400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары "Натурал сандарды жазу" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
математика пәні мұғалімдеріне сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: математика

Сыныбы: 5 «В»

Уақыты: 01.09.2016

Мұғалімі: А.Маренова

Сабақтың тақырыбы:

Натурал сандарды жазу

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға натурал сандар туралы мәлімет беру, натурал сандардың жазылуы мен оқылуын үйрету. Көп таңбалы натурал сандарды оқуды және жазуды үйрету, сандардың разрядтары мен кластарын таныстыру.

Сабақтың міндеттері:

А) білімділік:


Ә) тәрбиелілік:



Б) дамытушылық:

Оқушыларға сандарды кластарға бөліп жазуды, санды цифрлармен жазуды, сандарды разрядтарға бөліп жазуды үйрету.


Оқушыларды ұқыптылыққа, адамгершілікке, шапшаңдыққа, бірін – бірі тыңдай білуге тәрбиелеу.


Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, логикалық ойлау қабілеттерін, ақыл – ойын дамыту.

Сабақтың типі:

Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың әдістері:

сұрақ – жауап, түсіндірмелі – иллюстациалы, кітаппен жұмыс, жаттығулар

Сабақтың көрнекілігі:

Плакаттар, оқулық, үлестірмелі қағаздар

Сабақтың барысы:

Оқытушының

іс –әрекеті

Оқушының

іс - әрекеті

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру бөлімі:

(2 мин)

- оқушылармен амандасу;

- сыныптың тазалығын қадағалау;

- сыныпта жоқ оқушыларды түгендеу;


- оқытушымен амандасу;

- кезекші оқушы жоқ оқушыларды оқытушыға айту;

- тақтаны сүртіп, сабаққа даярлану.

Оқушылардың түгел болуы, сабаққа дайындығы, сыныптың тазалығы.

ІІІ. Ой қозғау:

(4 мин)

Сабақтың тақырыбын хабарлау мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады.

Бүгінгі сабағымызда натурал сандарды жазуды үйренетін боламыз.

Сұрақтарға жауап береді

Жаңа тақырып хабарланады


ІV. Жаңа материалды меңгерту:

(10 мин)

Санауда қолданылатын 1,2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, ... сандары натурал сандар деп аталады.

Натурал сандар 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 және 0 цифрларымен жазылады. Натурал сандарды 1 санынан бастап, санау ретімен жазғанда натурал сандар қатары құрылады.

Натурал сандар қатары:

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12 ... .

Қатар соңындағы көп нүкте натурал сандар қатарының шектеусіз екенін көрсетеді.

Натурал сандар қатарының қасиеттері:

  1. Натурал сандар қатары 1 санынан басталады;

  2. Әрбір натурал саннан кейін одан 1 – ге артық натурал сан бар.

  3. Натурал сандар қатары шектеусіз.

Нөл натурал сандар қатарына жатпайды.

Натурал сандар кластары: бірліктер, мыңдар, миллиондар, миллиардтар, триллиондар, квадриллиондар, квинтиллиондар және т.б.

Әрбір кластың үш разряды болады. Олар: бірліктер разряды, ондықтар разряды және жүздіктер разряды.

Көп таңбалы натурал сандардың оқылу ережесі:

  1. Оңнан солға қарай ірбір үш цифрды кластарға топтастыру керек.

  2. Сол жағынан бастап әрбір кластағы санды оқып, класс атауын қоса айту керек.

V. Жаңа материалды меңгергендерін алғашқы тексеру:

(7 мин)

Сұрақ – жауап:

  1. Қандай сандар натурал сандар деп аталады?

  2. Нөл саны натурал сандар қатарына жата ма?

  3. Натурал сандардың алғашқы бес класын өсу ретімен атаңдар?

  4. Көп таңбалы натурал сандар қалай оқылады?

  5. Бірліктер класының разрядтарын өсу ретімен атаңдар.

  6. Көп таңбалы натурал сандар қалай оқылады?

VI. Есептер шығару:

(15 мин)


































№1. Ауызша есептеңдер:

  1. 25 4 100 4)810 9 90 7) 303 3 909

  2. 25 6 150 5) 560 : 8 80 8) 412 4 1648

  3. 25 8 200 6) 560 80 8 9) 202 5 1010

10) 320 : 16 = 20 11) 640: 32 = 20 12) 160 : 8 = 20

№2. Санның жазылуындағы 6 цифры қандай разрядты білдіреді:

  1. 56 – 6 бірлік 3) 6 543 – 6 мыңдық 5) 60 917 – 6 ондық мың

  2. 643 – 6 жүздік 4) 9 162 – 6 ондық 6) 3 602 071 – 6 жүздік мың


№3. Сандарды кластарға бөліп жазыңдар:

  1. 46870 – мыңдар класы

  2. 315600 – мыңдар класы

  3. 8215734 – миллиондар класы

  4. 246047000505 – миллиардтар класы


№4. Мына сандарды цифрлармен жазыңдар:

  1. 710

VII. Жаңа материалды бекіту:

(5 мин)

Математикалық диктант: (сөйлемді аяқтау)


І топ

ІІ топ

ІІІ топ

IV топ

Қосу амалын орындағанда қосылатын сандар ... қосылғыштар деп аталады.

Қосылғыштардың орындарын ауыстырғаннан ... қосындының мәні өзгермейді.

Қосу нәтижесінде шыққан сан ... қосындының мәні деп аталады.

Екі санның қосындысына үшінші санды қосу үшін ...

бірінші санға екінші сан мен үшінші санның қосындысын қосуға болады.


IX. Үйге тапсырма беру:

(2 мин)

№206 есеп – «3»

№ 206, 211есептер – «4»

№ 206, 211, 208есептер – «5» ережелерді жаттау

Өз беттерімен білім алуға дағдыланады, ізденеді.

Өткен тақырыптарды қамтып, есептерді шығарып келу.

X. Бағалау

(2 мин)

Сабаққа белсене араласқан оқушыларды бағалаймын. Бағаны талдау. Әр топқа берілген жетондар арқылы бағалау.

Бағаланады

Оқушылардың сабаққа белсенділігі артады. Еңбектерінің нәтижесіне қол жеткізеді.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
10 қараша
1422
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі