Сабақ жоспары. "Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының шаруашылығы" 9 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары. "Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының шаруашылығы" 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ жоспары да жаңартылған білім беру шаблонымен жасалған. Әрбір тапсырмадан кейін критерийлер мен дескрипторлар қойылған. 9 сыныптың осы тақырыпты өту кезінде пайдалануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Мектеп:№15 Ж. Нұрлыбаев атындағы жалпы орта мектебі Мұғалім: Тоқхожаева Айбаршын Бейсеновна

Сыныбы: 9 a

Қатысқан оқушы саны: 18 Қатыспағандар: жоқ

Сабақтың тақырыбы:

Шаруашылық географиясы. Көліктік жағдайы.

Сабаққа негізделген оқу мақсаттары

Оқушыларға Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының шаруашылығы мен көліктік жағдайын түсіндіре отырып, сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының шаруашылық географиясымен танысып, көліктік жағдайын біледі.

Оқушылардың басым бөлігі: Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының шаруашылық географиясын жалпылама сипаттайды.

Кейбір оқушылар :Оңтүстік Қазақстан шаруашылық географиясын Солтүстік Қазақстан шаруашылық географиясымен салыстыра отырып , олардың ерекшеліктерін айтады.

Бағалау критерийі

Деректерді талдау арқылы оқушылар тиесілі деректерді сәйкестендіріп, өз жауаптарын түсіндіріп, мақсатқа жетеді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: Оңтүстік Қазақстан ЭГЖ туралы мәліметтерді жеткізу (айтылым). Тапсырмаларды мұқият тыңдай алу (тыңдалым). Кейбір терминдерді оқулықтан оқу(оқылым). Кейбір дерек көздерін түртіп отыру (жазылым).

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін қолданылатын тілдік тіркестер: Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының шаруашылық ерекшеліктерін түсінуі.

Талқылауға арналған тармақтар: 3,4,5 тапсырмаларда сұрақ қойылады және жауап талқыланады

Құндылықтарға баулу

Пәндік білімін өмірде қолдана білуі

Пәнаралық байланыс

Экономика, тарих

Алдыңғы білім:

Оңтүстік Қазақстан. Экономикалық-географиялық жағдайы мен табиғат ресурстары, халқы

Сабақ барысы:


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Басталуы:

10 минут

1.Ұйымдастыру кезеңі топқа бөлу. Оқушыларды мозайка әдісімен топқа бөлемін. Алтын ережені еске түсіреміз. «Кім жылдам» ойыны арқылы үй тапсырмасын сұрау.

Критерий: Әрбір дұрыс жауапқа бір ұпай.


Ортасы:

25 минут

«Ой шақыру» жеке жұмыс. «Құпия зат» берілген суретке байланысты өз ойларын айтып жауап беріп, жаңа сабақты ашады.

Критерий:Суретке байланысты өз ойларын айта біледі.

Дескриптор:

1.Оқушылар суретке қарап өз ойларын еркін және нақты жауап береді.

2. Оқушылар суретке қарап өз ойын қысқа және жалпылама жауап береді.

Мәтінмен жұмыс. Оқушылар мәтінді оқып шығып, бір-біріне түсіндіреді

Топтық жұмыс. Бұл қай аймақ? Өз ойларын ортаға салып, қорғап шығады
1 топқа Мақта

2 топқа Күріш

3 топқа Қант қызылшасы


Критерийлері: Тақырыпты нақты, маңызды тұстарын түсіндіру

Дескрипторлар:

1. Тақырыптың мазмұнын ашу -1 балл

2. Қандай шаруашылық саласы дамығанын айту - 1 балл

3. Тақырыптың мазмұнын түсіндіру - 1 балл

Семантикалық картамен жұмыс. Жұп бойынша семантикалық картаны толтырады, жинақтайды


Критерий: Әр дұрыс жауапқа – 1 балл


Аяқталуы: 10 минут

6. Кері байланыс . «БББ» әдісімен жүреді.


Саралау: оқушыларға жабық тест беру арқылы кейбіріне ребустар, кестелер беру арқылы дер кезінде қолдау көрсетемін

Өзін өзі бағалау т.б

Үйге тапсырма: Оңтүстік Қазақстан. Экономикалық-географиялық жағдайы мен табиғат ресурстары, халқы.

Мақтаралым- мақтанышым




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
615
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі