Сабақ жоспары: Қазақ отбасының дәстүрлері 5 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары: Қазақ отбасының дәстүрлері 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге сабақ өткізу кезінде
Материалдың қысқаша нұсқасы



1 бөлім.

Отбасындағы дәстүр- лер мен мерекелер.

Сабақтың тақырыбы:Қазақ отбасының дәстүрлері







Мектеп Александров МБК

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жасқайрат Т.Р.

Сынып: 5

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

5.1.1.1.тақырыпты тірек сөздер арқылы болжау

5.2.2.1.қазақша амандасу мәнері мен ұлттық этикет формаларын пайдалану

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу,түсіну,қолдану

Бағалау критерийі

- тақырыптың мазмұнын тірек сөздер арқылы болжайды;

- Ұлттық этикет формалары арқылы қазақша амандасуды біледі.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: қазақша амандасу мен этикет мәнерінің формаларын атайды

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: тірек сөздер арқылы тақырыпты болжай алады,қазақша амандасу түрлерін қолданады

Оқушылардың кейбірі орындай алады: ұлттық этикет формаларына қатысты өз ойын білдіреді



Тілдік мақсат


Оқушылар орындай алады: тірек сөздер арқылы тақырыпты болжайды,қазақша амандасу формаларын қолданады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Отбасы,дәстүр,кеңес беру,қамқоршы,құрметтеу

Диалог құруға /шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:


Талқылауға арналған сұрақтар:

- Қазақ отбасындағы қандай дәстүрлерді білесің?

- Қазақ отбасында жасы үлкен адамды қалай құрметтейді?

Не себепті ... деп ойлайсыз?

Ишара Амандасу түрлерін көрсетеді

Құндылықтар

Үлкенге- құрмет,кішіге-ізет

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзін тану

АКТ - ны қолдану

Слайд,"Дара диаграмма"

Алдыңғы оқу

Қазақ халқының дәстүрлерін біледі,үлкенді құрметтеуді біледі

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

2 мин













3 мин





















2 мин















15 мин

































































































Ортасы

2 мин







































2 мин





















6 мин

























5 мин































Соңы

3 мин

"Мақалдарды жинау" әдісі бойынша 3 топқа бөлінеді

1. Жігіттің бір жұрты нағашысы

2. Тойға барсаң, тойып бар

3.Сақтағанын жесе,сағынғаны келер



Мәтін алды жұмыс

"Сұраққа жылдам жауап" әдісі

- Қазақ отбасындағы қандай дәстүрлерді білесің?

- Қазақ отбасында жасы үлкен адамды қалай құрметтейді?



ҚБ "Мадақтау сөздер" оқушыларды ынталандыру үшін



Сөздік

Дәстүр - традиция

Жол беру - уступить дорогу

Төрге отырғызу - посадить на почётное место

Қарсы сөйлемеу - не переговариваться

Қамқоршы - защитник

Құрметтеймін - уважаю



1-тапсырма. Мәтінді тыңда, тақырыпқа қатысты сөз тіркестерін "Дара диаграммаға" түсір

Сәлем,достар! Менің атым - Әлібек.Мен сендерге өз отбасымды таныстырамын.Бұл - менің отбасым.Менің отбасым да басқа қазақ отбасылары секілді үлкен.менің отбасымда атам,әжем,әкем,анам,ағам,інім,қарындасым бар.Бәріміз бірге тұрамыз.

Қазақ отбасының жақсы дәстүрі көп.Олар: жасы үлкен адамға жол беру,төрге отырғызу,қарсы сөйлемеу,қызды сыйлау.Үлкендер жасы кішілерге қамқоршы болады,кеңес береді,ақылды болуды үйретеді.

Қазақ отбасында жасы үлкен адамды ерекше құрметтейді.Әкем маған: "Үлкенді құрметте,кішіге қамқор бол!" - дейді.Мен де атам мен әжемді, әкем мен анамды,ағамды құрметтеймін.Ал, ініме, қарындасыма көмектесемін.

Қазақ халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың тәрбиесін бөліп қараған.Ұлды мал бағуға, қолөнерге, ақша табуға, қыз баланы ас пісіруге, кесте тігуге, өрмек тоқуға үйреткен.

Қазақ дәстүрі бойынша, үйде, көшеде ер адамдар бір - біріне қол беріп амандасады.жасы кіші адам үлкенге: "Ассалаумағалейкум!" - деп амандасса, үлкендер: "Уағалейкумсалам!" - деп жауап береді.Ал мектепте,қоғамдық орындарда ер адаммен де, әйел адамдармен де "Сәлеметсіз бе!" - деп амандасады.

Адамды таныстырғанда үлкенге кішіні,әйел адамға ер адамды бірінші таныстырады.ондай кезде: "Танысып қойыңыздар", "таныстыруға рұқсат етіңіздер!"- деп айтады.

Мен өз отбасымды жақсы көремін,қазақ отбасының дәстүрлерін құрметтеймін,сақтаймын.



"Дара диаграмма"





Қазақ отбасындағы дәстүрлер
















Дескриптор

- Мәтінді тыңдайды;

- сөз тіркестерін диаграммаға түсіреді.

ҚБ "Отшашу"


2 - тапсырма. ТКО әдісі.

Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болады.

Берілген мәтін бөлігінен ұлттық этикет формаларына қатысты сөздерді қолданып,іс-қимыл,ыммен көрсет.

Қазақ дәстүрі бойынша, үйде, көшеде ер адамдар бір - біріне қол беріп амандасады.жасы кіші адам үлкенге: "Ассалаумағалейкум!" - деп амандасса, үлкендер: "Уағалейкумсалам!" - деп жауап береді.Ал мектепте,қоғамдық орындарда ер адаммен де, әйел адамдармен де "Сәлеметсіз бе!" - деп амандасады.

Дескриптор

- ұлттық формаларына қатысты сөздерді қолданады;

- іс-қимыл,ыммен көрсетеді.

ҚБ "Қол сигналы"


3-тапсырма."Сәйкестендір"әдісі.

Мәтіндегі ақпаратты тыңдай отырып, сөз тіркестерінің мағынасын ашады,ұғымдарды сәйкестендіреді.

Әке


Қыз


Үлкен


Кіші


Құндылықтар


Керекті сөздер: ізет,қонақ,құрмет,асқар тау,мәдени


Дескриптор

- ақпараттың дұрыстығын болжайды;

- өз ойын айтады;

- сәйкестендіреді.

ҚБ "Бас бармақ" мәтінді түсіну деңгейін анықтау


4-тапсырма Саралау:"Қорытынды"

"Артығын алып таста" әдісі бойынша оқушыларға сабақ тақырыбына байланысты сөздер беремін,қай сөз тақырыпқа қатысты емес екенін анықтайды


Отбасы, табиғат, дәстүр, амандасу, мектеп, сыйлық,жол беру, кітап, төр


Дескриптор

- сөздердің мағынасын түсінеді

- сөздердің артығын табады

ҚБ "Шапалақтау"


5-тапсырма. Саралау: қарқын

"Аяқталмаған сөйлем"әдісі.

Амандасу мәнері мен ұлттық этикет формаларын пайдалана отырып, толықтырып жаз

Амандасу сөздері: _______________________

Таныстыру сөздері: ______________________

Қоштасу сөздері: ________________________

Дескриптор

- амандасу мәнері мен ұлттық этикет формаларын пайдалана алады

- толықтырып жазады

ҚБ "Екі жұлдыз,бір тілек"


Жұптық жұмыс. Ұсынылған жағдаятты пайдаланып,ұлттық этикет формаларына байланысты өз ойыңды жеткізе біл.

1.Досың екеуің көшеде келе жатып,көрші атаны көріп қалдың ....

2. Құрбың екеуің бір - біріңмен пойызда кездесіп қалдыңдар ...

3. Анаңмен келе жатып оның құрбысын кездестірдіңдер ...

Саралау: қолдау көрсету

ҚБ "Бағдаршам"


Кері байланыс

"Бір + , бір - "

Сабақ барысында сәтті шыққан 1 тапсырманы, сәтсіз шыққан 1 тапсырманы айту.

Оқушы мен мұғалім кері байланысы.






























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.06.2019
6565
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі