Сабақ жоспары Орта ғасырлар тарихы нені оқытады? 6-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары Орта ғасырлар тарихы нені оқытады? 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Күнделікті сабаққа қажетті
Материалдың қысқаша нұсқасы



Күні: 05.09.18

Мұғалімнің аты-жөні: Нуржанова Нагима


Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Кіріспе сабақ.

Зерттеу сұрағы: Орта ғасырлар тарихы нені оқытады?


Сабақтың түрі

Жаңа тақырыпты меңгеру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Қазақстанның орта ғасырлар тарихына жалпы шолу

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

Орта ғасырлар кезеңіндегі өзгерістерді анықтайды;

Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының негізгі кезеңдері мен олардың ерекшеліктерін түсінеді.


Бағалау критерийлері

Сыни ойлау. Орта ғасырлардың әр кезеңіндегі маңызды өзгерісті анықтайды.


Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология:

Орта ғасыр, халық, этнос, этноним, түрік, қағанат, қаған, ерте орта ғасыр, дамыған орта ғасыр, Қазақ мемлекетінің қалыптасу кезеңі.


Диалог пен жазуға пайдалы сөздер тізбегі:

Ортағасырлық кезеңінің ерекшелігі....

Орта ғасырда Қазақстан аумағында ...

Ортағасырлық дәуірі........кезеңнен тұрады.

Ең маңызды өзгеріс .... болды.

Алдыңғы білім


Ежелгі Қазақстан дәуіріндегі алғашқы мемлекеттік құрылымдар, тайпалық одақтар, ежелгі дәуірдің ерекшеліктері.


Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Дерек көздері

Сабақтың басы





Сабақтың ортасы









15-25























25-35

Ұйымдастыру:

Сабақтың оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстырыңыз.

Ой қозғау:

Орта ғасырлар қандай кезеңдерге бөлінеді? (алдыңғы сабақ материалын еске түсіру)

Бұл кезеңдер бір-бірінен қалай ерекшеленуі мүмкін?

Тапсырма 1. Орта ғасыр кезеңдерін талдау.

Орта ғасырлардың әр кезеңі бойынша өзгерістерді кестеге толтырады:

Ерте орта ғасырлар

Дамыған орта ғасырлар

Қазақ мемлекетінің қалыптасу кезеңі.


Ерте орта ғасыр

Дамыған орта ғасыр

Кейінгі орта ғасыр





Орта ғасырлардың үш кезеңі бойынша стикерлерге белгілі тұлғалар, оқиғалар және ұғымдарды жазып, 1-сабақтың басында дайындалған уақыт сызығына орналастыру

Уақыт сызығы бойынша келесі сұрақтар қою:

Ежелгі дәуір мен орта ғасырлар кезеңдері арасында қандай сабақтастықты байқадыңыз?

Сіздің ойыңызша, адамзат қоғамының дамуында әр кезеңнің қандай маңызы болды?


Орта ғасырлардағы өзгерістерді топтастыру. Тақтаға төрт бөліктен тұратын кесте сызыңыз.




Саяси



Экономикалық

Мәдени

Әлеуметтік



Оқушылар алдыңғы тапсырмада уақыт сызығында стикерлерге жазылған оқиғалар немесе ұғымдарды кесте бөліктеріне тиісті салалар бойынша орналастыру керек. Оқушыларды қоғамдық өмірдің әр саласында орта ғасырларда ірі өзгерістер болғаны туралы қорытынды жасауға жетелеңіз.






Сабақтың соңы




Қорытындылау:

Қазақстан тарихында орта ғасырлар кезеңінің қандай негізгі ерекшеліктері бар?

Мұғалімнің кері байланысы.


Рефлексия: «Білдім – Білемін – Білгім келеді».




Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады.

Оқушылар бағалау критерийі арқылы бір-бірін бағалайды.

Сабақ барысында белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану. Интерактивті тақтаны мөлшерлі пайдалану.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.01.2019
1716
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі