Материалдар / Сабақ жоспары: "Қазақ хандығы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары: "Қазақ хандығы"

Материал туралы қысқаша түсінік
азақ хандығы - Қазақстан аумағында бұрын болған мемлекеттік құрылымдардың мұрагері, этникалық процестермен байланысты әлеуметтік қатынастардың өзгерістер мен экономикалық даму нәтижесі. 1457 жылдың күзінде Әбілқайыр хан Сығанақ түбінде қалмақтардан жеңілгеннен кейін, Керей мен Жәнібек сұлтандар қол астындағы ру-тайпалармен Шу өңіріне келіп қоныстанып, Қазақ хандығының негізін салады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері - Шу бойы мен Қозыбасы деп айтылады. 1458 жылдың көктемінде Керейді ақ киізге көтеріп хан сайлайды. Әбілқайыр ханға наразы сұлтандар, әмірлер, ру-тайпа басылары Керей мен Жәнібекке келіп қосылады. Аз уақыттың ішінде халықтың саны 200 мыңнан асып түседі. Қазақ хандығының құрылуы осыған дейін бүкіл Қазақстан аумағында болған әлеуметтік-экономикалық және этно саяси процестердің заңды қорытындысы еді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қазан 2021
758
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Даланың дара ұстазы – Ыбырай Алтынсарин».

Мақсаты:

1 Ыбырай Алтынсариннің өмірі, еңбектері, алғаш қазақ даласына мектептер ашқан ұстаз екендігі жөнінде түсінік беру. Ыбырайдың мектебі мен қазіргі заман мектебінің жағдайын салыстыра отырып көрсету.

2 Ұлы адамдардың рухтарына тағзым ете отырып, өмір жолдарын, еңбектерін, үлгі-өнеге тұту, оны жалғастыру қабілеттерін дамыту. Оқушылардың сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту.

3 Оқушыларға Ыбырай ата өмірін үлгі ету, білімді, ақылды, ізденімпаз, етіп тәрбиелеу, білімді болуға, ұлы адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: презентация, суреттер,кейіпкерлердің костюмдері,күй,қоңырау.

Өту барысы.

1 Ұйымдастыру кезеңі

Музыка ойнап тұрады.

1 Қоңыраудың үні естіледі.

Мұғалім: Қоңырау үнімен қазақ даласына білім әкеліп, балаларды мектепке шақырған кім?

Оқушылар: Ыбырай Алтынсарин

Мұғалім:Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыз Ұлы педагог, ағартушы, ақын, жазушы Ыбырай Алтынсаринның өмір баянына арналған. Ыбырай Алтынсарин-қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер адам еді, ол өзінің қараңғы, көшпелі халқының ішіне еуропалық мәдениеттің жарық сәулесін таратты.

1-оқушы:

Сауатты болса екен деп қазақ халқын,

Білімге бастап беріп, жолды салды.

Тәлімді, тәрбиелі еңбегімен,

Ыбырайдан өшпестей мұра қалды.

2-оқушы:

Сәлем жолдап шәкіртке дұғай-дұғай,

Ұрандап өлеңімен келді былай.

Жас ұрпаққа жар салып жанымен де,

«Кел, балалар, оқылық»-деді Ыбырай.

3-оқушы:

Жалғассын бүгінгі күн дәстүр-салтың,

Күндей күліп өмірің болсын жарқын.

Бас иіп ұлы Ыбырай рухына,

Көтерейік бірігіп атақ-даңқын!

Жүргізуші: Талай дана-данышпан, дарабоз тарихи тұлғаларды дүниеге келтірген дархан Қостанай топырағында ұлтымыздың алғаш білім қоңырауын соққан ұстаз Ы.Алтынсарин да туған.

Оқушы: Ы.Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда Қостанай облысының Торғай аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының-белгілі би Балқожаның қолында тәрбиеленді.Туып-өскен жері-Қостанай облысы Тобол өзені жағасында.

Оқушы: Ы.Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды.

Оқушы: Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды,Ресей қоғамының білімді адамдарымен кездесті. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В. Григорьевпен танысты.

Оқушы: Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын көбірек біле түссем деп армандады.Алған білімін өз халқының пайдасына асыруға талпынды.

Оқушы: 1860 жылы Алтынсаринге облыстық басқарма Орынбор бекінісінде қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуды тапсырды.Өзін осы мектепке орыс тілінен мұғалім етіп тағайындайды. Осыдан бастап Алтынсариннің ағартушылық-педагогтік қызметі басталады.Бірақ мектеп үйі, оқу құралына қаражат болмайды. Облыстық басқарма мектеп ашуға салқын қарайды. Бірақ Алтынсарин бұған мойымайды.Ауылды аралап, халыққа мектептің пайдасы туралы әңгіме жүргізеді.Жұрттың оқуға ынтасын арттыру үшін біраз балаларды өз үйінде оқытады. Ыбырайдың арман еткен мектебі тек 1864 жылы ашылады.

Оқушы: 1879-1883 жылдар аралығында Торғай облысының төрт уезінде жаңа мектептер ашады. 1883 жылы Торғай қаласында қолөнер мектебі ашылды. Ол қазақ даласындағы техникалық білім беретін оқу орны болды.

Ыбырай қазақ қыздарын оқыту ісіне ерекше көңіл бөледі.1887 жылы Ырғызда қыздар мектебін ұйымдастыруы-оның ағартушылық аса зор еңбегі.

7Оқушы: Ыбырай балаларды мазмұнды,тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды қазақтың өз тілінде басып шығару керек деп білді. Өзі 1876 жылдан бастап «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кірісіп, оны 1873 жылы Орынборда бастырып шығарады. «Бұл кітапты құрастырғанда мен»,-деп жазды. Қазақ даласында мектептер санының артуына байланысты Ыбырай мұғалімдер даярлайтын мектеп ашуды қолға алды.

Оқушы: 1881 жылы Омбы қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылды. Орынборда 1879 жылы Алтынсариннің тұңғыш оқу құралы «қазақ хрестоматиясын» балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгімелерден құрастырды. Олардың бір қатарын өзі жазды. Хрестоматияға қазақтың халық әдебиетінің үлгілерін де іріктеп кіргізді.

Оқушы: Ыбырай Алтынсарин 1889 жылы 48 жасында қайтыс болады. Қазақ даласында жарқ еткен жұлдыз сөнгенімен артында мәңгі өшпес мұралары мен шәкірттері халқына қызмет етіп келеді.

Оқушы: Ыбырай есімі берілген аудан, ауылдар, оқу орындары, көшелер, жер атаулары Қазақстанның түпкір-түпкірінде кездеседі.

Жүргізуші: Ы.Алтынсарин көптеген өлеңдерді жазған. Өз шығармаларында Отанын, халқын сүюге, оқып білім алуға шақырды.

Оқушылар жатқа Ы.Алтынсариннің өлеңдерін оқиды.

1 «Кел, балалар, оқылық!»

Жүргізуші: Ыбырай атамыз осы өлеңінде оқу-білімнің пайдасы мен қараңғылықтың зиянын салыстыра отырып сиппаттайды. Ғылым-білімнің басты жауы- қараңғылықтың мән-жайын ашып береді. Ақын сол оқудың үйдегі әке-шешенің үміт тілегімен ұштасып жататынын да әсерлі жеткізеді.

2«Өнер, білім бар жұрттар».

Жүргізуші: Ақын «Өнер, білім бар жұрттар» өлеңінде оқу, білім алудағы мақсатты аша түседі. Оқып білім алудағы мақсат халықтың қажетіне жарау, өз еліңді өркениетті елдер қатарына қосу деп түсіндіреді.

