Материалдар / Сабақ жоспары: Математика "Есеп шығару" 1-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары: Математика "Есеп шығару" 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
БҰл сабақ жоспары 1-сыныптың математикасынан 79-сабақтың қысқа мерзімді жоспары . Сабақтың тақырыбы: Есеп шығару. Оқулық "АлматыКітап" баспасы 2021ж .Оқулық авторлары: Ә.Ақпаева, Л.Лебедева
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Ақпан 2022
874
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін :________________

Пәні:

Математика

Бөлімі:

Саяхат

Педагогтің аты-жөні:


Күні:

14.02.2022

Сыныбы: 1 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Есептер шығару / Автокөлікпен саяхат

Оқубағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.5.1.1.Есепті сызба, сурет, қысқаша жазба түрінде модельдеу / есепті шешу үшін тірек сызбасын таңдау;1.5.1.3.Қосынды және қалдықты табуға берілген есептерді талдау және шығару /кері есеп құрастыру және шығару;1.5.1.4.Санды бірнеше бірлікке арттыру, кеміту, айырмалық салыстыруға берілген есептерді талдау және шығару, кері есептер құрастыру және шығару;

Сабақтың мақсаты:

Есептер шығарасың.

Сабақтың барысы:

Кезеңі/уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

5мин

Өзін- өзі тексеру

(5 мин)

Ынталандыру.Өткен сабақта біздің кейіпкерлер саяхатқа ұшақпен аттанды. Ал сендер немен саяхаттадыңдар? Сырымның жанұясы саяхатқа машинамен барады. Олар өздерімен аймақтың планын және өлшеу құралдарын алды.

Өзектендіру.«Ыстық орындық» әдісі.Оқушылар сұрақтар құрастырып, орындыққа отырған оқушыға сұрақ қояды.

Қысқаша жазбаларға қара.

Бұлар қандай есеп түрінің қысқаша жазбасы?Қандай есептердің түрлерін білесің?Бірінші қысқаша жазбада не белгісіз?Оны қандай амалды пайдаланып табады?Екінші қысқаша жазбада не белгісіз?

Оны қандай амалды пайдаланып табады?Қаншаға артық(кем)екенін қалай табуға болады?

Дискриптор:

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.Қысқаша жазбаларға қарап сұрақтарға жауап береді.

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау

«Ыстық орындық» әдісі.


Жаңа білім

(30 мин)

Мақсат қою (мәселелік жағдаят).Бүгін біз осыған дейін алған білімімізді пысықтаймыз.

Өзіндік жұмыс.Оқулықтағы №1тапсырманы өз бетімен орындайды.

Олар планға мәшинемен жүретін жолдарды кесінділермен белгіледі. Көк кесінділердің, қызыл кесінділердің ұзындықтарының қосындысын тап.Қысқаша жазылуы бойынша есептер құрастыр.

Қиындықтарды түзету.

Мұғалім тапсырмалардың орындалуының дұрыстығын тексереді.

Кімде қиындықтар туындады?Сендер қай жерде қателік жібердіңдер?

Жіберілген қателіктің себебі неде? Өз жұмыстарында қателік болмағандар, өздеріңнің іс-әрекеттеріңнің мақсатын тұжырымдаңдар.

(Қосымша тапсырмалар орындау).Қателік байқағандардың жұмысындағы ары қарайғы мақсаты қандай?

(Қателіктерді түзету).Қателіктерді түзету алгоритмін қолданамыз.

Қателікті түзету үшін оқулықтағы №2 тапсырманы орындайды.Есептерді оқып, оларды салыстыр. Есептерге қысқаша жазылуын таңда. Олардың біреуін жазып, шығар.

Дискриптор:

Тапсырманы өз бетімен орындайды.

Көк кесінділердің, қызыл кесінділердің ұзындықтарының қосындысын табады.

1см+4см+5см=10см

2см+8см+10см=20см
Қысқаша жазылуы бойынша есептер құрастырады және оларды шығарады.



Қатемен жұмыс жасайды.


Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалау







Оқушылардың жұмысы смайл беру арқылы бағаланады.

Оқулық, дәптер.

Оқулық, дәптер.


Бекіту (5 мин)

Осыған дейін өтілген материалмен жұмыс.

«Жұптас, ойлан, бөліс» әдісі. Оқулықтағы №3тапсырманы жұппен орындауды ұсынуға болады.Бос орынға амалдар таңбасын жазады.

Оқулықтағы №4 зерттеушілік тапсырманы орындауды ұсынуға болады.

Автокөлік бір сағат жолға 10 л жанармай жұмсады. Жанармай осындай мөлшерде жұмсалатын болса, екі (үш, төрт) сағатқа неше литр қажет?

Оқушыларға бір сағат жолға 10 л жанармай жұмсайтыны белгілі, осыдан екі сағатқа қанша жанармай жұмсайтынын анықтайды:

екі сағатқа –10л+10л=20 л

үш сағатқа – 10л+10л+10л=30 л

төрт сағатқа – 10л+10л+10л+10л=40 л

Қажетті таңбаларды анықтайды.



Бір сағат жолға жұмсалатын жанармай мөлшерін негізге алып үшң төрт сағатқа жұмсалатын жанар мөлшерін анықтайды.

«Фигуралар» әдісімен жұптағы оқушылардың жұмысы бағаланады.

Оқулық, дәптер.

«Жұптас, ойлан, бөліс» әдісі.

Рефлексия

«Табыс сатысы» әдісі:
1 - баспалдағы. Мен ... БІЛЕМІН,
2 - баспалдағы. Мен ... ТҮСІНЕМІН,
3 - баспалдағы. Мен ... ЖАСАЙ АЛАМЫН.

Оқушылар сабақта не білетінін, не түсінгенін, нені жасай алатынын көрсету үшін стикерді табыс сатысына жабыстырады.


«Табыс сатысы».








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!