400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары "Натурал сандарды қосу" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
математика пәні мұғалімдеріне сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: математика

Сыныбы: 5 «В»

Уақыты: 13.09.2016

Мұғалімі: А.Маренова

Сабақтың тақырыбы:

Натурал сандарды қосу

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға натурал сандарды қосуды үйрету. Қосылғыштар және қосындының мәні ұғымдарымен таныстыру. Қосудың ауыстырымдылық қасиеті мен терімділік қасиетін пайдалана отырып есептер шығаруға дағдыландыру. Координаталық сәуле тақырыбына берілген есептерді шығаруды үйрету.

Сабақтың міндеттері:

А) білімділік:




Ә) тәрбиелілік:



Б) дамытушылық:

Оқушыларға қосылғыштарды толық ондықтарға топтастырып, қосындының мәнін табуды, қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып, тиімді тәсілмен есептеуді, натурал сандарды қосу тақырыбына берілген мәтін есептерді шешуді үйрету.


Оқушыларды өзіне – өзі баға беруге, өз жетістіктерін сезініп, білім сапасын арттырып, пәнге деген қызығушылыққа тәрбиелеу.


Өз бетінше есептер шығару арқылы ой – өрісін, ойлау қабілетн дамыту.

Сабақтың типі:

Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың әдістері:

сұрақ – жауап, түсіндірмелі – иллюстациалы, кітаппен жұмыс, жаттығулар

Сабақтың көрнекілігі:

Плакаттар, оқулық, үлестірмелі қағаздар, сызығыш

Сабақтың барысы:

Оқытушының

іс –әрекеті

Оқушының

іс - әрекеті

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру бөлімі:

(2 мин)

- оқушылармен амандасу;

- сыныптың тазалығын қадағалау;

- сыныпта жоқ оқушыларды түгендеу;

- оқушыларды 4 топқа бөлу. Топ басшысын тағайындау.

- оқытушымен амандасу;

- кезекші оқушы жоқ оқушыларды оқытушыға айту;

- тақтаны сүртіп, сабаққа даярлану.

Оқушылардың түгел болуы, сабаққа дайындығы, сыныптың тазалығы.

ІІ. Үй жұмысын тексеру:

(2 мин)

№ 98 есеп. Жұлдызшаның орнына қандай санды қойғанда теңдік тура болады:

  1. (63 - 48) 9 (І топ)

  2. (38 + 127) (ІІ топ)

  3. 29 – 41 (ІІІ топ)

  4. (IV топ)

ІІІ. Ой қозғау:

(4 мин)

Сабақтың тақырыбын хабарлау мақсатында оқушыларға «қосу» сөзіне құрылған сөзжұмбақ беріледі.

Өткен сабақта натурал сандарды салыстыруды үйренген болсақ, бүгінгі сабағмызда натурал санды қосуды үйренеміз.

Сөзжұмбақ бойынша «қосу» сөзін табады.

Жаңа тақырып хабарланады


ІV. Жаңа материалды меңгерту:

(10 мин)

І. Натурал сандарды қосу.

Қосу амалын орындағанда қосылатын сандар қосылғыштар деп, ал қосу нәтижесінде шыққан сан қосындының мәні деп аталады.

1 – мысал. 15 + 8 , 15 + 8 – қосынды, қосылғыштар , 23 – қосындының мәні.

Әріптермен жазсақ:

2.1 – суреттегі координаталық сәуледе 3 + 8 қосындысының мәнін табу кескінделген.





2.1 – сурет

Кез келген санның 0 – мен қосындысы сол санның өзіне тең.

Мысалы, 5 + 0

ІІ. Қосудың қасиеттері.

  1. Қосудың ауыстырымдылық қасиеті.

Қосылғыштардың орындарын ауыстырғаннан қосындының мәні өзгемейді.

2 – мысал. 2 + 7 немесе 7 + 2 (2.2 - сурет).





Әріптермен жазсақ:

Мұндағы a және b – кез келген сандар.

  1. Қосудың терімділік қасиеті.

Екі санның қосындысына үшінші санды қосу үшін бірінші санға екінші сан мен үшінші санның қосындысын қосуға болады.


3 – мысал.

(2.3 - сурет)







2.3 – сурет

Әріптермен жазсақ:

Мұндағы a, b және с – кез келген сандар.

Қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып, қосылғыштардың орындарын ауыстырып, топтап (жақшаға алып), өрнекті ықшамдауға болады.

Мысалдар: 1)


V. Жаңа материалды меңгергендерін алғашқы тексеру:

(5 мин)

Үлестірмелі қағаздардағы сұрақтарға жауап беру арқылы:

  1. Қандай сандар қосылғыштар деп аталады? (І топ)

  2. Қандай сан қосындының мәні деп аталады? (ІІ топ)

  3. Қосудың ауыстырымдылық қасиетін тұжырымдаңдар?(ІІІ топ)

  4. Қосудың терімділік қасиетін әріптермен жазыңдар.(IV топ)

VI. Есептер шығару:

(15 мин)


































І топ

ІІ топ

ІІІ топ

IV топ

№201. Қосылғыштарды толық ондықтарға топтастырып, қосындының мәнін табыңдар (ауызша):

  1. 17 + 12 + 3 + 8 40

  2. 355 + 124 + 24 724

  1. 325 + 164 + 175 614

  2. 12 + 6 + 8 + 14 40

1.219 + 485 + 281 985

2. 168 + 23 + 32 + 177 400

1. 124 + 228 + 372 724

2. 11 + 28 + 9 + 2 50

Қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып, тиімді тәсілмен есептеңдер (202, 203). (Тақтаға орындайды).

1) 129 + 75 + 25 229 терім. қ

2) 318 + 29 + 82 429 ауыс. Қ

3) 64 + 33 + 16 + 47 =160ауыс.қ

1) 543 + 64 + 634терім. қ

2) 812 + 54 + 88 954 ауыс.қ

3) 56 + 25 + 45 + 24 = 150а. қ

1) 526 + 81 + 74 681 ауыст. қ

2) 997 + 48 + 103 1148 ауыс.қ

3) 72 + 67 +23 + 18 = 180 ауыс.қ

1) 32+11+18+39=100ауыст.қ

2) 45+21+15+49 130 ауыс.қ

3) 97 + 42 + 58 + 103 = 300а.қ

№ 204. Қосындының мәні 100 – ге тең болуы үшін:

  1. 69 – ға; 2) 16- ға; 3) 71 – ге; 4) 48 – ге қандай санды қосу керек? (алдарындағы ақ бетке жазып көрсетеді)

1. 69 + 31 = 100

2. 16 + 84 = 100

3. 71 + 29 = 100

5. 48 + 52 = 100

№ 205.Разрядтары бойынша жіктелген санды табыңдар: (ақ бетке орындайды)

1.700 + 90 + 6 = 796


700 – жүздік.

90 – ондық

6 - бірлік

2. 6000+500+40+3=6543


6000 – бірлік мыңдар

500 – жүздік

40 – ондық

3 - бірлік

3. 20 000+8000+600+3=28603


20 000 – ондық мыңдар

8000 – бірлік мыңдар

600 – жүздік

3 - бірлік

4. 400 000+30 000+5000+

+ 90 + 3 = 435 093

400 000 – жүздік мыңдар

30 000 – ондық мыңдар

5000 – бірлік мыңдар

90 – ондық

3 - бірлік

№207. Элеватордан 1726т астықты тасып алып кеткенде, онда 2380т астық қалды. Алғашқыда элеваторда неше тонна астық болды?

Шарты: элеватордағы астық – х т

алып кетті – 1726т

қалды – 2380т

Табу керек: Алғашқыда элеваторда неше тонна астық болды?

Шешуі: х – 1726 = 2380

x = 2380 + 1726

x = 4106

Тексеру: 4106 – 1726 = 2380

Жауабы: алғашқыда элеваторда 4106 тонна астық болды.


VII. Жаңа материалды бекіту:

(5 мин)

Математикалық диктант: (сөйлемді аяқтау)


І топ

ІІ топ

ІІІ топ

IV топ

Қосу амалын орындағанда қосылатын сандар ... қосылғыштар деп аталады.

Қосылғыштардың орындарын ауыстырғаннан ... қосындының мәні өзгермейді.

Қосу нәтижесінде шыққан сан ... қосындының мәні деп аталады.

Екі санның қосындысына үшінші санды қосу үшін ...

бірінші санға екінші сан мен үшінші санның қосындысын қосуға болады.


IX. Үйге тапсырма беру:

(2 мин)

№206 есеп – «3»

№ 206, 211есептер – «4»

№ 206, 211, 208есептер – «5» ережелерді жаттау

Өз беттерімен білім алуға дағдыланады, ізденеді.

Өткен тақырыптарды қамтып, есептерді шығарып келу.

X. Бағалау

(2 мин)

Сабаққа белсене араласқан оқушыларды бағалаймын. Бағаны талдау. Әр топқа берілген жетондар арқылы бағалау.

Бағаланады

Оқушылардың сабаққа белсенділігі артады. Еңбектерінің нәтижесіне қол жеткізеді.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
11 ұстаз жүктеп алған
10 қараша
1808
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі