Сабақ жоспары "Сөздердің байланысу тәсілі" 8 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары "Сөздердің байланысу тәсілі" 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
8 сыныпқа арналған ҚМЖ.Өте қолайлы.Алып қолдансаңыздар болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сөздердің байланысу түрлері

Виды связи слов

Қазақ тіліндегі сөздердің өзара байланысу тәсілдері негізінде қалыптасқан байла­нысу түрлері болады. Ондай байланысу түрлері төртеу: қиысу, матасу, меңгеру, қабысу.

Связи слов в предложении и словосочетании делят на следующие виды: согласование (қиысу),взаимоподчинение (матасу), управление (меңгеру), примыкание (қабысу).

1.Қиысу. Бастауыш пен баяңдауыштың жіктік жалғауы арқылы бір жақты және 1—2 жақтарда жекеше не көпше түрде байланысуын қиысу дейміз.

Согласование. Подлежащее в казахском языке согласуется со сказуемым в лице и числе.

МысалыТыңдаушылар отырды. Сендер келдіңдер. Жәбірленушілер шықты.

2.Матасу. Ілік септікті жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің байланысу түрін матасу деп атаймыз.

Взаимоподчинение — это такая связь, при которой зависимое слово связывается с главным при помощи аффиксов прина­длежности.

Слово в родительном падеже требует после себя слово в притяжательной форме.

МысалыИнституттың бастығы. II курстың тыңдаушысы. Баланың сөзі.

Меңгеру. Басыңқы сыңар мен бағыныңқы сыңардағы сөздің атау мен іліктен басқа септік жалғауларының біреуі жалғану не шылаулар арқылы байланысу түрін меңгеру деп атайды.

Управление. Это связь зависимого и главного слов с падежными окончаниями, кроме родительного и именительного падежей, а также связь слов при помощи союзов.

Мысалы: Қылмыскер Майқұдықтан ұсталып еді (меңгеріле байланысып тұр).

Қабысу. Сөздердің қатаң орын тәртібі нәтижесінде қатар тұру арқылы байланысу түрін қабысу деп атайды.

 Примыкание. Это связь слов в предложении, где строго соблюдается порядок слов в предложении.

Мысалы: Үшінші топ; жібек орамал.

 







Слайд арқылы түсіндіру.


Мысалдар арқылы түсінікті тереңдету.
1. Қиысу. Мен көрдім ұзын қайың құлағанын. (Абай)
2. Матасу. Өткірдің жүзі, кестенің бізі өрнегін сендей сала алмас...
3. Меңгеру. Білгенге – маржан, білмеске – арзан,
Надандар бәһра ала алмас...
4. Қабысу. Сұрғылт тұман дым бүркіп... (Абай)
5. Жанасу. Бүгін бірінші рет әдейі алғызып отыр. (М. Ә.)

Ереже шығару.
1. Қиысу — баяндауыштың бастауышпен байланысы. Мысалы: Біз оқушымыз. Сендер студентсіңдер. Мен жазушымын. Олар бірінші космонавттар. Сіз оқытушысыз. Мен оқыдым. Біз оқыдық. Бұл — Шолақсай, Табысымыз мол, ертеңіміз айқын (газеттен).
2. Меңгеру — сөздердің өзара септік жалғауларының (ілік пен атаудан басқа) біреуі арқылы байланысқан түрі. Мысалы: Алтын етікті де аяққа киеді. Жақсы ісімен жақсы.
3. Матасу - ілік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің байланысуы. Мысалы: ағаштың бұтағы.
4. Қабысу деп сөз бен сөздің өзара ешбір жалғаусыз тұрған орны арқылы байланысуын айтамыз. Мысалы: қызық кітап, ақ жаға, алтын сағат.
5. Жанасу - сөздердің жалғаусыз орын тәртібі арқылы байланысуының бір түрі. Мұның қабысудан айырмашылығы - тіркескен сөзінен алшақтап араға сөз салып та тұра алады. Мысалы: шарықтап ұшу, шырақтап көкке ұшу, ертең бару, ертең киноға бару.

IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Оқулықпен жұмыс
243 - жаттығу.
(Ауызша орындау, мәтіннен қиыса байланысып тұрған сөз тіркестерін тауып, қай сөз табынан екенін анықтау).
бала көріп (бағ. сың. зат есім, бас. сың. етістік)
бала жүре беріп еді (бағ. сың. зат есім, бас. сың. күрделі етістік)
шешесі тұрып (бағ. сың. зат есім, бас. сың. етістік)
әкең тұр (бағ. сың. зат есім, бас. сың. етістік)
Абай көрді (бағ. сың. зат есім, бас. сың. етістік)
әкесі Құнанбай тұр екен (бағ. сың. күрделі зат есім, бас. сың. күрделі етістік)
бала ұқты (бағ. сың. зат есім, бас. сың. етістік)
бала бұрылды (бағ. сың. зат есім, бас. сың. етістік)
Байтас түсіп (бағ. сың. зат есім, бас. сың. етістік)
жорға Жұмабай түсіп (бағ. сың. зат есім, бас. сың. етістік)
Байтас келеді екен (бағ. сың. зат есім, бас. сың. күрделі етістік)
жорға Жұмабай келеді екен (бағ. сың. зат есім, бас. сың. күрделі етістік)

244 - жаттығу.
Оқушыларға оқыту, мазмұндату. Ана тілі жайлы оқушы пікірін тыңдату. (Оқушылар тақырыпқа байланысты өз шығармашылықтарын, ақындардың өлең шумақтарын айтады)
Біз біле бастаймыз (орын тәртібі арқ. бай, қиысу, етістікті с. т)
Біз сіңіреміз (орын тәртібі арқ. бай, қиысу, етістікті с. т)
Өзіміз үйреніп (қос. арқ. қиыса бай. ет. с. т.)
өзіміз біле береміз (қос. арқ. қиыса бай. ет. с. т.)
ол құралымыз (орын тәртібі арқ. бай, қиысу, етістікті с. т)
өмірі ауысып отырады (қос. арқ. қиыса бай. ет. с. т.)
ерлік істері ауысып отырады (қос. арқ. қиыса бай. ет. с. т.)
аңыз - ертегілері ауысып отырады (қос. арқ. қиыса бай. ет. с. т.)
өлең - жырлары ауысып отырады (қос. арқ. қиыса бай. ет. с. т.)
кітаптары ауысып отырады (қос. арқ. қиыса бай. ет. с. т.)

Сөздердің байланысу тәсілдерін анықтау. «Сәйкестендіру» жұмысы.
Телефон арқылы сөйлесу ----------орын тәртібі
Абай – ақын ------------------------жалғау арқылы
Самал жел --------------------------шылау арқылы
Адамзатты сүю ------------------------орын тәртібі
Білу үшін оқу -----------------------жалғау арқылы
Шоқан – ғалым --------------------шылау арқылы
Ғажайып әлем ----------------интонация арқылы
Еңбектің жемісі --------------интонация арқылы



















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.12.2018
3130
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі