Сабақтың тақырыбы: Реніш
Мақсаты: Эмоцияның жағымсыз түрлерімен таныстыру. Ерікті бақылау дағдысын дамыту және көңіл-күйді реттеу. Жинақталып қалған мәселелерді түсінуге көмектесу.
Шаттық шеңбері. Сәлемдесу.
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Ш
ұғылалы
таңдаймыз,
Күлімдеген күндейміз,
Ренжуді біз білмейміз.
Қуанасың сен де,
Қуанамын мен де,
Арайлап атқан күнге.
Қайырлы таң, балалар!
Балалар мен сендерді көргеніме қуаныштымын!
-Балалар, бүгін біз әртүрлі мәселелер туралы әңгіме қозғап, көңіл-күйімізді бұзатын жағдайлармен танысамыз.
- Балалар, сендер бір күнде әртүрлі көңіл - күйде боласыңдар. Кейде қуанып күлесіңдер, енді бірде ренжіп жылайсыңдар, солай емес пе?
- Ал, енді көңіл- күйлерің нашар болған сәттерді еске түсіріп көрейікші.
(Қалауы бойынша балалар жұмсақ ойыншықты бір-біріне жалғай отырып, себебін айтып, ойларымен бөліседі).
Тышқан, ит және мысық.
А.Сәуірбай
Ертеде ит, мысық және тышқан үшеуі дос болыпты. Ит пен мысық тышқанды онша жақтырмайды екен.Тышкан күні-түні тынбайтын еңбекқор болыпты. Ал, ит пен мысық тапқанын жеп, жұмсақ шөп, жылы жерде жатып алатын көрінеді.
Бір күні ит қасындағы мысыққа:
-Осы тышқанның жұмысы таусылмайды екен. Күндіз – түні күйбеңдейді де жүреді, - деп қынжылады.
Сонда мысық:
-Өзіміз шолжиып жатып біреуді күндейміз.Осымыз дұрыс па?- деп ,итке жөнін айтады.
Ит бұл сөзге ұялып қалады да , өзі де шаруа істемек болады.Осы оқиғадан кейін ол тышқанға көмектесіп жүреді.
Бір күні:
-Сен де қол ұшыңды бер, - дейді енді ит мысыққа.
Оған мысық көнбейді.
-Өздерің –ақ істей салыңдар !-деп, сол жатқан күйі жата береді.
Ит пен тышқан оған:
-Жалқаулықты қой ,бізбен бірге жұмыс істе!-дейді.
-Әй, мен сендердің жұмыстарыңды күндеп жатқан жоқпын ғой. Неге, тиісесіңдер! –деп, мысық ашуланады.
Мысық жатқан орнында жата береді. Ит пен тышқан өз тірліктерін істеп жүре береді. Тек мысыққа тамақ қалдырмай, өздері жейтін болады. Аш мысық енді ит пен тышқанның тапқанын ұрлай бастайды. Мұны көріп қойған тышқан мысықтың ұрлығын итке айтады. Ит ұрлықшы мысықты оңдырмай талайды. Содан бері ит пен мысық бір-біріне өш екен. Бірін –бірі көрсе, талап тастауға дайын тұрады. Ал, тышқанға ренжіген мысық оны ұстап алуға тырысады, сондықтан тышқан мысықтың иісін сезсе болды, қашып кететін көрінеді.
Балалар ит пен мысық неге ренжісті, бұрын олар дос еді ғой?
Оларды қайтадан қалай достастыруға болады?
Ойын: «Мұз жарғыш»
Ойын барысы:.
Балалар екі қатар құрып, бір-біріне қарап тұрады. Серіктестігін итеріп жіберу.
Талқылау
- Саған қасыңдағы баланың итеріп қалғаны ұнады ма?
-Неліктен ұнамсыз сезім пайда болды?
-Сен өміріңде болған осындай жайсыз оқиғаны айтып бере аласың ба?
(топта ойыншыққа таласқанда, автобуста бір-бірін итермелеп кіргенде т.б.)
- Көңіл-күйлерің нашар болғанда не істейсіңдер?
-Менде нашар көңіл-күй
болғанда: жылаймын, ашуланамын, ызаланамын, төбелесемін,
айқайлаймын.
-Балалар, көңіл- күйді сөз арқылы ғана емес, сонымен қатар әртүрлі
қимыл-қозғалыс арқылы да жеткізуге
болады.
Мысалы: көз,қабақ, жалпы дененің қимылы т.б.
Педагог мысал ретінде әртүрлі күйді көрсетеді (ашуды, қуанғанды) әрі қарай балалар жалғастырып кетеді.
Ойын: «Айтып, көрсет»
-Мен ашуланғанда,былай ашуланамын......
(Мимикамен көңіл-күйін көрсету)
-Мен қуанғанда, былай қуанамын.....
-Мен ренжігенде, былай ренжіимін.....
-Мен жылағанда, былай жылаймын .......
-Мен күлгенде,былай күлемін......
Талқылау.
-Қандай көңіл-күйді көрсету оңай болды?
-Қандай көңіл-күйді көрсету қиын болды?
-Неліктен?
-Білесіңдер ме балалар, жиі ренжитін адам, үнемі қамыққан күйде болады.Сондықтан қабақ шытып ренжігенді қойып, нашар көңіл-күйімізді жеңуге көмектесетін ойындар ойнайық.
Саусақ жаттығуы.
Ақ лақ пен көк лақ,
Көпір үстінде кезікті.
-Былай бұр, -деп,
-Жоқ,сен былай тұр,-деп,
Тұра қалып керісті.
Шыдай алмай сүзісті,
Мүйіздері сарт етті,
Екеуі суға жалп етті.
Балалар саусақ қимылдарымен келтіріп, өлеңді қайталайды.
Ойын: «Шулау – сыбырлау – үндемеу»
Мақсаты: Балалардың өзін ұстауды
қалыптастыру, координациялық қимылдарды дамыту, бой
сергіту.
Ойынның
барысы:
Жүргізуші:
- Балалар, қазір мен сендерге әртүрлі төртбұрыштар көрсетемін, біреуі сары, екіншісі қызыл, үшіншісі жасыл. Егер мен қызыл түсті төртбұрышты көрсетсем сендер шулап, секіріп, айқайлауларыңа болады. Сары түсті төртбұрышты көрсетсем, сендерге секіруге болады, бірақ шулап, айқайлауға болмайды, тек сыбырлап сөйлесуге болады. Ал егер мен жасыл түсті төртбұрышты көрсетсем, сендер үндемей қатып қалуларың керек.
Жүргізуші түрлі-түсті төртбұрыштарды көрсетеді, ал балалар тапсырманы орындайды.
Мінекей біздің көңіліміз бір көтеріліп қалды, солай емес пе?
Енді өздеріңді қалай сезініп тұрсыңдар? Ойларымен бөлісу.
Ойын: «Мен қандаймын?»
(өзін-өзі бағалау)
Мақсаты: Өзін-өзі одан әрі ашу, тану, өзінің және айналасындағылардың мінезін анықтау іскерлігін дамыту.
(балалар жұмсақ ойыншықты бір-біріне жалғай отырып, өзінің жағымды, жағымсыз қасиеттерін айтып « мен қандаймын?» деп өздерін қалай бағалайтынын айтып, ойларымен бөліседі).
-Мен мейірімдімін.
-Мен сабырлымын.
-Мен ақылдымын.
-Мен сүйкімдімін.
- Мен тіл алғышпын.
-Мен сотқар емеспін.
-Мен жақсы баламын.
-Сонымен балалар,көңілсіздіктен арылуға бола ма?
-Жақсы көңіл – күйі болу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?
Кеңес:
-Балалар біздің көңіл – күйіміз, біздің ойларымызға тәуелді. Көңіл – күйіміз көтеріңкі болу үшін, ойларымызда жақсы болуы керек.Ендеше жақсы ойларды жаттайық:
Мен ақылдымын.
Мен әдемімін.
Менің қолымнан бәрі келеді.
Мен салмақтымын.
Мен өзіме сенімдімін.
Мен ешкімге ренжімеймін.
Мен бақыттымын.
Жарайсыңдар балалар, әрдайым бақытты болыңдар!
Дөңгеленіп тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Кездескенше күн жақсы,
Сау-саламат болайық-деп жаттығу соңында балалар бір-біріне жақсы тілектер айтып қоштасады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сабақ жоспары "Реніш" мектепке дейінгі даярлық топ

шағым қалдыра аласыз