Материалдар / Сабақ жоспары Қатырма қағаздан қобдиша жасау 3 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары Қатырма қағаздан қобдиша жасау 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қатырма қағаздан қобдиша жасау жолдарын үйрету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Мамыр 2021
1928
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Үйірменің тақырыбы: Қатырма қағаздан қобдиша жасау

Мақсаты: Оқушылардың «ұжым», «достық» құндылықтары туралы түсінініктерін кеңейту. Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері: 1.Оқушыларға қатырма қағаздан қобдиша жасауды үйрету. 2.Оқушылардың дұрыс сызу, қию, қайшыны ұстау, дұрыс сызуға дағдыландыру, білімін дамыту. 3. Еңбекке баулумен қатар ұқыптылыққа,әдептілікке, еңбекке, тазалыққа тәрбиелеу. Типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу Көрнекілігі: Суреттер, қатырма қағаз,қайшы

Барысы: I Ұйымдасу кезеңі: Сабаққа дайындық

Шаттық шеңберін жасау
Қәне, қәне тұрамыз,
Бойымызды түзеп тұрамыз.
Қоян болып секіріп, Тобымызды табамыз.

1-топ «Тапқырлар», 2-топ «Білгірлер», 3-топ «Шебер», 4-топ «Өнерлі».

ІІ Үй тапсырмасын тексеру 1.Фольганы қандай металдардан жасайды? 2.Фольганың қағаздан айырмашылығы неде? 3.Фольганың өзіне тән қандай сипаттары бар? 4.Қандай бұйымдарды дайындауда фольга пайдаланылады? 5.Қай қаланың елтаңбасында барыс бейнеленген? 6.Барыс бейнесі қандай спорт жарысының символы? (Оқушылар парақтағы сұрақтарға жауап беру арқылы қобдиша суреті тақтаға ілінеді.) Дәптерге тақырып жазу. IІІ Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Қатырма қағаз – қағазға қарағанда қалың және тығыз материал. Одан әдемі бұйымдар жасай аламыз: маска, сәндік қорапшалар, инеқап (ине, түйреуіш салатын), қалып үлгілер, т.б. Қатырма қағаздан ойыншық, ұсақ әшекей бұйымдардан басқа жіп, қайшы, түйме сақтайтын қобдишалар жасалады. Қақпақты қораптың өлшеміне қарай жасаймыз. Жібі бар шарықтар сақтайтын әсем де ыңғайлы қобдишаны кәмпит, торт, печенье қорапшаларынан дайындаған жөн. Қобдишаны қақпақты және қақпақсыз етіп жасауға болады. Жіптің ұшы шатасып кетпес үшін шарықтың шетінен 10 мм шамасында кертіктер жасаңдар. Жібі бар шарықтарды сақтайтын сәндік қобдиша жасап, сыйға тартуларыңа болады. *Жіп сақтайтын қобдиша жасау үшін кәмпиттің қорабын таңдап ал. *Таңдап алған қораптың өлшеміне қарай жұқа қатырма қағаздан қақпағын өз бетінше жаса. *Қобдишада жіп орауыш-шарықтар орнықты тұру үшін тұғыр дайында (қатырма қағаздан, қағаздан). *Қобдишаның қақпағы мен жіп орауышты безендір.

Шарық тұғыры жұқа қатырма қағаздан немесе тығыз қағаздан жасалады. Алдымен жіп оралған шарықтың өлшемдерін білуіміз керек. Шарықтың биіктігі 40, 35, 30, 23 мм болады. Тұғырларды 40 мм жіп орауыштың өлшемімен жасайды.(2-сурет) Арақашықтығы 2-3 мм, биіктігі 10 мм болатын кесіктер жасаймыз.(3-сурет)

4-суреттегі жолақтың қиылған бөлігіне дейін желім жағамыз. Содан соң суреттегідей етіп, шырпыны жолақты айналдыра шиыршықтап ораймыз. Бұл кезде қатырма қағаздың немесе қағаздың жолағы желімделеді.

Түтікше өзегінің желпуіш тәрізді тілімделіп, тармақталған бөлігіне (5-сурет) ішкі жағынан желім жағамыз. Содан соң қобдишаның түбіндегі белгіленген дөңгелекшеге жапсырамыз. Ол орнықты болу үшін тұғырға диаметрі 30 мм дөңгелекшелер қиып желімдейміз. Оны түсті клеëнкадан, қатырма қағаздан, қағаздан қиып алуға болады. Дөңгелекшенің ортасынан тесік жасап, оны тұғырдан өткізіп, желімдейміз. Осы орнықты тұғырлар шарықты ұстап тұрады. Ал қобдишаның ішіндегі заттар шашылмайды. Қайшы, жіп, ине, түйме салу үшін қобдишаның ішін қатырма қағазбен бөліп қоюға болады. Қобдишаға 4-6 шарық сыйса жеткілікті. ІҮ Сергіту сәті Кел балалар,ойнайық,
Ойнайық та ойлайық,
Қандай жұмбақ болса да
Шешпей оны қоймайық.

Екi басы дөңгелек,
Екi ұшы сүйiр,
Қиғанға үйiр.    (Қайшы)


Тазалап ақ қағаз жүзiн,
Жоқ етер қарындаш iзiн.   (Өшiргiш)


Қабат-қабат қаптама, Ақылың болса аттама (Кітап)

Қысқа таяқ дiңi бар,

Шиырлаған iзiнде

Сайрап тұрар тiлi бар.   (Қарындаш)



Бөлiнгендi табыстырып,

Бiрiктiрсе қабыстырып.

Жымдастырған жiгiт де,

Байқамайсың түгiн де.   (Желiм)


Жұқа тақтай бөлшегi,

Ұзындықтың өлшемi.   (Сызғыш)


Төрт қырлы, өзi аппақ,

Тақтадағы iзi аппақ.   (Бор)

Ү Сарамандық жұмыс Қайшымен, желіммен жұмыс жасағанда қандай техника қауіпсіздік ережелерін білесіңдер? Қауіпсіздік ережелерді еске түсірейік: 
1.Қайшыны лақтырма, сермеме. Қайшының ашасын ашық тастама. 
2. Қайшыны партаның оң жақ жоғарғы шетіне қой. 
3. Қайшыны ұсынғанда өзің жүзінен ұстап алушыға сабын бер. 
4. Желіммен жұмыс кезінде партаның бетіне төсеніш төсе. 
5. Желімді аузыңа, көзіңе тигізбе. 
6. Желіммен жұмыс соңында қолыңды жу. 

ҮІ Бекіту сұрақтары

1. Қатырма қағаздан жасалған қобдиша не үшін керек? 2. Қатырма қағаздан қандай бұйымдар жасалады? 3. Қатырма қағаздан қорапша жасаудың тәсілін түсіндіру. 4. Қобдишаға жіптен басқа тағы не салуға болады?

ҮІІ Қорыту

Рефлекция
Балалар жұмысы тақтаға ілінеді. Қай жұмыс ұнайды?
- Пікірлері сұралады. Неліктен осылай ойлайсың? Өз ойын айтуға мүмкіндік туғызу.



































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!