Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сабақ жоспары Негізгі және туынды сын есім 3 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Пән: Қазақ тілі Мектеп: № 2 орта мектеп Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Абыканова Р.Н Сынып: 3 |
|||||
Сабақтың тақырыбы |
Негізгі және туынды сын есім |
||||
Оқу мақсаты |
3.4.2.4. негізгі, туынды сын есімдерді анықтау. |
||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: Негізгі және туынды сын есімді анықтай алады. Көптеген оқушылар: Негізгі және туынды сын есімді қатыстырып сөйлем құрай алады. Кейбір оқушылар: Негізгі және туынды сын есімдерді қолданып, әңгіме құрайды. |
||||
Ойлау дағдылары |
Білу,түсіну,қолдану,талдау. |
||||
Бағалау критерийлері |
1. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырады. 2. Негізгі және туынды сын есімдерді салыстырады, талдайды. 3.Негізгі сын есімдерге жұрнақтар жалғап, туынды сын есіммен мәтін құрайды. |
||||
Тілдік мақсаттар |
Ойпаң, бастау, құрақ |
||||
Құндылықтарды дарыту |
Ынтымақтастық, ашықтық, өмір бойы білім алу. |
||||
Пәнаралық байланыстар |
Дүниетану |
||||
АКТ қолдану дағдылары |
Интербелсенді тақта |
||||
Бастапқы білім |
Сын есім туралы ұғымдары бар. |
||||
Сабақ барысы |
|||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Білу және түсіну кезеңі |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет Психологиялық ахуал қалыптастыру. Оқушылар шеңбер құрып, өлеңді хормен айту арқылы бір-бірлерімен амандасады. Қайырлы күн, күнім, далам, орманым, Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім, Қайырлы күн, өсімдіктер, жəндіктер, Қайырлы күн, барша тіршілік иесі. «Жалаулар» арқылы топқа бөлінеді. Оқушыларды қалаған жалауларын алып, 1,2,3 топтарға бөлініп отырады. 1-топ «Бақыт жалаулары» 2-топ «Арман жалаулары» 3-топ «Қуаныш жалаулары» 1-критерий: Мәтіннен бойынша сұрақтар құрастырады. |
Ресурстар Бағалау |
|||
Әдістер: Белсенді оқу, АКТ, пәнаралық байланыс Саралау: Диалог және қолдау көрсету Дағдылар: тыңдалым, айтылым Қолдану кезеңі Әдістер: Оқу әңгімелері, оқушылардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыру Саралау: қарқын Дағдылар: айтылым, тыңдалым, жазылым Талдау кезеңі Әдістер: Сын тұрғысынан ойлау, бірлескен оқу Саралау: қорытынды
Дағдылар: оқылым, жазылым, айтылым Кері байланыс |
Тапсырма: Мәтінді аудио таспадан тыңдай отырып, сұрақтар құрастырады және мәтін ішінен сын есімдерді табуға тапсырма беріледі. Тапсырманы орындау барысында белсенді оқу, АКТ, пәнаралық байланыс әдістері жүзеге асады. АКТ – ны тиімді пайдаланғанда оқушылардың қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Бұған дейін алған білімдерін бүгінгі тақырыппен байланыстырып өз білімдерін дамыту арқылы белсенді оқу әдісі жүзегі асады. Ойпаң жер, бұлақтың бастауы, құрақ сөздеріне түсінік берілуі дүниетану пәнімен байланысады. Оқудың анағұрлым сапалы меңгерілуіне көмектеседі. Бұл жерде пәнаралық байланыс әдісі жүзеге асады.
Тапсырманы орындау кезінде саралаудың диалог және қолдау көрсету тәсілін пайдаланамын. Себебі, оқушыларды ойландыру үшін және бірқатар жауаптар алу үшін сұрақтар қоямын. Сол сұраққа жауап берген оқушыларға қолдау көрсетіп ынталандырып, жетелеп жауап беруге үйретемін. Диалог және қолдау көрсету тәсіліне сұрақтар:
Мәтінді тыңдау барысында тыңдалым, сұрақтарға жауап беру арқылы айтылым дағдысы жүзеге асады.. Осы тапсырманың нәтижесіне қалыптастырушы бағалау қолданамын. Критерийге сәйкес дескриптор құрамын. Дескриптор: 1. Сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді. 2. Мәтін ішінен сын есімдерді табады ҚБ «Бағдаршам» әдісі арқылы Критерий: 2. Негізгі және туынды сын есімдерді салыстырады, талдайды. Тапсырма: (жұптық жұмыс) Мәтінді көркем жазу. Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдау және салыстыруға тапсырма беремін.
Оқушылар тапсырманы жұпта орындау барысында оқу әңгімелері әдісі арқылы жүзеге асады. Мәтінді көркем жаза отырып мәтін ішіндегі туынды сын есімді сөз құрамына талдау арқылы тапсырманы бір – бірімен пікірлесіп, жұпта жұмыс жасайды. Оқушылардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыру әдісі оқыту үдерісіне бағыт береді, оқушылардың өз жұмыстарын жақсартуына мүмкіндік береді.
Тапсырманы орындау барысында кейбір оқушылар басқаларға қарағанда тапсырманы жылдам орындайды, ал кейбіреуі көмекті қажет етеді сондықтан да қарқын тәсілін қолдандым. Саралау тапсырмалары: 1.Көметі қажет ететін оқушылар: Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерге сұрақ қояды. 2.Көмекті орташа қажет ететін оқушылар: Сын есімдерді сөз құрамына талдайды. 3.Көмекті қажет етпейтін оқушылар: Негізгі және туынды сын есімдерді салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын табады және сөйлем құрайды. Тапсырманы орындау барысында айтылым,тыңдалым, жазылым дағдысы жүзеге асады.
Осы тапсырманың нәтижесіне қалыптастырушы бағалау қолданамын. Критерийге сәйкес дескриптор құрамын
Дескриптор: 1. Негізгі және туынды сын есімдерді салыстырады. 2. Сын есімдерді сөз құрамына талдайды ҚБ « От шашу» Критерий: 3. Негізгі сын есімдерге жұрнақтар жалғап, туынды сын есіммен мәтін құрайды.
Тапсырма: Сөз тіркестерін оқып, онда не туралы айтылғанын анықтап. Берілген етістіктерге жұрнақтар жалғап, туынды сын есімдерді қолданып, мәтін құрауға тапсырма беріледі. Тапсырманы орындау барысында балалар терең ойлана отырып топпен жұмыс жасайды. Яғни оқушылар сөз тіркестерін оқи отырып, мәтін құрған кезде ойланады және өз ойын дәлелдеу арқылы сын тұрғысынан ойлау әдісі жүзеге асады. Топ ішінде тапсырманы орындау барысында пікірлесіп,ақылдаса отырып біз бірлесіп табысқа жетеміз деп бірлескен оқу әдісі жүзеге асырады. Тапсырманы орындағанда саралаудың қорытынды тәсілін қолданамын. Оқушылар сөз тіркестерін қолданып мәтін құрап, қорытындылайды. Топтағы оқушылардың барлығы бірдей нәтижеге қол жеткізе алмайды, сондықтан саралау тапсырмаларын беремін. 1.Көмекті қажет ететін оқушылар:
Беріл Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз |