жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сабақ жоспары: Қашықтықтан өту тапсырмалары
№2 сабақ
Сабақ тақырыбы |
Қашықтықтан өту тапсырмалары |
|||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
4.1.5.1 қолданылатын бірқатар іс-қимылдарды, кеңістікті, динамиканы және байланыстарды көрсете және түсіндіре отырып, өзінің және басқаларының іс-қимылдарды орындауына ортақтасу |
|||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: Оқушылар бұл бөлімде білу түсіну дағдыларын жеке, топтық жұппен гимнастикалық элементтерін дамытады. Көптеген оқушылар: Жеке және топтық жаттығулары арқылы таңғы гимнастикалық жаттығуларды орындайды Кейбір оқушылар: Қозғалмалы ойындармен эстафеталар негізінде төзімділікті дамытады |
|||
Тілідік мақсаттар |
Пәндік лексика және терминология Талқылауға арналған сұрақтар: • орын ауыстыру, тепе-теңдік, айналу • итерілу, ұшу, қону • гимнастикалық саймандар • арқан, саты, керме (белтемір) • гимнастикалық құрал-жабдық • гимнастикалық төсеніштер, орындықтар • қозғалыс үйлесімділігі • дене сымбаттылығы Диалогқа/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестері Талқылауға арналған сұрақтар: • Гимнастикада жаттығуларды орындау кезінде неліктен қауіпсіздік техникасы нұсқаулығын ұстану қажет екіндігін айта аласыз ба? • Гимнастикалық құрал-жабдықтарды пайдалана отырып жаттығуларды орындау күрделі үрдіс болып табылады ма? • Ойланыңыз, сіз тағы қандай бірлескен жаттығулар орындай алар едіңіз? • Ырғақты гимнастика кешенін жасақтауда сіз қандай қиындықтармен жолықтыңыз? |
|||
Жетістік критерийлері |
|
|||
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
|||
Пәнаралық байланыстар |
Сабақ барысында жаттығуларды орындау, сын есімді анықтауға арналған әдебиеттік оқу пәннен алған білімдерін пайдаланады. |
|||
АКТ қолдану дағдылары |
БАҚ және мультимедиялық құралдарды пайдалану; Дерекқордан және интернеттен ақпаратты іздеу; |
|||
Ресурстар |
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және постер, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер, слайд, флипчарт. |
|||
Бастапқы білім |
Оқушылар өткен сыныптағы дене шынықтыру сабақтары мен сабақтан тыс уақытта алған гимнастикалық жаттығуларды орындау дағдылары мен білімдеріне ие. |
|||
Сабақтың барысы |
||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||
Сабақтың басы |
Шаттық шеңбері Дене мүшелерімен амандасу (көзбен, қол алысып, құлақпен, аяқпен амандасу) Мұғалім: — Екі көз не үшін керек? Оқушы: — Жақсыларды көру үшін. Мұғалім: — Екі құлақ не үшін керек? Оқушы: — Ақыл – кеңес тыңдау үшін. Мұғалім: — Екі қол не үшін керек? Оқушы: — Елге көмек беру үшін. Мұғалім: — Екі аяқ не үшін қажет? Оқушы: — Шетте жүрсең, Туған жерге жету үшін Мүғалім: — Ал басың не үшін керек? Окушы: — Бәрін-бәрін ойлау үшін. Қырықаяқ — бұл ойын тегіс алаңды жерде, мектеп ауласында, дене шынықтыру, спорт залдарында ойналады. Ойнаушылар орталарынан басқарушы тағайындап алады. Басқарушының талап етуіне орай ойынға қатынасушылар тең екі топқа бөлінеді. Екі топтағы ойнаушылар да бірінің белінен бірі құшақтап қатар тұрысады. Олар тұрған жерден 25—30 метр қашықтықта көмбе белгіленеді. Басқарушының командасы бойынша екі топ та сол қалыптарымен аяқтарын тепе-тең алып жүгіре жөнеледі. Қай тап көмбеге бұрын жетсе, сол жеңіске ие болады. Басқарушы ойын тәртібінің бұзылмауын қадағалап тұрады. Ойын қайталанып отырады. Ойынды әбден игергеннен кейін басқарушыны жаңадан сайлап алады. Ойын жастарды қимыл бірлестігіне, коллектившілдікке, жауапкершілікке, ұйымшылдықка тәрбиелейді. (Т, Ж, ҚБ) Сынып екі командаға бөлінеді, бір-бірінен 4-5 м. арақашықтықта командалар екі лекке сөре сызығына келіп орналасады. Мұғалімнің белгісі бойынша лекте бірінші тұрған оқушы қолына секіртпені алып, алдын-ала белгіленген жерге (фишка, доп, төсеніш) дейін жүгіріп барып, оны айналып кері сөре сызығына оралады. Лектегі екінші ойыншы секірпені екінші жағынан ұсатайды да өздерінің легін бойлай, секіртпені лекте секіріп тұрған ойыншылардың аяғының астынан сүйретіп шығады. Лектің соңына жеткен соң бірінші ойыншы лекте соңғы тұрған ойыншының артына орналасады, ал екінші ойыншы секіртпені ұстап белгіленген жерді жүгіріп айналып келіп осы әрекетті келесі ойыншымен бірге қайталайды. Эстафетаны бірінші болып аяқтаған және аз мөлшерде қателіктер жіберген команда жеңіске жетеді. |
Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.
Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары |
||
Сабақтың ортасы |
(К, ҚБ) Оқушыларды екі топқа бөліңіз, олар өз ішінде екі топқа бөлініп, бір-бірінен 10 м қашықтықта қарсы колонналарға сапқа тұрғызылады. Әрбір ойыншы кең аумақты орнын таңдайды. Ойыншылардың арасындағы қашықтық-70 см. бағаналардың ортасында гимнастикалық мат қойылады. Кіші топтардың бірінің капитандары (бағыттаушылар) толтырылған доп алады. Мұғалім белгісі бойынша капитан допты бастан асырып артқа шалқайып өз тобынадағы екінші ойыншыға береді. Ол кері қарай алға еңкейіп аяқтың арасынан өткізіп үшінші ойыншыға береді. Соңғы ойыншы, допты алып, онымен алға қарай жүгіреді; матқа жүгіріп, алға аунап доптыттаушыға қолдарындағы допты береді. Өзі шетке шығады.. Екінші лектің ойыншылары да тапсырманы орындайды. Тапсырманы бірінші орындайтын команда жеңеді. (Б, ҚБ) Нығыздалған доппен аралас эстафета: Белгі бойынша лектегі бағыттаушылар артқа шалқая нығыздалған допты бастан асыра артындағы келесі ойыншыға жалғайды. Екінші ойыншы допты қабылдап алып, алға еңкейіп аяқтың арасынан келесі ойыншыға жалғайды және солай жалғасады. Соңғы ойыншы допты қабылдап алған соң, доп алып алға жүгіреді, гимнастикалық төсенішке жүгіріп жеткен соң жанымен бір рет аударылып түсуді орындай, одан соң жүгіруді жалғастырады, қарсы тұрған лектің бірінші тұрған ойыншысына жүгіріп жетіп допты соған ұстатады. Бұл лектегі ойыншылар да осы әрекетті қайталайды. Эстафетаны бірінші болып бітірген лек жеңіске жетеді. Қашықтықтан өту тапсырмалары Дескрипторы: Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. (Т, Ж, ҚБ) Мұғалім сыныпты 2-4 командаға бөледі де гимнастикалық эстафета өткізеді. Әр команданың алдында екі гимнастикалық төсеніштер төселеді. Мұғалімнің белгісі бойынша бірінші ойыншылар гимнастикалық төсенішке дейін жүгірі жетіп, шалқалап жату қалпынан гимнастикалық «көпіршені» көрсетеді. Одан соң гимнастикалық шығыршыққа дейін жүгіріп жетіп қолға алады да жермен дөңгеле алып жүру арқылы конустарға дейін жетеді, кері оралу жолында шығыршықты қолына алып жүгіріп келіп орнына қояды, өзінің командасына жүгіріп келіп эстафетаны келесі ойыншыға жалғайды. Тапсырмаларды тез орындап шыға алған команда жеңіске жетеді. 2-3 рет қайталау. |
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Белсенді оқу тапсырмалары.
|
||
Сабақтың соңы |
Жаңа білім мен тәжірибені қолдану. Ой толғаныс кезеңі. (ЖЖ, К, Ж, ҚБ) Кез-келген затты төбеге қойып лабиринттен өту. Лабиринт орташа есеппен 20 метр болуы қажет.
1.
Тура жүру (3
м);
Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)
|
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау, толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағы тапсырмалары арқылы білдіре алады. |
||
Қосымша ақпарат |
||||
Саралау. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз? |
Дереккөздер: Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады. |
|||
Бағалау. Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау парақтары |
|||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен сабақжоспарымды орындап үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
|
|||
Қорытынды бағалау |
||||
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек? 1. |
||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген