Материалдар / Сабақ жоспары. Менің Тәуелсіз Қазақстаным Қазақ тілі 6- сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сабақ жоспары. Менің Тәуелсіз Қазақстаным Қазақ тілі 6- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары. Менің Тәуелсіз Қазақстаным Қазақ тілі 6- сынып «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Мамыр 2022
381
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бөлім:

8. Менің Тәуелсіз Қазақстаным

Педагогтің аты-жөні:

Жақсыбаева Н.С.

Күні:

8.02.2022ж

Сыныбы:

Қатысушылар саны: 13 оқушы Қатыспағандар саны:0

Сабақтың тақырыбы:

Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім? .

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

5.3.4.1 мәтіндердің тақырыбын, мазмұндық құрылымын салыстыру

5.4.4.1 мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер жасау

Сабақтың мақсаты:

мәтіндердің тақырыбын, мазмұндық құрылымын салыстырады;

мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер жасай алады.

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

Мұғалім оқушыларды шаттық шеңберіне тұрғызады.




Ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін парталас достарымен қазақша амандасады

Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

  • Сәлем, достым! (амандасады)

  • Қалің қалай? (иықтарынан қағады)

  • Қалай демалдың? (құлақтарынан тартады)

  • Мен сені сағындым! (қолдарын жүректеріне қояды)

  • Қош келдің! (қолдарын жаяды)

  • Күніміз сәтті болсын! (құшақтайды)

Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Оқулық, жұмыс дәптерлері

ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.

Мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасайды.

Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Слайдтар

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

26 мин.

Оқушылар тест сұрақтарына жауап беріп, жұптарда бір- бірінің жұмысын тексереді.Неше балл алғандығын хабарлайды.

Аудиомәтінді тыңдап тест шешеді

Дескриптор

6 балл

- Аудиомәтінді

тыңдайды

- Тест шешеді.

5-сынып оқулығы, жұмыс дәптері

аудиомәтін



і

3-тапсырма

Топтық жұмыс

Оқулықта берілген тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

Айтылым

Суреттерді пайдалынып диалог құрады. «Сұрақтар кестесін» пайдаланады.

Сұраққа жауап береді


5-сынып оқулығы

Жұмыс дәптерлері

Суреттер топтамасы



4-тапсырма

Топтық жұмыс

«Тәуелсіздік» дегенді қалай түсінесің? Диаграмманы толықтыр, сөйлем құрайды.

«Астана» тақырыбындағы диаграмманы толықтырады.

5-тапсырма

«Рефлексиялық шеңбер» тәсілі Мұғалім сабақты бекіту мақсатында оқушыларға сұрақтар таратады Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Айтылым

Топқа бөлініп, мұғалім ұсынған тапсырмаларды орындайды.

1-топ: «Тәуелсіздік» сөзіне диаграмма.

2-топ: «Астана»сөзіне диаграмма


Оқушылар шеңберге тұрып төмендегі сұрақтарға жауап береді.







Дескриптор: Жалпы - 3 балл.


Дескриптор

5 балл

-Диаграмма құрады










Интербелсенді тақта





Кесте







Ақ парақтар

Сұрақтар жазылған қима- қағаздар






Сабақтың соңы

Рефлексия

5 мин.



Кері байланыс. «Чемодан, еттартқыш, қоқыс жәшігі». Мұғалім оқушылардың сабаққа рефлексиясын тыңдайды.

Үй тапсырмасын береді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.









8-тапсырма.

Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!


















Мұғалімнің өзі өткізген сабағына талдау

Сабақ өткізуші: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Күні: 8.02.2022 ж. 

Сыныбы:  5 «Б»

Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: 8 тақырып. Менің Тәуелсіз Қазақстаным. Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?

Сабақтың мақсаты: тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіне біледі, ақпараттың шынайылығы мен нақтылығын анықтай алады

Шағын сұхбатқа түседі

мәтіннің мақсатты аудиториясын,автордың негізгі ойы мен көзқарасын анықтай алады.

5 «Б» сыныбында топта 13 оқушы бар. Қазақ тілі сабағынан оқушылардың пәнге деген қызығушылығы жақсы. Оқушылардың білім деңгейі орташа.

Сабақты жоспарлағанда оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттері және жас ерекшеліктері ескеріліп, сабақтың әр кезеңінде қызығушылығын ояту, байланыстыра сөйлеу, сөздік қорын молайту көзделді. Сабақта оқушылар жекелей,жұппен, топпен жұмыс жасады (белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыру үшін және ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту). Бұл сабақ - өткен сабақты бекіту сабағы. Оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында сабақтың әр кезеңінде әр түрлі әдіс –тәсілдерді пайдаландым. Аудиотаспадан мәтінді тыңдайды, тест сұрақтарына жауап береді. «Тәуелсіздік», «Астана» сөздеріне диаграмма толтырады. («Постер», «Кластер», «Рефлексиялық шеңбер» әдісі, «Тірек сөздер», «Сұрақ-жауап», «Жұптас. Ойлан. Пікірлес.»).Сабақтың кезеңдері, бір – бірімен байланысып, жүйелі қорытындыланып өз уақытында өтті. Сабақтың әрбір кезеңдерін өткен сайын, оқушылар тапсырмаларға тез, дұрыс жауап беруге тырысып ұйымшылдыққа тәрбиеленді, белсенділіктері, қызығушылықтары артты. Аудиомәтінді тыңдап, тест тапсырмаларын шешуде, оқушыларға бір- бірінің тапсырмаларын тексеруде, көршісінің жұмысын бағалау тиімді болды. ««Жұптас. Ойлан. Пікірлес.» әдісінде сұхбат құру сәтті өтті. Оқушылар бірін-бірі «Бас бармақ», «Бағдаршам», «Жарайсың!», «Үш шапалақ» әдістері арқылы бағалады. Жоспарлап келген жұмыс түрлері, сабақтың оқу мақсаттары орындалды, сабақ өз мақсатына жетті деп ойлаймын. Ынтымақтастық атмосферасы жағымды болды.




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!