Ыбырай қазақ жастарын оқуға шақырумен қатар, адамгершілікке,махаббат-достыққа,еңбекке, жігерлікке,тапқырлыққа, халқын сүюге шақырды. Былай айтқанда, адам деген ардақты есімді ақтай алатын кісі болып шығуды насихаттап, жастарға дұрыс тәрбие бергенде ғана бұл міндеттерді іске асыруға болатындығын ол жақсы ұғынды.

3«Ананың сүюі».

Жүргізуші: «Ананың сүюі» өлеңінде түн ұйқысын төрт бөлген ананы қадірлеуге, сыйлауға шақырады.

4 «Өзен»

Жүргізуші:Табиғат көрінісін адамдардың тіршілігімен байланыстыра суреттейтін, негізгі идеясы-туған ел табиғатын суреттеу арқылы өзінің жас шәкірттерінің бойына табиғатты, Отанды сүю сезімдерін дамыту мақсатында туған өлеңі «Өзен».

Жүргізуші: Ы. Алтынсарин жазба әдебиетке тән прозажанрының да негізін қалады. Ол-тұңғыш рет балаларға арнап әңгіме жазған жазушы.Ыбырай әңгімелерінің басты ерекшелігі-жақсы мен жаманды салыстыра отырып әңгімелеу арқылы балалардың санасына ой салу, тәрбиелеу. Еңбекті сүю және қадірлеу-Ыбырай әңгімелерінің негізгі тақырыбы.

Адамзат баласы шыр етіп жерге түскеннен бастап ата-ананың аялы алақаны мен ыстық ықыласына бөленіп өсетіні белгілі. Ата-ана баласына небір асыл қасиеттерді үйретіп, жақсы азамат болуын тілейді және үміттенеді. Бұл тақырыпта да жазған Ыбырай  шығармалары бар.

Ы.Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесінің қойылымы.

Жүргізуші: Жазушының бір топ әңгімелері адамгершілік, тәрбие мәселесіне жазылған. Әр әңгімесінде тәрбиенің ізі жатыр. Оны түсініп оқыған адам ғана ұлы ұстаздың шебер тәрбиеші екеніне көзі жетеді.

Ы.Алтынсариннің «Бақша ағаштары» әңгімесінің қойылымы.

Мұғалім: Қазақ халқының дарынды перзенті Ы.Алтынсарин аса күрделі тарихи кезенде, патша үкіметі Шығыс халықтары арасында қатаң отарлау саясатын жүргізіп жатқан кезенде өмір сүрді. Қазақ халқының тарихында Ы.Алтынсарин ерекше роль атқарадыОл қазақтың тұңғыш педагогы, қазақ даласында бірінші рет мектеп ұйымдастырып, қазақ жастарына білімнің есігін ашты.

Ы.Алтынсарин өз халқын жан-итәнімен сүйген, халқының мәдени көркейіп өсуі үшін бойындағы бар күш-жігерін аянбай жұмсаған нағыз патриот еді.

Ы.Алтынсарин-нағыз халықшыл жазушы, өмір шындығын озық идея тұрғысынан таныта білген кемеңгер суреткер, қоғам қайраткері, заманының ең маңызды мәселесін көтеріп, жыр төккен азамат-ақын, жаңашыл жазушы. Өз бойындағы қуатын халық мақсаты үшін аямай жұмсаған адал жанды азамат.

Мен осы сыныптан тыс шарамды ақын Ақылбек Шаяхметтің жазған өлең шумақтарымен аяқтағым келіп тұр.

1-оқушы: Алтынсарин-қазақтың жарық шамы,

Ойлағаны аяулы халық қамы.

Жап-жасыл жайқалатын жапырағы,

Ы.Алтынсарин елімнің алтын бағы.

2-оқушы: Алтынсарин-мазмұнды өмір әні,

Үлгі болып алдыңнан жолығады.

Шырт ұйқыдан оятқани бабамызды

Алтынсарин-даланың қоңырауы.

3-оқушы: Алтынсарин-ел үшін соққан жүрек,

Сезіп оның дүрсілін шаттанды көп.

Қалың қардың жібіткен мұз денесін

Алтынсарин-аңқылдақ алтын күрек.

4-оқушы: Денесі оның Тобылдың жағасында,

Мүсіні тұр Қостанай қаласында.

Ыбырай бұлағының мөлдір суы,

Шүпілдейді білімнің шарасында.

5-оқушы:Сол сумен егін егіп, мал суардық,

Жыр жазып, дала жайлы ән шығардық.

Сол сумен қаталаған шөлді басып,

Шығып тұр қазағымның дауысы анық.

6-оқушы:Сол судан мейірі қанып барлық халық,

Өмірден өз орнын тапқаны анық.

Алтынсарин-ұлы ұстаз ұлағаты,

Алтынсарин-ұлтыма ұлы жарық.













































Ы.Алтынсарин өмірі, шығармашылығы.

Әдеби кеш

Іс-шараның мақсаты:

Шығыс жұлдыздарының ішінде өзіндік орны ерекше Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы оқушылар білімін толықтыру. Тіл білімінің негізін салушы, ұлт мақтанышы Ы.Алтынсариннің шығармаларынан ғибрат алу, оқушыларды еңбекке, иманжүзділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

Ы.Алтынсариннің суреті, өмірі мен шығармаларынан шағын көрме.



Кіріспе: Шам жағылып тұрады. Ы.Алтынсарин туралы видео.



1 жүргізуші Карина:

19 ғасырдың ІІ жартысында өмір сүрген қазақ халқының ұлы демократы Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Торғай өңірінде дүниеге келген.Ол нағашы атасы, Торғай өңіріне белгілі Балқожа бидің тәрбиесінде өседі.

Үміт еткен көзімнің нұры балам,

Жаныңа жәрдем берсін хақ тағалам.

Атаң мұнда анаңмен есен -аман

Сүйініп сәлем жазды бүгін саған...

деп он жасар немересі Ыбырайға хат жолдаушы сол атасы еді.



2 жүргізуші Сағит:

Ы.Алтынсарин - қазақтың тұңғыш педагогы, ағартушысы, қазақ балалар әдебиетінің атасы, ақын, реалист жазушы, тіл тазалығы үшін күрескер, тұңғыш кемеңгер. Ы. Алтынсарин тұңғыш ағартушы -педагог болуымен бірге, баларға арнап көлемі шағын, мазмұны мәнді ондаған өлеңдері мен әңгімелерін қалдырған жазушы. Ол өзінің Қазақ балалар «Қазақ хрестоматиясы» атты тұңғыш оқулығын «Кел, балалар, оқылық» деген өлеңімен ашып, онда жастарды оқуға, талаптанып талпынуға, білім алуға шақырады.



Оқушылар Ы.Алтынсариннің өмірі, шығармашылығымен таныстырады (буклет)



Фариза:

Бір аллаға сиынып,

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық.



Оқысаңыз, балалар,

Шамнан шырақ жағылар,

Тілегінің алдыңнан,

Іздемей-ақ табылар.

Настя

Өнер-білім бар жұрттар

Тастан салай салғызды;

Айшылық алыс жерлерден,

Көзіңді ашып-жұмғанша,

Жылдам хабар алғызды.

Аты жоқ құр арбаны

Мың шақырым жерлерге,

Күн жарымда барғызды.



1 жүргізуші Карина:

Бұл өлеңде ақын бір жағынан, жастарды оқуға, білім алуға үндесе, екінші жағынан, өмірдің бар қызығы тек байлықта деп ұғатын, оқу, өнер, ғылым -білімге мән бермейтін кертартпа көзқарасқа соққы береді. Өмірде сарқылмас мол байлық -білім екендігін айта келіп, оған қол жеткізу үшін ерінбей -жалықпай еңбектенудің керектігін түсіндіреді.



2 жүргізуші Сағит:

Ыбырай атамыздың өміріндегі болған айтулы оқиғаларымен Дана және Фариза баяндап береді «Жылдар сөйлейді...» (слайд)



1 жүргізуші Карина:

Әңгімелерінің негізгі басты тақырыбы: адамгершілік, мейірімділік жайлы, еңбек, тәрбие, талаптылық, әдептілік, еліне, жеріне, ата-анаға деген сүйіспеншілік туралы. Өсіп келе жатқан жас буынды еңбекті сүюге, адалдыққа, жалқау болмауға шықырады.



Көрініс «Бақша ағаштары»

Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштары мен гүл жапырақтарын көріп жүрді.

- Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен? - деп сұрады баласы.

- Оның себебі, балам, анау ағашты бағу-қағумен өсірген, қисық бұтақтары болса өсіп. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен,- деді атасы.

- Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой,-деді баласы.

- Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым; мұнан сен де өзіңе әбірет алсаң болады; сен жас ағашсың саған да күтім керек; мен сенің қате істеріңді



түзеп, пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы түзік кісі болып өсерсің, бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің,- деді.

Балалар бұл әңгімеде не туралы айтылған: оқушылардың өз ойлары.



2 жүргізуші Сағит:

Сондай- ақ ағартушы ғалым бала тәрбиесіндегі ананың еңбегіне ерекше мән беріп, ана махаббатын терең сезіммен жырлап, сол арқылы баланың ата- ана алдындағы перзеттік парызын есіне салып, ғибратты сөздер, пайымды ойлар айтқан

Валентин "Ананың сүюі"

Кім сендерді балалар сүйетұғын,

Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын.

Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,

Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.

Кім сендерді, балалар тербететін,

Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?

Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,

Қамқор анаң көз жасын көлдететін.

Кім сендерді сағынар шетке кетсең,

Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең.

Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз сайын,

Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.

Кім сағынар сендерді келгеніңше,

Құлындарын көзімен көргенінше?

Сендер қайтып келгенде адам болып,

Еш арманым болмас дер өле-өлгенше



1 жүргізуші Карина: Ал енді біз сіздермен сұрақ-жауап ойынын өткізгіміз келеді.

Ыбырай Алтынсарин қай жылы дүниеге келген?

А) 1842 ж.

В) 1841 ж.

С) 1843 ж.

Д) 1844 ж.

Жауап: В.



2 жүргізуші Сағит: Ыбырай Алтынсарин қай жерде дүниеге келген?

А) Қостанайда

В) Қарағандыда

С) Семейде

Д) Атырауда

Жауап: А.



1 жүргізуші Карина: Ыбырай кімнің қолында тәрбиеленді?



А) Ағасының

В) Әкесінің

С) Атасының

Д) Әжесінің

Жауап: С.



2 жүргізуші Сағит: Ыбырай атасы Балқожа бидің хатшысы ретінде қай жылы тілмаштық қызмет атқарды?

А) 1850 ж.

В) 1853 ж.

С) 1855 ж.

Д) 1857 ж.

Жауап: Д.

1 жүргізуші Карина: Ыбырай Торғай облысындағы мектептердің инспекторлық қызметіне қай жылы тағайындалды?

А) 1879 ж.

В) 1870 ж.

С) 1864 ж.

Д) 1885 ж.

Жауап:С.

2 жүргізуші Сағит: Тұңғыш қазақ балаларына мектеп ашқан кім?

А) Абай Құнанбайұлы

В) Шоқан Уалиханов

С) Ыбырай Алтынсарин

Д) Ахмет Байтұрсынов

Жауап: С.

1 жүргізуші Карина: Қазақ қыздарына арналған мектеп интернат қай жылы ұйымдастырылды?

А) 1887 ж.

В) 1890 ж.

С) 1891 ж.

Д) 1888 ж.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!