Сабақ жоспары: Мектепке баратын жол

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары: Мектепке баратын жол

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныптарына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы: 

Мектепкебаратынжол

Мектеп: № 29 К. Тленшин атындағы ЖОМ

Күні :  

12. 10. 2016ж

Мұғалімнің есімі: Г. Байботаева

СЫНЫП: 1 "А"  сынып

Қатысқандар саны: 

 

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

• Барлық оқушылар: жаяу жүргінші және жолдағы қауіпсіздік ережелері туралы біледі

 

• Оқушылардың басым бөлігі: үйден мектепке дейінгі жергілікті жер сұлбасын сыза отырып, картографиялық қызметтің бастапқы дағдыларын меңгереді

 

• Кейбір оқушылар: алған білімді тәжірибеде қолданады

Тірек сөздер:

Үй - дом - house;

Мектеп - школа - school;

қауіпсіздік – безопасность – safety; 

жаяу жүргінші – пешеход – pedestrian;

бағдаршам – светофор – traffic light.

Ресурстар:

Бағдаршам макеті, жол қозғалысы белгілері-тақташалар, ала құланның суреті (зебра А4 форматы), қаладағы жол суреті (А4 форматы), жаяу жүргінші өтпесінің суреті, жануарлар таптаған жолдардың суреті.

Сабақтың мақсаты:

1.1.4.4 жолда жүру тәртібін, жаяу жүргіншілердің қозғалысын реттейтін жол белігілерінің мәнін түсіндіру

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Мұғалімнің  іс-әрекеті

Оқушының     іс-әрекеті

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

 

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Шаттық  шеңбері

 

 

 

Менің бағытым

Оқушылардан үйден мектепке дейінгі жолды есіне түсіруін өтіну. Сен қандай көшеде тұрасың? Өз жүретін жолыңды сипаттап көр.

Жаяу жүретін адамды жаяу жүргінші деп атайды. Ол жолда қауіпсіздік ережелерін сақтауы тиіс. Оның көмекшісі – бағдаршам.

Анықта. Оқушыларға мынадай сұрақ қою:«Машиналар мен жаяу жүргіншілер қозғалысын тек бағдаршамдар ғана реттей алады ма?» Жол қозғалысы белгілері көрсетілген тақташаларды көрсетіп, оқушылардан олардың мағынасын түсіндіруді сұрау. Бекіту мақсатында «Жауабын тап» ойынын ұйымдастыру. Ойын үшін мұғалімнің үстеліне теріс жағымен қойылатын тақташалар қажет. Санамақ көмегімен оқушыны таңдап және одан төрт тақташаның біреуін алуын сұрау. Оқушы қарап, белгінің мағынасын қимылмен түсіндіруі тиіс.

 

Оқушылар көздерін жұмып, үйден мектепке дейінгі жолды естеріне түсіреді

 

 

Оқушы тақташаға қарап өз ойын жеткізеді

 

 

Ізден. Оқушыларға зебра мен көшедегі ала жолақсуретін көрсету. «Зебра мен жолдың қандай ұқсастықтары бар?» «Жаяу жүргінші өтпесі неліктен жолақ етіп жасаған?» деген сұрақты талқылау. Адам баласы жол барынша қауіпсіз болуы үшін барлық жағдайдың жасалғаны туралы деген қорытындыға келу.

Picture 12

Picture 13

Picture 14

Жауабы: Жаяу жүргіншілер өтпесі жүргізушігеде, жаяу жүргіншіге де анық көрінуі үшін жолақ етіп жасалған.

Орындап көр. Оқушылар үйден мектепке дейінгі жолды сызып, жолда кездескен нысандарды реті бойынша бос торкөздерге орналасыруын сұрау.

СЕРГІТУ СӘТІ.

Еркiн   ұста   денеңдi,

Тарсылдатпай   едендi

Орнымыздан   тұрып ап

Жүгiрейiк   бiр   уақ.

Бiр,  екi,  үш,  бiр,  екi,  үш.

Аяқты  алға  созайық

Тiк  көтерiп,  қозғайық.

Тым  сылбыр да  болмайық

Алға  қарай  озбайық.

Бiр,  екi,  үшi,  бiр,  екi,  үш.

 

Оқушылар зебра мен жолдың ұқсастығын, неліктен жаяу жүргіншілер өтпесінің жолақ екендігі туралы әңгімелейді

 

Арнайы жұмыс дәптеріне үйден мектепке дейінгі жолды сызып, жолда кездескен нысандарды реті бойынша бос торкөздерге орналасырады

 

 

 

Сергіту сәтін жасайды

 

Сен білесің бе? Оқушылардан жолдың пайда болуы туралы сұрау. Содан кейін жолдың пайда болуы туралы ақпарат беру. Бұл ақпаратты берген кезде жануарлар өздеріне таныс бір жолмен ғана жүретінін, себебі ол жолдың қауіпсіз екенін сезінетінін айту.

 

Бағалау

 

Оқушылар

«жаяу жүргінші» сөздерінің мағынасын түсінді;

«қауіпсіз жол» ұғымын түсінді;

бағдаршам мен оның белгілерінің қызметі туралы білді.

Оқушылар

үйден мектепке дейінгі жолды бағдарлауды;

үйден мектепке дейінгі жолдың қарапайым сұлбасын сызуды;

қарапайым бақылау жүргізуді;

сұрақтар қоюды үйренді.

Бағалаудың бір түрі ретінде оқушыларға «Сөйлемді аяқта» тапсырмасын беру:

Жаяу жүргінші – бұл ....

Мен .... белгісін көргенде, жерасты жолын пайдаланамын.

......түс  «өте бер»  дегенді білдіреді.  

Мен ......көшесінде тұрамын.

Сабақтың соңы

2 минут

 

Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді  бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.

Түсінбедім      Сұрағым бар        Түсіндім

 

                    

 

 

Смайликтер

Қорытынды бағамдау 

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ? 

 


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.12.2018
627
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі