І. Ұйымдастыру
кезеңі.
-Қайырлы таң,
достым!
Қайырлы күн
болсын!
Бүгінгі күн
міне,
Сәттілікке
толсын.
-Балалар бүгінгі күнімізге
сәттілік тілеп,сабағымызды
бастайық.
ІІ.Қызығушылықты
ояту.
-Балалар, бүгін
біздің сабағымыз сіздер үшінқызықты әрі пайдалы болады деп
ойлаймын.
-Бүгінігі сабақтан
сендер өздеріңе көп мәлімет алатын боласыңдар.Бәріміз назарымызды
тақтаға аударайық.
–
Не көріп
тұрсыңдар?(өрнектер)
-Балалар, бұлар жай
өрнектер емес, қазір осы өрнектерді дұрыс шешсек артында жасырынып
тұрған сөзді оқимыз.
-Шешеміз бе.
(өрнектердің мәнін ауызша табады, келесі
жағында «УАҚЫТ» сөзі
шығады.
Ал осы сөз орыс және
ағылшын тілдерінде қалай аталатынын білесіңдер
ме?
( сөздің үш тілде
атауын тақтаға ілу,
қайталату)
-Ал,уақыт ұғымын
қалай түсінесіңдер?(Мүмкін жауаптар: уақыт ол-сағат,
күн,апта,т.б.)
Уақытты өлшеуге бола
ма? (оқушы жауаптарын
тыңдау)
-Қандай уақыт
бірліктерін білесіңдер?
(атайды)
-Ендеше қазір
уақытқа қатысты бейнежазба көріп алайық, сосын сабағымызды әрі
қарай жалғастырамыз.( бейнежазба ұзақтығы 1
мин)
-Балалар, бұл
бейнежазба не туралы екен?
-Сағат
жөнінде.
-Ендеше біздің
бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қалай болмақ?( оқушы
жауабы)
Сабақтың тақырыбы
мен мақсатын хабарлау
-Балалар, осы мақсаттарға жету
үшін біз бүгін сендермен саяхатқа шығамыз,сағат жөнінде көбірек
білетін боламыз.Ол үшін алдымен сағат туралы не білетінімізді
тексерейік.
ІІІ.Жаңа сабақты
меңгерту
(Ұ) Сағатты
зерттейік
-Сендердің алдарыңда
сағаттар бар. Сағаттарды қолдарыңа алыңдар, байқап көріңдер. Сағат
жөнінде не айтар едіңдер?( Мүмкін жауаптар: сағаттың үш тілі бар,
олардың түстері әр түрлі,сағат бір бағытта жылжиды, ұзын тілі-
минуттық тіл, қысқа тілі- сағаттық
тіл)
Сағат жөнінде
таныстырылым арқылы қосымша ақпарат беріледі. 1сағатта 60 минут
болатыны, сағатты қалай анықтау керек екендігі
түсіндіріледі)
Әлем елдеріне
саяхат
-Балалар, сағат
жөнінде қызықты мәліметтер алу үшін саяхатымызды бастайық. Әлемде
неше түрлі сағаттар бар екен. Ендеше осы әлем елдерінің
сағаттарымен танысу үшін саяхат
жасаймыз.
-Балалар мына
сағатты көргендерің бар ма? Бұл сағат қай елде орналасқан деп
ойлайсыңдар?(оқушы жауабы)
-Бұл сағат
Ұлыбританияның астанасы Лондон қаласында орналасқан.Осы сағат жайлы
қызықты мәлімет алу үшін, сендер тапсырма орындауларың
қажет.
1.
Лондон
(Ұ)Тапсырма: 1мин ішінде берілген
өрнектердің мәнін табу. Оқушылардың тапсырманы жылдам және дұрыс
орындауы бағаланады.Уақыт таймермен
белгіленеді.
(ҚБ)Оқушылар жұмыстарын жұпта
өзара ауыстыру арқылытексереді, орындаған оқушының неше тапсырманы
дұрыс орындағанын соңына жазып көрсетеді. Дұрыс жауаптар тақтадан
көрсетіледі.
Одан кейін оқушылар
топ ішінде 1 минутта қай оқушы көп әрі дұрыс орындағанын неше
айтады.
Мұғалімнің кері
байланысы: Оқушылардың тапсырманы қалай
орындағандарына байланысты қорытынды жасау, уақытты үнемді
пайдалану жөнінде кеңес
беру.
-Өте жақсы балалар
сендер тапсырманы орындай алдыңдар. Ендеше Лондондағы «Бигбен»
сағаты жөніндегі мәліметпен танысайық
.
Қорытынды: - Балалар, сендер 1 минутта
осынша өрнектердің мәнін таптыңдар, ал 1 сағат ішінде қанша өрнекті
шешуге болады деп ойлайсыңдар? ( оқушы жауабын
тыңдау)
-Қалай ойлайсыңдар,
бір сағат ішінде қандай жұмыстарды тындыруға болады? (балалар өз
ойларын айтады, мысалы: сабақ оқу, ойнау, көлікпен бір жерге барып
келу, тамақ пісіру, сурет
салу)
-Ендеше 1 минут пен
1 сағат аралығында айырмашылық бар ма екен?( қорытындыны өздері
жасауға жетелеу)
Жақсы балалар,
саяхатымызды одан әрі жалғастырайық. Қазір біз Ресей астанасы
Мәскеуге келіп, ондағы сағатты көреміз. Онда да әлемге әйгілі сағат
бар екен, мүмкін білетін боларсыңдар? Ол сағаттың қандай екенін
көрмес бұрын тапсырма орындап
алайық.
2.Мәскеу
(Т)Оқушылар 5 топқа бөлініп отырғызылады. Әр топқа уақытқа
байланысты есептер беріледі. Оқушылар топта есепті оқып,талқылайды,
, шешуін табады. Есептің шешуін сағаттан көрсетеді.Есепті шешуге 2
минут уақыт беріледі.
1-топ:
Мәскеу қаласынан сағат 6-да ұшқан ұшақ Лондон
қаласына 4 сағаттан кейін жетеді . Сонда ұшақ сағат нешеде
қонады?
2-топ:
Марат Астанадан
Мәскеуге ұшақпен 3 сағат ұшты. Ол ұшаққа сағат кешкі 8- де отырған
еді. Марат қай уақытта Мәскеуде болады?
3-топ:Астанадан Көкшетауға шыққан пойыз жолда 5 сағат жүрді.
Пойыз Көкшетауға кешкі сағат 10-да жетті.Ол сағат нешеде Астанадан
шықты?
4-топ: Жеңіл көлік Астанадан
Бурабайға дейін екі сағат жол жүрді. Егер ол таңғы сағат 6-да
шыққан болса, сағат нешеде
жетеді?
5-
топ:Астанаға Көкшетаудан пойыз
сағат түскі 2-де жетті. Ал Алматыдан келетін пойыз 8 сағаттан соң
келіп жетті. Алматы пойызы сағат нешеде
келді?
Топтық жұмысты орындап болған
соң, әр топ өз жұмысын көрсетеді.Тақтада тапсырма дискрипторы
жазылып тұрады, әр топтың жауабы +,- арқылы
белгіленеді.
Мәскеудегі сағаттың суреті
көрсетіледі, мәлімет
айтылады
Сергіту
сәті:
-Балалар осы сағатқа қарап,
аздап жаттығу орындап сергіп алайық.Қане орнымыздан
тұрамыз.
Сағаттың
тіліндей
Иіліп оңға
бір
Сағаттың
тіліндей
Иіліп солға
бір
Сағатқа қарап
ақ
Жаттығу оңай-
ақ.
Оң аяқ, сол
аяқ
Оң аяқ, сол
аяқ
Сағатқа қарап
ақ
Жаттығу
оңай-ақ.
3.
Астана
-Балалар, біз енді өз елімізге
ораламыз. Қазақстанның астанасы қай
қала?
-Астана. Ал Астана қаласында
үлкен, әдемі сағаттар бар ма?Кім көрді? Көргендерің қолдарыңды
көтеріңдер.
-Астанада осындай бірнеше
сағат түрі бар екен. Ал суретте қай сағат екенін білу үшін қазір
жұпта тапсырма орындаймыз.
Бұл аялдамада жұптық жұмыс
орындалады. Әр топта екі жұптан болады. Екі жұпқа әртүрлі
деңгейдегі суретті тапсырмалар беріледі.
-
жұп:
-
жұп:
(ҚБ) Тапсырмалары бірдей әр
топтағы оқушылар бір- бірімен тапсырмаларын ауыстыру арқылы
тексереді. Тақтадан дұрыс жауабы
көрсетіледі.
Осы тапсырманы орындап
болғаннан кейін Астана теміржол вокзалындағы сағат
көрсетіледі
|