлау жүйесіне байланысты
екені белгілі жайт. Махамбет табиғатындағы ұшқыр ой мен кемел ақыл
сөзді де кемелдендіріп жібереді. Сөз – күнделікті тіршіліктегі
қолданысында, грамматика оқулықтарындағы түсіндірілуінде зат не
құбылыстың атауы. Ал Ақын өлеңдеріндегі сөз мәнін, мағынасын осылай
қасаң грамматикалық ережелерге салып түсіндіруге болмас еді. Онда
өлеңнің мәні қалмайды, эстетикалық қабілетінен жұрдай болады. Ақын
психологиясы, заман үні өз бабында қабылданбайды. Тек зат не
құбылыстың қасаң атауы мен олардың жасалуы, немесе антонимдык,
синонимдік, омонимдік сипаты мен теңеулер мен көркемдік айшықтардың
жасауы, қайталама туғызуы т.б. айтылар еді. Бірақ Махамбет
поэзиясының тілі осы айтылғандармен шектеле алмайды. Махамбет
өлеңдеріндегі концепция, контраст, заман бейнесі, әлем көрінісі,
когнитив айқындалуы қажет. Бұл, біздіңше, әлі зерттеле қоймаған тың
мәселе. Әлем бейнесінің қалыбы әртүрлі пропорцияда екі әлемдік
деңгейде көріне алады – материалдық әлем мен көзге көрінбегенмен,
материалдық әлем арқылы сезілетін, адам түйсігіне әсер ететін
идеалдық әлем. Бұл оппозициялық деңгейлер белгілі бір әлемдік
қалыпта бүтіннің бөліктері ретінде анықталады. Әлем бейнесі әмбебап
семантикалық оппозициялардың жиыны ретінде бейнелене алады.
Махамбет өлеңдеріндегі осындай әмбебап семантикалық оппозициялардың
жиыны – Хабаршы №1- 2015ж. 218 концептуальдық жұптар арқылы
көрінеді. Мұндай концептуальдық жұптар – теңдік пен теңсіздік,
ерлік пен ездік, жеңіс пен жеңіліс, жалғыздық пен көптік, достық
пен қастық, жарық пен қараңғы, тыныштық пен шу, әрекет пен тыным,
аспан мен жер, күн мен ай, жалғандық пен шындық, қуаныш пен қасірет
т.б. Махамбет қарапайым сөзбен адам баласының жан дүниесінің
ерлікке, елдікке ұмтылған, ұлы сезімге толы көңіл-күйін жеткізеді.
Махамбеттің жеңісі мен жеңілісі күнделікті өмір ағымында кездесіп
жататын ру арасындағы тартыстардан туған жеңістер мен жеңілістер
емес. Тірліктің өзі бір күрес қой. Оның өзі тек жеңістер мен
жеңілістерден тұрады. Десек те, Махамбеттің жеңісі асқақ, жеңілісі
де ерекше. Сөзімізді Махамбеттің өзінің өлеңдерімен дәлелдейік:
Жеңісінде Махамбет: Дұшпанына келгенде, Тартынбай сөйлер асылмын,
Құла бір сұлу ат мінген, Құйрық жалын шарт түйген, Құм сағыздай
созылған, Дулығалы бас кескен, Ту түбінен ту алған, Жауды көріп
қуанған, Мен Өтемістің баласы Махамбет атты батырмын. Мұндай
төгіліп тұрған жырлар әлемдік поэзиядағы сирек құбылыстар! Тағы да
МЕН. Ешкімнен қорықпайтын, жасымайтын, жасқанбайтын, өзін
жасырмайтын, ешкімге табынбайтын – МЕН бұл. Махамбеттің Мені –
қазақ халқының МЕНІ. Өзі жау іздемейтін, қарсы келген дұшпанға
қаймықпай, кірпік қақпай қарсы қарап тұратын қазқ халқының жауынгер
ұлдары мен қыздарының Мені. Махамбеттің жеңілісті сәті: Мұнар да
мұнар, мұнар күн, Бұлттан шыққан шұбар күн. Буыршын мұзға тайған
күн, Бура атанға шөккен күн. Бұлықсып тұрған мырзадан Бұрынғы
дәулет тайған күн. Қатарланған қара нар Арқанын қиып алған күн.
Алма мойын аруды Ат көтіне салған күн. Бұл – елім деп еңіреген
ердің ажал құшағын тауып, басталған іс жеңіліс тауып тұрған сәт.
Күн – Мұнар, бұлттан шыққан күн шұбар. Бура атанға шөккен соң,
ақырзаман емей немене? Алма мойын ару атқа мінгестіріліп күң болса,
жеңіліс емей немене. Ақын жүрегі қан жылайды, күн де жылайды, дауыл
теріс соғады, Хас бәйтерек жығылған, қылыш балдағынан сынған,
дұшпанның көңілі тынған күн. Ақын өлеңдеріндегі мұндай контрастық
тұстар мол. Ең бастысы мұндай когнитивтік модельдің берілуі нағыз
классикалық үлгіде, төгіліп тұр. Ақынның “Жалғыздық” атты
өлеңіндегі көлемдік концептер контрастық қағидасы арқылы өріліп,
өлеңнің философиялық өзегін құраған. Мұндағы күн мен түн, жалғыздық
пен қауым, әділдік пен әділетсіздік қатар алынады. Бұл дүние
жүзінде Айдан ару нәрсе жоқ. Хабаршы №1- 2015ж. 219 Ол түнде бар
да, күндіз жоқ. Күннен ару нәрсе жоқ. Ол күндіз бар да, түнде жоқ.
Күн мен ай концептуальдық жұбын негізге ала отырып, ақын басына
түскен трагедиялық жағдайды толық контрастық пен қарама-қайшылық
сипатта көрсетіп, оның табиғи қырын ашады. Күн мен түннің ауысуы,
жарықпен қараңғының болуы – тіршілік заңы, болмыстың заңы.
Диалектика заңы. Бұл бұлжымайды. Сондай-ақ, даму-диалектиканың
заңдылығының бірі қарама- қайшылықтың бірлігі мен күресі емес пе?
Ақынның ұтқаны – кеңістік атауларын алып, оның мәні мен маңызы
арқылы өз жүрегінің сырын ашуы. Кеңістік атаулары – күн мен айды
алуының терең символдық мәні бар. Ұлы дала. Аспандағы ай мен күн.
Ең бастысы керілген ұлы даладағы –жалғыз АДАМ – МЕН. МЕН – әлемнің
бір ғана бөлшегі. Өлең соңы “Бәрін айт та, бірін айт, Қаумалаған
қарындас Қазақта бар да менде жоқ, — деп аяқталады. Бұл жалғыздық
тек Махамбет басындағы жалғыздық десек дұрыс болар ма? Ойлана
білген пенденің кез келгенінің МЕНІ – жалғыз-ау. Мұсылманшылық
кімде жоқ, Тілде бар да, дінде жоқ. Осындай ойлар әлемдік
классикалық әдебиетте мол-ақ. Дін басылардың өз айтқанына қарсы
іс-әрекет істейтіні қашан да жазылып келе жатыр. Халық оны
“молданың істегенін істеме, айтқанын істе” деп бірауыз сөзге
сыйғызған. Махамбет-ақынның “Жалғыздық” өлеңінде мұндай мотивтің
жүруінің өзіндік сыры бар. Тағы да әлемдік концептер мен оның
қабылдануы, түсінілу ерекшелігі айқын көрінеді. Бар мен жоқ
антонимдік сыңарының мағыналық қарама- қарсылығын пайдалана отырып,
әлемдік қарама-қайшылықты көрсетеді. Ақын өзінің ішкі сезімімен
бүтіннің ортасында жүреді. Бүтін әлеммен бірге тыныстайды, бүтінді
өзін тыңдауға шақырады. Махамбет өлеңдеріндегі контрастық
ұғымдардың дені зат есімдермен беріледі. Бұған да үлкен мән берген
дұрыс. Сөзді тайға таңба басқандай анық қолдану – кез келген
таланттың маңдайына жазылған бақ емес. Сондықтан да болар Мұқағали
ақын былай деп жазады: Жасырмай ойымды айттым талай-талай, Қайтейін
кетті бәрі қарайламай. Айтарын ашып айтқан абайламай, Дариға-ай,
Махамбеттер, Абайлар-ай!!! Айтайын деген ойын айқын жеткізе білу,
сөзді дәл тауып, сәнін келтіру – қиын іс. Аз сөзге үлкен ой сыйғыза
білу — қазақтың сөз өнері дәстүрінде кең өріс алғаны тағы рас.
Қазақтың ғажайып мақал-мәтелдері мен нақыл сөздерді еске алсақ та,
сөзіміз дәлелді. Осындай нақ мағына беретін, дәл айтылған ұтымды
ойды екі ауыз сөзге сыйғыза алған тіркестер Махамбет өлеңдерінде де
мол кездеседі. Бір сынаған жаманды, Қара қазан сары бала, Екіншілей
сынама. Қамы үшін, қылыш сермедік. Мұсылманшылық кімде жоқ,
Арғымақтың баласы Тілде бар да, дінде жоқ Арығанын білдірмес. Тура
биде туған жоқ. Хас жақсының баласы Арада тұрып сөйлемес. Хабаршы
№1- 2015ж. 220 Мұндай тіркестерді тағы да келтіре беруге болар еді.
Бірақ бұл іргелі жұмыстың зерттеу нысаны болуға тұрарлық дүниелер.
Сонымен, “бөрідейін жол жатып, жауырынына мұз қатып, жалаулы найза
қолға алып” әділетсіздікпен, теңсіздікпен күресіп өткен
күрескер-ақын Махамбет шығармаларының тілдік ерекшеліктерін терең
талдау, оның сөз қолданыстарының сиқырын ашу алдағы күндегі
міндетіміздің бірі.
№2 тапсырма
Сабақ бекіту кезінде берілетін тапсырма
1-сыңары |
|
2-сыңары |
Махамбет – отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманұлы бастаған көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі |
|
Осы көтерілістің жалынды жыршысы |
Махамбет шығармалары – бұқара өмірінің рухани-поэтикалық шежіресі |
|
Шаруалар қозғалысының шынайы бейнесі |
Махамбет жырлары дәуір шындығын бейнелеп, көтеріліс айнасы болып қана қоймай, |
|
Асқақ рух пен болашаққа деген сенімнің ерекше үлгісін көрсетті |
Махамбет жыраулық поэзия дәстүрін шебер дамыта отырып, |
|
Қазақ өлеңінің табиғатын жаңартты |
Ол өзі дүниеге келген өңірдің, Қазтуған, Шалкиіз, Жиембет, Доспамбет сияқты |
|
Біртуар тұлғаларының өлмес мұраларын көкірегіне тоқып өсті. |