Сабақ жоспары. "Құрылымы күрделі теңдеу" 3-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары. "Құрылымы күрделі теңдеу" 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

3-СЫНЫП МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН IІI ТОҚСАН 40 МИНУТҚА ЖОСПАРЛАНҒАН ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Алматы облысы,

Еңбекшіқазақ ауданы

«Есік қаласының облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған

арнайы мектеп – интернатының»

бастауыш сынып мұғалімі

Өмірзақова Ақерке Өмірзаққызы


Пән: Математика Мектеп: «Есік қаласының облыстық көру қабілеті

бұзылған балаларға арналған арнайы

мектеп-интернаты»КММ



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3 А Кестеден тыс көбейту және бөлу

Ортақ тақырып: 6. Өнер

Бөлімше: 2. 2. Теңдік және теңсіздік. Теңдеу



Күні: 21. 08. 2020 ж Мұғалімнің аты-жөні: Өмірзақова А. Ө.



Сынып: 3- сынып Қатысқандар саны: 7

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы:

Құрылымы күрделі теңдеулер


Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

3.2.2.2 көбейту мен бөлуге берілген қарапайым теңдеулерді, құрылымы күрделі х·(25:5)=60, (24·3):х=6, х:(17·2)=2, k+124:4=465 түріндегі теңдеулерді шешу

Сабақ мақсаттары

Көбейту мен бөлу амалдарына берілген өрнектердің мәнін тауып, кітапханаға неше рет баратын баланы анықтау.

Көбейту мен бөлу амалына берілген қарапайым теңдеу мен құрылымы күрделі теңдеулерді салыстыру, айырмашылығын түсіндіру.

Көбейту мен бөлу амалына берілген құрылымы күрделі теңдеулерді ықшамдап, белгісіз компоненті табу.

Ойлау деңгейлері

Білу

Түсіну

Қолдану

Бағалау критерийлері


Өрнектердің мәнін тауып, кітапханаға неше рет баратын баланы анықтайды.

Көбейту мен бөлу амалына берілген қарапайым теңдеу мен құрылымы күрделі теңдеулерді салыстыру, айырмашылығын түсіндіреді.

Көбейту мен бөлу амалына берілген құрылымы күрделі теңдеулерді ықшамдап, белгісіз компоненті табады.

Тілдік мақсат

(тілдік емес пәнге)

Математикалық есептерді, теңдеулерді, мәтіндік есептерді шешу кезінде үш таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмдерін пайдалану.

Пәндік лексика және терминдер

Құрылымы күрделі теңдеу

Теңдеу-уравнение-equation

Талқылауға арналған сұрақтар:


-Егер теңдеу күрделі болса не істеу қажет?

«Құрылымы күрделі теңдеуді жеңілдету немесе қарапайым түрге келтіру» дегенді қалай түсінесің?

Күрделі теңдеуді қалай тексеруге болады?

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастыққа, еңбек пен шығармашылыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі 3 сынып, Сөйлеу мәдениетіне үйренемін.

АКТ қолдану дағдылары


Бастапқы білім

Жай теңдеулерді шешу жолдарын біледі.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Дереккөздер/

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныпты түгендеу, тексеру

Құрал жабдықтарды дайындау

Шаттық шеңберінде тұрып, психологиялық ахуал қалыптастыру.

Математика керек әр күнге,

Математика қажет өмірде.

Математиканы біз оқимыз,

Миымызға тоқимыз.

Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.


Сабақтың ортасы

30 минут


















































































































1-тапсырма. Жұптық жұмыс. Белсенді оқытудың «Түсіндіру және сипаттау» тәсілі.

Есептеулерді орындау арқылы балалардың кітапханаға неше рет барғанын білу.

Бағалау критерийі

Дескриптор:

Өрнектердің мәнін тауып, кітапханаға неше рет баратын баланы анықтайды.


Көбейту амалын орындайды.

Көбейтудің мәнін бөледі.

Бөлу амалының мәнін көбейтеді.

Қалыптастырушы бағалау: Тапсырмадағы есептерді шешу жолдарын қайталап, еске түсіріп, мәнін дұрыс шешкеннен кейін алма жемісі арқылы өзін-өзі бағалайды.

Тапсырманы толық әрі дұрыс орындадым – қызыл түс.

Тапсырманы жартылай орындадым – сары түс.

Тапсырманы орындауда қиналдым – жасыл түс.

2-тапсырма. Топтық жұмыс. Белсенді оқытудың «Түсіндіру және сипаттау» тәсілі. Оң және сол жақ бағандардағы теңдеулерді салыстыр. Олардан қандай айырмашылық пен ұқсастықты байқауға болады?

х ∙ 30 = 210 х ∙ (5 ∙ 6) = 210



Бағалау критерийі

Дескриптор:

Көбейту мен бөлу амалына берілген қарапайым теңдеу мен құрылымы күрделі теңдеулерді салыстыру, айырмашылығын түсіндіреді.

Сол жақтағы теңдеуді шешеді.

Оң жақтағы теңдеуді ықшамдауды түсіндіреді.

Құрылымы күрделі теңдеуді шеше алады.




Қалыптастырушы бағалау: Тапсырмадағы құрылымы күрделі теңдеуді дұрыс шешкеннен кейін алма жемісі арқылы өзін-өзі бағалайды.

Тапсырманы толық әрі дұрыс орындадым – қызыл түс.

Тапсырманы жартылай орындадым – сары түс.

Тапсырманы орындауда қиналдым – жасыл түс.

Ширату жаттығуы.

Бір, екі, үш,

Қарлығаш болып ұш.

Төрт, бес, алты,

Қарлығаш болып қалқы.

Жеті, сегіз, тоғыз, он,

Қарлығаш болып қон.

3-тапсырма. Жеке жұмыс. Саралаудың «Тапсырма, қарқын, диалог және қолдау көрсету» тәсілдері.

Теңдеулерді шеш.

х · (25 : 5) = 350 k + 120 : 4 = 150

х · 5 = 350 k + 30 = 150

х = 350 : 5 k = 150 - 30

х = 70 k = 120

70 · (25 : 5) = 350 120 + 120 : 4 = 150

Бағалау критерийі

Дескриптор:

Көбейту мен бөлу амалына берілген құрылымы күрделі теңдеулерді ықшамдап, белгісіз компоненті табады.

Бөлу амалын бірінші орындайды.

Жай теңдеуге айналдырады.

Теңдеуді шешеді.

Қалыптастырушы бағалау: Тапсырмадағы құрылымы күрделі теңдеуді дұрыс шешкеннен кейін алма жемісі арқылы өзін-өзі бағалайды.

Тапсырманы толық әрі дұрыс орындадым – қызыл түс.

Тапсырманы жартылай орындадым – сары түс.

Тапсырманы орындауда қиналдым – жасыл түс.

Оқулық











































































































Сабақтың соңы

5 минут

Қорытынды.

-Бүгінгі сабақ барысында не үйрендік?

- Сабақ мақсатына жете алдық па?

-Бүгінгі сабақ бойынша қандай қорытынды жасаймыз?

Кері байланыс. «Жетістік ағашы» оқушылар сабақ барысында жинаған алмаларын жеміс ағашына орналастырады. Қызыл алмалар жоғарғы жағына, сары алмалар ортасына, жасыл алмалар астыңғы жағына.

Үй тапсырмасы

Көбейту мен бөлу амалына 3 құрылымы күрделі теңдеу құрастырып шығарып келу.









Picture 4

Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілетті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау-оқушы

білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?





Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралаудың жалпы тапсырма тәсілі арқылы оқушыларға көбейту мен бөлу амалына берілген күрделі теңдеу шешуге тапсырма беремін. Тапсырма бере отырып, қарқынын яғни белгілі бір уақытта жылдамдығын арттырамын. Қабілеті жоғары оқушылар тапсырмасын жылдамырақ орындап болса, үлгерімі төмен оқушыларға көмектесу мақсатында диалогқа түсіре отырып қолдау көрсетуді жоспарлап отырмын.

Оқушылар өзін бағалау арқылы , тапсырманы қаншалықты орындағанына байланысты өз деңгейлерін анықтап «Жетістік ағашына» жинаған алмаларын жабыстырады.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.00.2020
3491
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі