Сабақ жоспары "Мақсат - жетістік желкені" 8 - сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары "Мақсат - жетістік желкені" 8 - сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары 5 сыныпқа сабақ беретін Өзін - өзі тану пәні мұғалімдеріне көмегі бар деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы

17 жалпы орта мектеп





Бекітемін:

Мектеп директор м.у.а

___________А. Ахмедов









Өзін – өзі тану пәнінен өтілетін практикалық сабақ


Сабақ тақырыбы: №5. Мақсат – жетістік желкені









Мұғалім: Султанкулова Сарвиноз Анаркуловна

Сыныбы: 8 – «Б»


















Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары


Мектебі: №17 жалпы орта мектеп

Күні: 4.10.2016ж.

: 5

Мұғалімі: Султанкулова Сарвиноз Анаркуловна

Сыныбы: 8

Оқушылардың саны: 24

Тақырыбы: Мақсат – жетістік желкені.

Құндылығы: Ақиқат.

Қасиеттері: Білім іздеу, шыншылдық, ойдың, сөздің және істің бірлігі.

Мақсаты: Оқушыларға алдына дұрыс қою арқылы мақсат арқылы жетістіктерге жете алатындығын ақиқат құндылығы арқылы түсіндіру.

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларды білім іздеуге үйрету.

  2. Дамытушылық: Оқушылардың шыншылдық қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушылардың ойдың, сөздің және істің бірлікте болуына тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.www.shkolamechti.ru

2.https://angime.wordpress.com

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылар аффирмацияны оқиды.

    1. Мен жақсы адаммын.

    2. Менің қалауым – алға қарай ұмтылу.

    3. Мені ешкіммен және ешнәрсемен салыстыруға болмайды.

    4. Мен бұл өмірде өзіме және басқаларға сүйіспеншілікпен қарауды үйрену үшін келгенмін.

    5. Менде барлығы тамаша!

    6. Мені адамдар сыйлайды, әрі жақсы көреді.

    7. Мен сабырлымын, менің жаным тыныш.

    8. Табыс менің әрекетімнің жемісі.

    9. Мен өз сәттілігімні өзім жасаймын. Мен оған сенемін.

    10. Менің өмірім – мүмкіндіктер мұхиты болып табылады.

    11. Мен кез – келген жағдайда табысқа жететініме сенімдімін.

    12. Бүгін мен өз сәттілігімді келесі дәрежеге көтеруге дайынмын.

    13. Мен өмірдің ең жақсысына лайықпын.

    14. Мен өзімді керемет сезініп тұрмын.

    15. Сәттілік – әрқашан менімен бірге.

    16. Мен бақытты адаммын.

    17. Мен сүйіспеншілік және ақылмен әрекет жасаймын.

    18. Мен өзімді сүйемін. Менде барлығы жақсы.

    19. Мен өмірімді жақсы көремін.

    20. Мен әрдайым қалаған нәрсеме жетемін.

Мұғалім сөзі: Бұл позитивті аффирмациялар адамға ерекше жылылық, сенімділік, күш сыйлайды. Күнделікті арманымызға бір қадам жасайық, жоспар құрып, мақсатымызға ұмтылайық. Сеніңіз біз ойлағанның барлығы ерте ме, кеш пе орындалады.

  1. Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.
Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену».
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсі ріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқта рыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындық ты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға ба ғыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсы лықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңыз ға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқындап және шұғылана бастайды, сіздің денеңіз ден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқанда рыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағытта ңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсім діктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішім де... Мен Нұрмын»
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

1. №4 сабақ. Жұмыс дәптердегі 1 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №5, 24 – беттегі «Адам өмірі» аңызын оқып келу.
1. Сұрақтар:

1. Сіздер қайсысының пікірімен келісесіздер? Неліктен?
2. Қалай ойлайсыздар, адам өмірінің өткені, қазіргісі, әлде болашағы маңызды ма?
3. «Өткен бақытты ойлау – жаныңды жабырқатады, болашақ бақыт туралы ой жаныңды жегідей жейді» деген пікірді қалай түсінесіздер?
4. Мақсат қоюдың адам өмірінде алатын орны қандай?

5. Мақсатқа қол жеткізу оңай ма?

6. Мақсатына жету үшін адам өзіне қандай құндылықтарды серік етуі керек?

7. Адамның өмірлік мақсатын айқындаудағы өзін- өзі танудың орны қандай?


  1. Сабақтың дәйексөзі.

«Адам өзі жүріп келе жатқан жолын ұлы ете алады. Ал жол адамды ұлы ете алмайды».

Конфуций.

Оқушыларға 3 рет айтқызып, дәптерге жаздырту.

Конфуций (551 ЗБ479 ЗБ Ежелгі Қытай ойшылы,

тарихшы, мемлекет қайраткері, қытай  корей, вьетнамдық және жапон өмір тұрысы мен ойлау ғұрыпына терең ықпал еткен, әйгілі қытай ақылманы және әлеуметтік пәлсапашысы. Халық оны сүйіспеншілікпен «Ұстаз күн» деп атаған.

Сұрақтар:

  1. Мақсат адамға не үшін қажет?

  2. Барлық уақытта өз қалауыңызға жетесіз бе?

  3. Біз қалай жүріп келе жатқан жолымызды ұлы ете аламыз?

  4. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

Қорытынды: Адамды арманға жеткізетін, талай шыңға шығаратын, биікке көтеретін даңғыл жол, ол- Мақсат. Әр адам алдына мақсат қоюы тиіс және де сол мақсатына жету үшін барынша әрекет жасауы керек.


  1. Оқиға айту (Мұғалім сыйы)

«Қалам».

