Материалдар / Сабақ жоспары Өзімді өзім танумен өсіп келем...
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары Өзімді өзім танумен өсіп келем...

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Желтоқсан 2018
503
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзін-өзі тану сабақ жоспары


Мектеп_______________________________Мерзiм____________№_____

Тақырып: Өзімді өзім танумен өсіп келем...

Құндылық Махаббат

Қасиеттер: мейірім,сүйіспеншілік

Мұғалiм:____________________________Сынып:Оқушылар саны:__

Сабақтың мақсаты: оқушылардың адам өмір жолының маңызды құрамдасы ретіндегі өзін-өзі тану туралы түсініктерін кеңейту;

Міндеттері:

-оқушылардың «Өзін-өзі тану» пәні бойынша өткен сыныптарда алған білімдерін пысықтай отырып, өзін-өзі танудың үздіксіз үдеріс екендігін ұғындыру;

-оқушылардың өмірдегі ұстанымын, болашағын анықтауына оқу материалы арқылы ықпал ете отырып, адамның қайталанбас тұлға екендігі туралы түсініктерін дамыту;

-әр адамның қайталанбас тұлға екендігін есте тұта отырып, өзін-өзі түсіну, өзін-өзі бағалай білу және өзін-өзі тәрбиелеу туралы халық даналығымен таныстыру;

-өзін-өзі тәрбиелеу үрдісінде рухани құндылықтардың қайнар көзі – халықтық тағылымдардың тәжірибесінен тәлім ала білуге баулу.


Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН.

Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз.

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!

Ресурстар:үн таспа,

  1. Үй тапсырмасын тексеру.


Сабақ барысын талқылау:

  1. Әңгiмелеу (сұхбат).

Оқулықтағы «Таным тағылымы» атты аңыз әңгімені оқиық.

  • «Алыстан көруге үйренді» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Сендер танымның қай жолын таңдап алар едіңдер? Неліктен?

  • Қай данышпанның тағылымы табандылыққа, болашақты болжауға үйретеді? Неліктен?



  1. Дәйек сөз.

«Дүниедегі ең оңай нәрсе – біреуге ақыл айту, ең қиын нәрсе – өзінді–өзің түсіну»

Әл-Фараби

Нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?



  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

«Менің сыныбым» атты ойын ойнау. Барлық оқушыларға жүрекшелер таратылады, оған оз тілектерін жазып тақтаға жабыстырады.



  1. Топпен ән айту.

«Менде өсіп келемін»

Ә.Орманшина


Желдей жүйткіп жылдармен

Мен де өсіп келемін.

Отанымды сүйемін,

Қадірін оның білемін.

Мектепке де барамын,

Білімнің бойлап тереңін,

Үйренемін, ұғамын.

Өмірдің жинап керегін.

Керек болса көмегім,

Қол ұшымды беремін.

Адал туған Отанға

Ұлы болмас, деп едім.


  1. Үй тапсырмасы.

Оқулықтағы «Әлім мен Жанар» атты әңгімені үйде оқып келуге беремін.



  1. Бағалау


Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтау.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!