Сабақ жоспары "Мамандықтың бәрі жақсы " мектепалды даярлық

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары "Мамандықтың бәрі жақсы " мектепалды даярлық

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға мамандық туралы түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Тәрбиеші: Танбаева Лаура Ароновна

Тобы: Мектепалды даярлық

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы» (тілдің грамматикалық құрылысын қалыптастыру)

Мазмұндық бағдарлама: Ауызша сөйлеуде сөздерді граммвтикалық тұрғыдан дұрыс айтуға (жекеше, көпше, септеп, тәуелдеп, жіктеп) және байланыстырып сөйлеуге үйрету, мамандықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, танымдық қызығушылықтарын арттыру.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Мамандықтар туралы жұмбақ жасыру, әр мамандықты сурет арқылы таныстыру

Әдіс-тәсілдер: Жылулық шеңбері, көрсету, әңгімелеу, сұрақ – жауап, түсіндіру. Қажетті көрнекі құралдар: Мамандық иелерінің суреттер, Буратино қуыршағы, автобус билеттері.

Үштілділік компонент: мамандық – профессия - profession, шекара – граница - border , қой – баран - ram

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Себепті қызығушылығын ояту кезеңі

  • Балалар, бәріміз ортаға шығып, «шаттық шеңберін» құрайық.

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келген қуаныш нұр іздеген,

Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

  • Бүгінгі оқу іс- әрекетінде ақын

Мұзафар Әлімбаевтың «Жұмыстың бәрі жақсы» өлеңімен танысамыз.



Шаттық шеңберін құрып, өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.


Өлеңді тыңдайды

Ұйымдас-тырушылық ізденіс кезеңі






Өлең оқу

Құрылысшы:

Қолда темір қалағым,

Содан сарай қаладым

Алматыдан аумайтын

Әсем қала саламын.

Шахтер:

Орны бөлек елдегі,

Шахтердің көп еңбегі

Тау-тау болып үйілген,

Оның қазған кендері.

Ұстаз:

Оқу – білім ордасы,

Ұстаз оның арнасы

Ұстаздық деген ұлы іс

Адамдардың айнасы.

Ғарышкер:

Тұңғышты – ғарышты,

Тұнып тұрған алысты

Орындалып арманы

Ғарышкерлер шарлады.

Сұрақ – жауап (сурет арқылы):

  • Өлең шумағында не жайлы айтылған?

  • Кім білім береді?

  • Автобусты кім айдайды?

  • Тұрғын үйді кім салады?

  • Балаларды кім емдейді?

- Балалар, біздің балабақшада кімдер жұмыс жасайды?

-Дұрыс айтасыңдар.Бізге тақпақ, ән мен биді үйрететін кім?

- Ал ауырып қалсақ кімге барамыз?

- Күнде дәмді тамақ пісіретін кім?

-Сонымен қатар балабақшада тігінші мен ұста бар. Біздің мерекелік киімдерімізді тігетін- тігіншілер.Ал сынған орындықтарымызды, шкафтарымызды жөндейтін-ұсталар бар.

-Ал сендердің ата-аналарың қандай жұмыс істейді?

Ата-аналарының және басқа да мамандықтар туралы сурет арқылы әңгіме құрату.

Сергіту сәті:

  • Қане, балалар, орнымыздан тұрып,

денемізді бір сергітіп алайық.

Кәне, кәне тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық,

Алақанды ұрайық,

Отырып бір тұрайық.

Оң жаққа бұрылып,

Сол жаққа бұрылып,

Бір шапалақ ұрайық

Слайд көреміз

  • Балалар, қазір мамандықтар және

олардың қызметі туралы слайд көреміз. Мамандықтар туралы айтып береміз.

Дидактикалық ойын: «Кім болам?»

  • Балалар, қазір, біз осы мамандық

иелеріне қатысты ойын ойнаймыз. Мына тақтада ілінген суреттердің ішінен өзіңіз қалаған мамандық иелерінің суретін алып сол мамандық туралы әңгімелейсіздер.

«Көңілді доп» ойыны

  • Балалар, менің қолымдағы не, қараңыздаршы?

  • Дұрыс айтасыздар. Қане,

барлығымыз шеңбер бойына тұрайық. Мына допты допты лақтырамын, және мамандықты атаймын. Допты кім алса, оның не істейтінін айтасыздар.






Тәрбиешіні зейін қойып тыңдайды.
















  • Мамандықтар жайында

  • Ұстаз

  • Жүргізуші

  • Құрылысшы

  • Дәрігер


  • Тәрбиеші, аспазшы,

биші, әнші, суретші т.б

  • Тәрбиеші

  • Дәрігер

  • Аспазшы



Тәрбиешінің түсіндірмесін тыңдайды





Өздерінің ата - аналарының қайда жұмыс жасайтыны туралы әңгімелеп, айтады







Сергіту сәтін қимыл – қозғалыспен орындайды








Слайдты көріп, сөйлем, әңгіме құрастырады.



Ойынды қызығушылықпен ойнайды

Өз қалаулары бойынша суретті алып, сол бойынша әңгімелейді



  • Доп

Допты ұстап алған бала аталған мамандық иесінің не істейтінін айтады



Іс-әрекеттің бағалау кезеңі





Қорытындылау:

  • Сонымен бүгін біз кімдермен

таныстық?

  • Балабақшада кімдер жұмыс

жасайды?

  • Өте жақсы. Қандай жұмыс

жасасақ та ол үшін көп еңбектенуіміз керек және өз елімізге пайдамызды тигізуіміз керек.Осыны естен шығармаңыздар, балалар! Сонда ғана жақсы маман иесі боламыз!

  • Сендер өскенде кім болғыларың келеді?

Балаларды мадақтап, ұйымдастырылған оқу қызметін аяқтау.



  • Құрылысшы, дәрігер, ұстаз, өрт сөндіруші және т.б

  • Биші, әнші, аспазшы, тәрбиеші т.б



Тәрбиешінің түсіндірмесін тыңдайды




Өздері армандап жүрген мамандықтары туралы айтады

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: мамандық түрлері туралы біледі.

Қандай түсініктерді игерді: мамандықтарға қажетті құрал – жабдықтарды, ол мамандықтардың не үшін қажеттілігін игерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: тақырыпқа байланысты сөйлем құрастыруды меңгерді.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
09.02.2019
2157
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі