Сабақ жоспары "Спортшы" 4 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары "Спортшы" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдеріне керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып: 4

Сабақтың тақырыбы: Спортшы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік - оқушылардың қазақстандық спортшылары туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық - жаңа сөздер арқылы сөздік қорларын молайту, мәтін арқылы ауызекі тілде сөйлеуге дағдыландыру; 

Тәрбиелік - оқушыларды сөйлеу мәдениетіне баулу, өз денсаулықтарын күте білуге, таза жүруге тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: топпен жұмыс, жұптық жұмыс, мәтінмен жұмыс, сұрақ-жауап, сөйлету, әңгімелесу.

Көрнекілігі: тақырыпқа байланысты көрнекілік, түрлі түсті маркер, А3 қағазы, кәртішкелер, жаңа сөздер.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу.

ә) Түгелдеу.

б)Психологиялық ахуалды өткізу.

«Ақ тілек. Әсем күлкі»

  • Көңіл-күйлеріңіз қалай?

  • Керемет! (қолдарын көтереді)

  • Сабаққа дайындықтарын қалай?

  • Тамаша! (алақандарын шапалақтайды)

  • Ынталарыңыз қалай?

  • Ғажап! (қолдарын көтереді)

  • Ендеше сабағымызды бастайық!

  • О, о, о (бас бармағын көтереді)

2.Үй тапсырмасын тексеру (Жаңа сөздерді жаттау, 91 бет 5 тапсырма)

1.Қандай спорт түрлерін білесің?

2.Саған қандай спорт түрі ұнайды?

3.Саған жүгіру ұнай ма?

4.Саған шаңғы спорты ұнай ма?

5.Саған күрес ұнай ма?

6.Саған ұзындыққа секіру ұнай ма?

7.Сен спортпен айналысасың ба?

8.Сен қай спорт түрімен айналысасың?

9.Спорттың адамға қандай пайдасы бар?

10.Спорт туралы хабарларды көресің бе?

11.Спортпен айналысқан адамның денсаулығы қандай болады?

12.Қандай қысқы спорт түрлерін білесің?

3.Жаңа сабақ.

3.1. - Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы «Спортшы». Салауатты өмір салтын қалыптастырып, ортаға үлгі болу – біздің міндетіміз. Өз денсаулығымыз үшін спортпен айналысу - бүгінгі күннің талабы. Елбасы Жолдауында халықтың денсаулығына ерекше назар аударады. Спортпен достасу керек. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, көңілі көтеріңкі болады. Біздің елімізде спортпен айналысып, Қазақстанды әлемге танытып жүрген спортшыларымыз көп. Бүгінгі сабақта біз жаңа сөздермен, сонымен қоса еліміздің атақты спортшылармен танысамыз, топпен, жұппен және мәтінмен жұмыс жасап, ауызша және жазбаша тапсырмаларды орындаймыз.

Күнді жазу. 

3.2.Көркем жазу минуты. 

Сс

Спорт, спортшы, спортшымын

3.3.Жаңа сөздермен жұмыс

Шаңғышы – лыжник

Боксшы – боксер

Футболшы – футболист

Шахматшы – шахматист

Қорғаушы – защитник

Жаттықтырушысы – тренер

Атақты – известный

Спорт шебері – мастер спорта

Мұғалім жаңа сөздерді оқиды, оқушылар қайталайды, оқушылар тізбектеп оқиды, сөздерді сөздік дәптерге көшіріп жазады, жаңа сөздермен сөз тіркестер және сөйлемдер құрастырады.

3.4. Тыңдалым. Оқушылар 3 оқушыдан 4 топқа бөлінеді. Әр топқа әр түрлі мәтін беріледі. Оқушылар мәтінді топ ішінде іштей оқиды (2 мин). Мәтін бойынша түсінген нәрсені А3 қағаз бетіне салады. Дайын болғаннан кейін кезекпен тақтаға шығып өз постерін қорғайды.

Сергіту сәті

Бойды сергек тік ұста,
Емін-еркін тыныста.
Оң қолыңды соз алға,
Қол ұшына қара да,
Үшбұрыш сыз ауада,
Сол қол босқа тұрмасын,
Шеңбер жасап тынбасын.

3.5.Айтылым.92 бет 3 тапсырма. Үлгі бойынша сөйлес.

Оқушылар диалогты іштей оқиды, содан кейін бір-бірімен жұптасып әңгімелеседі.

3.6.Жазылым. Менің сүйікті спортшым - ...., өйткені .... (оқушылар сөйлемді аяқтау керек)

Бекіту. Сабақты бекіту ретінде тақтаға спортшылардың фотолары іленеді, оқущылар әр фотоның астына тиісті мәліметті жабыстыруы керек.

Үй тапсырмасы: 93 бет 6 тапсырма, жаңа сөздерді жаттау

Оқушылар «Бас бармақ» тәсілі арқылы сабақтың қорытындысын шығарады.

Бағалау. Оқушылардың сабақта берген жауаптарына сай бағалау.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.02.2019
3664
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі