жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сабақ жоспары "Менің туған жерім"1сынып
Сабақ жоспары "Менің туған жерім"1сынып
|
Тақырыбы: Менің туған жерім |
Мектебі: ЖББ№16 |
|||||||||
|
Күні,айы: |
Мұғалімнің аты-жөні:Ақашева Шолпан Қабдырашқызы |
|||||||||
|
1 «Б»-сынып |
Сабаққа қатысқан оқушылар саны: |
|||||||||
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
1.1.4.1.Мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну. 1.2.2.1.Сурет бойынша 2-3сөйлеммен өз ойын білдіру. 1.5.2.1.Әріп пен дыбысты ажырата білу,төл дыбыстарды дұрыс айту. 1.5.2.2.Мұғалімнің көмегімен қ әрпі кездесетін сөздерді дұрыс айту және жазу. |
|||||||||
|
Сабақ мақсаты |
Барлық оқушылар:Өзінің қайда тұратынын айта алады және Қазақстандағы екі үлкен қала туралы тақпақтың мазмұнын түсінеді,қ дыбысын таниды,дұрыс дыбыстайды,жаза алады,қ дыбысы кездесетін сөздер қатарын атай алады. |
|||||||||
|
|
Оқушылардың басым бөлігі:Тақырып бойынша белсенді лексиканы қолдана алады,тақырып көлемінде өзара тілдесе алады,қ дыбысын меңгереді. |
|||||||||
|
|
Кейбір оқушылар:Өздерінің туған жері туралы қосымша ақпарат бере алады, қ дыбысы кездесетін сөздер қатарын толықтыра алады. |
|||||||||
|
Сабақтың барысы |
|
|||||||||
|
Сабақтың кезеңдері |
Жоспарланған жұмыс |
Ресурстар |
||||||||
|
Сабақтың басы(2-5минут) |
(МК)Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру.Сабақтың басталуына жағымды әсер ететін көңіл күй қалыптастыру.Сабақтың мақсатымен таныстыру. |
|
||||||||
|
Сабақтың ортасы 5 минут Ой қозғау 3мин Сөздікпен жұмыс 2мин Топпен жұмыс 5мин Жұппен жұмыс 8 минут 3минут Кітаппен жұмыс Дәптермен жұмыс 10мин Қорытынды |
-Сәлеметсіздер ме,балалар! -Қазір қай жыл мезгілі? -Қыстың қай айы? Өткен тақырыпты еске түсіру үшін,диалог арқылы жұппен жұмыс жүргіземіз.(2оқушы ортаға шығады) -Сен қайда барасың? -Мен дүкенге барамын -Мынау не? -Бұл-тау -Мынау не? -Бұл ұшақ -Мынау не? - Бұл Медеу мұз айдыны -Сен мектепке немен барасың? -Мен мектепке автобуспен барамын -Сен коньки тебесің бе? -Ия,мен коньки тебемін. -Сен мектепке кіммен барасың? -Мен мектепке атаммен барамын -Сен «Медеуге» барасың ба? -Ия,мен «Медеуге»барамын(ауызша бағалау) (МК,Ұ) Мұғалім оқушыларға туған жер туралы видеоролик ұсынады. Оқушылардан мына видеороликтен Не көрдіңдер? Универсиада қай қалада өтіп жатыр? Бәйтерек қай қалада? Біз тұратын облыс қалай аталады? Оқушылар Алматы,Астана деп жауап береді.Мұғалім онда бүгінгі тақырыбымыз «Менің туған жерім» сөзінің мағынасын түсіндіреді. Мұғалімнің кіріспе сөзі: -Балалар, біздің туған жеріміз -Қазақстан. Біз Қазақстанда тұрамыз.Астанамыз –Астана қаласы.(топтарға 2 қаланың суретін таратып беріп, сұрақтар қою) 1 топқа: Сендерде қай қала? (Алматы) 2 топқа: Сендерде қай қала? (Астана) Сөздікпен жұмыс: Туған жер-родная земля Тұрамын- живу Тұрмаймын- не живу Тұрасың ба?- живешь? Ағаш-дерево Алма-яблоко Тау- гора 1.Мұғалім өзі оқып,сөздердің мағынасын түсіндіреді. 2.Әр топтан екі оқушы оқиды. 3.Әр топпен жеке-жеке оқу. (МК,Ұ)3-тапсырма бойынша мұғалім оқушыларға «Домино»парақшаларын таратады Оқушылар сөздерді орын тәртібі бойынша құрастырады. 1-топ. «Менің туған жерім -Қазақстан» Мен Қарағандыда тұрамын. 2-топ. «Мен Қазақстанда тұрамын», «Мен Алматыда тұрамын», «Мен Астанада тұрамын»,«тұрмаймын». (МК,Ұ) 4-тапсырманы мұғалім оқушыларғатүсіндіреді. Оқушылар жұппен сөйлейді. (аудиотыңдалым,оқушы кітаптан оқиды, өздері жұппен шығып айтады) - Сен Алматы қаласында тұрасың ба? - Иә,Мен Алматы қаласында тұрамын. -Сен Алматы қаласында тұрасың ба? -Жоқ, мен Алматыда тұрмаймын.Астана қаласында тұрамын. Сергіту сәті.(Айгөлек өлеңіне қимылмен қайталау) -Оқушылар біз жаңа сабақтың барысында қандай қалалар туралы видеоролик көрдік.(Алматы,Астана,Қарағанды) -Біз қай облыста тұрамыз? -Біз Қарағанды облысында тұрамыз. -Қарағанды сөзі қай дыбыстан басталып тұр? (ауызша қ дыбысын айтқызу) -Қ дыбысы созылды ма, созылмаса қандай дыбыс? (тақтаға қ әрпін ілу, жанына көкпен дауыссыз екендігін жапсырады) Қ –дыбысынан келетін сөздерді табу үшін, кітабымыздың келесі бетін ашамыз. Қ-қарындаш, қ-Қанат, қ-қара, қ-қасқыр. Аудиодискіден қ-дыбысының айтылуын және қ-дыбысы кездесетін сөздер қатарын тыңдау,қайталау жұмыстары жүргізіледі. Тақтаға бірінші мұғалім көрсетеді. Төменнен жоғарыға қарай көлбеу сызық, жоғарыдан төмен қарай ілмек қолды үзбей, солдан оңға қарай жоғары ілмек, қолды алу, ортадан оңға қарай төмен ілмек, қосымша қайыру элементі- бұл үлкен әрпі. Кіші әрпінде: жоғарыдан төмен қарай тік сызық қолды үзбей төменнен жоғары қарай ілмек, ортадан оңға қарай төмен ілмек, қосымша қайыру элементі. Сонымен балалар, енді осы әріпті ауада жазайық. Қолымызға қалам аламыз, менімен бірге қайталап жазамыз.Қолымыз жаттығу үшін дәптерімізге жазамыз. Дәптердегі үзік сызықтарды қосады. (дәптердегі қ әрпімен қара, қасқыр сөзін жазып болған соң жауып тастайды) «Есте сақта!»айдары бойынша оқушылар сұрақтарды қайталайды.(кім?не?неше?қандай?)мұғалім қ-дыбысы кездесетін сөздерге қандай сұрақтар қойылатынын түсіндіреді. Мұғалім оқушыларға кесте таратады,топтан екі оқушы шығып тақтада қорғайды.
Кітаптарыңдағы «Алматының алмасы» өлеңіне қараңдар.Не жайында айтылған? Біздің тақтадағы алма ағашына не жетіспей тұр? Олай болса, алма ағашына алмаларды ілейік. Бүгінгі сабақты толық түсіндім деген оқушылар ағаштың ортасына ілсін, маған қызықты болды дегендер жоғары, мен аса түсіне алмадым дегендер төменіне іліңдер. |
Оқулық Аудиодиск 6.6.1. 6.2.2. 6.2.4. 6.3.4.
№2жұмыс дәптері
Қосымша тапсырма 6.3. |
||||||||
|
Сабақтың соңы(41-45минут) |
(Қ)Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады.Оқушылар сабақ барысында нені білгені,қалай жұмыс істегені,не қызық әрі жеңіл болғаны,не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады. |
|||||||||
|
|
Қосымша ақпарат |
|||||||||
|
Қорытындылау |
|
|||||||||
|
1.Сабақ барысында өзгерістер енгіздіңіз бе?неге? 2.Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды? |
|
|||||||||
|
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсе не? 1.Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді? 1. 2. |
|
|||||||||
шағым қалдыра аласыз