Болат атасының жазу жазып отырғанын көріп: “Біз туралы әңгіме жазып отырсың ба? Мен туралы да жазасың ба?” деп сұрайды. Атасы жазуды қойып, немересіне: “Иә, сен туралы жазып отырмын. Бірақ қолымдағы қалам не жазып жатқанымнан да маңызды. Есейгеніңде сен де осы қаламды жақсы көретін боласың”. Болат қаламға қызыға қарап, ерекше ешнәрсе таба алмаған кезде: “Ата, мына қалам басқа қаламдарым сияқты ғой. Қандай да бір ерекшелігі жоқ қой!” дегенде, атасы: “Қалай қарағаныңа байланысты. Бұл қаламның 5 ерекшелігі бар. Егер де осы ерекшеліктерін есепке алып өмір сүрсең, бақытты бола аласың.

Ол ерекшеліктер мыналар:

  1. Керемет нәрселер жасай алатыныңды ұмытпа.

  1. Не жазсам да, анда санда тоқтап, қаламды ұштауға қажет уақыт бөлуім керек. Ұштағаным қаламның жанына батса да, ұштағаным оның одан әрі жақсаруына себеп болады. Сондықтан кейбір қиындықтарға қарсы шыдамды болуды үйренуің керек, бұл сені одан әрі күшейтеді.

  2. Қалам қате бір нәрсе жазған кезде, қатесін өшіргішпен өшіруге мүмкіндік туғызады. Жасағандарың қате болса, оларды жөндеуге дайын болуың керек және де қате жөндеуден ұялмауың керек.

  3. Қаламның ең маңызды жағы оның қалыбы емес, яғни сыртқа көрінген жағы емес, ішіндегі өзегі. Сондықтан қашан да өзегіне қарап, ең бастысы соны қорғауың керек…

  4. Ең соңғы ерекшелігі – артынан із тастауы. Тура сол сияқты сен де өміріңде жасаған әр әрекетің бір із тастайтынын ұмытпауың керек, әр қадамыңды абай басуың керек”.

Қорытынды: Қаламның бес ерекшелігінен жалпыадамзаттық құндылықтарды көруге болады. Яғни, бірінші ерекшелік – адамдардың керемет нәрселер жасауы бұл – Ақиқат. Екіншісі – қиындықтарға төзе білуі бұл – Ішкі тыныштық, үшінші ерекшелік – өзінің қатесін жөндеу, өзгелердің қатесіне түсіністікпен қарау бұл – Сүйіспеншілік. Төртіншісі – өзегін қорғап, сақтауы бұл – Дұрыс әрекет. Соңғы ерекшелік – жасаған қадамына абай болу бұл – Қиянат жасамау.

Сұрақтар:

  1. Аңыз ұнады ма?

  2. Қаламның бірінші ерекшелігі не екен?

  3. Екінші ерекшелігі туралы айтыңыз.

  4. Қаламның үшінші ерекшелігінен не түсіндіңіз?

  5. Өзегіне қарап, ең бастысы соны қорғау керек – дегенді қалай түсінесіңдер?

  6. Қаламның ең соңғы ерекшелігі не екен?

  7. Аңыз қай құндылық туралы айтылған?

  8. Аңыз әңгімеден нені үйренуге болады?


5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар жалпыадамзаттық құндылықтар бойынша бес топқа бөлінеді: 
1. «Ақиқат» тобы.
2. «Ішкі тыныштық» тобы.

3. «Сүйіспеншілік» тобы.
4. «Дұрыс әрекет» тобы.

5. «Қиянат жасамау» тобы.
Тапсырма: Әр топ оқушылары өздеріне бөлінген құндылықтың анықтамасын айтып, «Бүгінненжарқын болашағыма!» тақырыбында жоба қорғайды (сурет салу).


6. Топпен ән айту.

Атамекен

Әні: Е.Хасанғалиев

Сөзі: Қ. Мырзалиев

Жaсыл жaйлaу-түкті кілeм, көк кілeм,

Көк кілeмдe көп oйнaймын, көп күлeм.

Мaңдaйымнaн сипaп өткeн сaмaлды,

Қaзaғымнын aлaқaны дeп білeм.


Қaйырмaсы:

Кaйдa жүрсeм aтaмeкeн,

Көкeйімдe жaтaды eкeн.

Күннің өзі ұясынa,

Қимaй oны бaтaды eкeн.



Жaсыл жaйлaу-түкті кілeм, көк кілeм,

Көк кілeмдe көп oйнaймын, көп күлeм.

Aсқaр тaуым, aспaныммeн aстaсқaн,

Қaзaғымнын мәртeбeсі дeп білeм.


Жaсыл жaйлaу-түкті кілeм, көк кілeм,

Көк кілeмдe көп oйнaймын, көп күлeм.

Күннің нұрын, aйдың әппaк сәулeсін,

Қaзaғымның мaxaббaты дeп білем.



  1. Үй тапсырмасы.

1. 5 – сабақ. «Менің өмірлік мақсатым» тақырыбында шығарма жазу.

2. келесі сабақ. №6, Б. Төреқыздың шығармасын оқып келу.

27 –бет.


  1. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3].

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. Рахмет!



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Өзін – өзі тану пәнінің оқу бағдарламасы «Бөбек» Алматы, 2010

  2. «Өзін – өзі тану» Оқулық. 8 сынып. «Бөбек» Алматы, 2010

  3. «Өзін – өзі тану» мұғалімге арналған әдістемелік құрал. «Бөбек» Алматы, 2010

  4. «Өзін – өзі тану» Оқушы дәптері. 8 сынып. «Бөбек» Алматы, 2010

  5. www.shkolamechti.ru

  6. https://angime.wordpress.com



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.12.2017
934
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі