Сабақ жоспары "Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданы" 9 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары "Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданы" 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік географиясындағы Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданымен таныстыру. Экономикалық-географиялық жағдайы мен табиғат ресурстары, халқы туралы мәліметті беру. Оқушыларды сыни ойлауға үйрету. Жаңартылған білім мазмұны бойынша жасалған. Осы тақырыпты өткенде пайдалануға болады деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Мектеп:№15 Ж. Нұрлыбаев атындағы жалпы орта мектебі Мұғалім: Тоқхожаева Айбаршын Бейсеновна

Сыныбы: 9 a

Қатысқан оқушы саны: 18 Қатыспағандар: -

Сабақтың тақырыбы:

Оңтүстік Қазақстан. Экономикалық-географиялық жағдайы мен табиғат ресурстары, халқы

Сабаққа негізделген оқу мақсаттары

Оқушыларды Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданымен таныстыру. Экономикалық-географиялық жағдайы мен табиғат ресурстары, халқы туралы мәліметті беру. Сыни ойлауға үйрету.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының географиялық орнын біледі.

Оқушылардың басым бөлігі: Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының табиғат жағдайлары мен ресурстарын сипаттайды.

Кейбір оқушылар : Оңтүстік Қазақстан ЭГЖ ның қолайлы және қолайсыз жақтарын анықтап, өз ойын жеткізе отырып , олардың ерекшеліктерін айтады.

Бағалау критерийі

Деректерді талдау арқылы оқушылар тиесілі деректерді сәйкестендіріп, өз жауаптарын түсіндіріп, мақсатқа жетеді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: Оңтүстік Қазақстан ЭГЖ туралы мәліметтерді жеткізу (айтылым). Тапсырмаларды мұқият тыңдай алу (тыңдалым). Кейбір терминдерді оқулықтан оқу(оқылым) Кейбір дерек көздерін түртіп отыру (жазылым)

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін қолданылатын тілдік тіркестер: ЭГЖ мен табиғат жағдайлары, ресурстары, Халқының ұлттық құрамы мен мәдениетін, орналасу тығыздығын ерекшеліктерін түсінуі.

Талқылауға арналған тармақтар: 3,4,5 тапсырмаларда сұрақ қойылады және жауап талқыланады

Құндылықтарға баулу

Пәндік білімін өмірде қолдана білуі

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, тарих

Алдыңғы білім:

Астана-Қазақстан Республикасының елордасы

Сабақ барысы:


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Оқыту ресурстары

Басталуы:

10 минут

1.Ұйымдастыру кезеңі топқа бөлу.Картамен жұмыс.

Критерий: Оқушылар картаға қарап Астана қаласының ЭГЖ анықтайды.

Дескритор:

1.Астана қаласының экономикалық мәдени қала екенін біледі.

2.Оқушылар материалдық сапалық мәліметтерді жазып алады.

Карта суреттер, смайликтер


Ортасы:

25 минут

«ДЖИКСО» әдісі арқылы мұғалім берген мән-мәтіндегі үзіндіні оқып, оны өз тобында, кейін басқа топтарға топтың бір мүшесі барып өзінің тобындағы үзіндіден түсінгенін үйретеді, барлық топта осылай қайталанады.

Оқушылар өздерінің түртіп алған ақпаратымен бөлісіп, талқылайды, тұжырымдамалық карта жасайды.

Критерий: Оңтүстік Қазақстан ЭГЖ туралы жан жақты мәлімет береді.

Дескриптор:

1.Оңтүстік Қазақстан ЭГЖ анықтап, олардағы облыс орталықтарын айтады. 2.Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының табиғат жағдайлары мен ресурстарын сипаттайды. 3. Халқын, орналасу тығыздығы мен урбандалу деңгейін талдайды.

«Географиялық диктантты» қалпына келтіру үшін жұппен жұмыс жасап, оны толықтырып құрастырады.

Критерий: Жеке жұмыс:Сөздегі түсіп қалған әріптерді тауып орнына қоя біледі.

Оқулық, слайд

Мән-мәтін, А4қағазы, маркер




Аяқталуы: 10 минут

6. Кері байланыс . «БББ» әдісімен жүреді.

А4 қағазы, маркер, стикер

Саралау: оқушыларға жабық тест беру арқылы кейбіріне ребустар,кестелер беру арқылы дер кезінде қолдау көрсетемін

Өзін өзі бағалау т.б

Үйге тапсырма: Оңтүстік Қазақстан. Экономикалық-географиялық жағдайы мен табиғат ресурстары, халқы.

Оңтүстік Қазақстан туралы қызықты мәліметтер жинау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау:



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
1041
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі