Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тәрбиеші:Танбаева Лаура Ароновна
Тобы: Мектепалды даярлық
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Жаратылыстану.
Тақырыбы: «Сумен тәжірибе жүргізу»
Мақсаты: Балаларға судың адам үшін де, жалпы тіршілік үшін де қажет екендігін түсіндіру. Суды үнемдеп пайдалану, суды ластауға болмайтындығы жөнінде түсініктерін қалыптастыру. Табиғат байлығына қамқор бола білу дағдыларын жетілдіру.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: Серуен кезінде жауған жаңбырды бақылау.
Әдіс тәсілдер: Тәжірибе жасап көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, ойын.
Қажетті көрнекі құралдар: Тәжірибеге қажетті құралдар, су құйылған ыдыстар, судың суреті сюжетті суреттер үлестірмелі тапсырмалар.
Билингвалдық(қотілділік) компонент: су – вода.
|
Іс-әрекеттер кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі |
Шаттық шеңбер Біздің топта ұл- қыздар, Тату –тәтті ойнайды. Ортамызға қоршаған, Тек мейірім сыйлайды. Жұмбақ шешкізу. Дәмі де, жоқ, түсі жоқ, Пайдаланбас кісі жоқ. -Ол не? -Иә, балалар, дұрыс айтасыңдар, жұмбақтың шешуі-су. Су – мөлдір, сұйық зат (стакандағы суды көрсету). |
Балалар шеңберге тұрып, бір-бірімен амандасады. Балалардың жауаптары |
|
Ұйымдас-тырушылық ізденіс кезеңі |
2. Суретпен жұмыс. -Су адамға не үшін қажет. -Суды ішеміз, тамақ әзірлеу үшін пайдаланамыз, шомыламыз, киімді жуамыз, үйді тазалаймыз. -Ал енді су кімге не үшін қажет екенін білесіңдер ме? -Иә, сусыз адам да, жануар да, өсімдік те тіршілік ете алмайды. Көрдіңдер ме, балалар судың қажет емес жері жоқ, сондықтан да суды үнемдеп пайдалану керек, суға қоқыстар тастауға болмайды. «Су-тіршілік көзі» деп бекерге айтпаған. 3. Тәжірибе жасап көрсету. -Мына екі ыдыстағы мөлдір судың біреуіне аз ғана топырақ салып көрейік. Судан қандай өзгеріс байқадық? Енді оны іше аламыз ба? Сондықтан, суды әрқашан таза ұстауымыз керек. Сергіту сәті. Тәулiк бойы тынбайтын, Болайықшы ақ жаңбыр Астан-кестен жауатын Өткiншi ендi бiз жаңбыр «Су айналымы» ертегісін оқып беру. -Ертеде су болмай, құстар шөлдеп, ағаштар қурап, гүлдер солып қалыпты. Қурап қалған ағаштарға Аяулымның қатты жаны ашыпты. Ойланып тұрып, Аяулым Күннен көмек сұрайды. Осы кезде Күн көмекке келеді. Жердегі су Күннің ыстығынан буға айналып, аспанға көтеріледі де, бу бұлтқа айналады. Бұлтты жел қуалап, су түйіршіктері жерге жаңбыр болып жауады. Жаңбырдан кейін жер тыныс алады. Шөлін қандырған өсімдіктер, құстар, жан-жанруарлар Аяулымға рахметін айтады. Сөйтіп жер беті құлпырып кетеді. Ойын: «Күн мен жаңбыр». Шарты: балалар «Күн» дегенде қолдарын жоғары көтеріп, алақандарын ашады, «Жаңбыр жауды» дегенде отырып, еденге саусақтарын тықылдатады. |
Балалар шешуін тәрбиешінің көмегімен бірге табады. Балалар тәрбиешінінң көмегімен қайталайы. -Сусыз тіршілік жоқ. Су адамдарға, жануарларға, құстарға, өсімдіктерге керек. Балалар қайталап айтады. Балалар тәрбиешінің көмегімен сұраққа жауап қайтарады. Балалар тапсырманы педагогтің көмегімен бірге орындайды. Балалар тәжірибені бірге орындайды. Судан қандай өзгеріс байқағандарын айтады. Балалар ақырын жауған жауын тырсылын жасайды. Тез-тез жауған жаңбыр тырсылын келтiредi. Балалар ертегіні мұқият тыңдайды. Балалар ойынды қызыға ойнайды. |
|
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі |
Тыйым және нақыл сөздердің мағыналарын түсіндіреді. Суға түкірме. Су – өмір нәрі. Бұлақ көрсең, көзін аш. Сұрақ-жауап арқылы оқу іс-әрекетін пысықтау. |
Тәрбиешімен бірге тыйым, нақыл сөздерді қайталап айтады. Балалар жауап беруге тырысады. |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Судың мөлдір болатынын және тіршілік үшін (адам, жануарлар, өсімдіктер) қажет екенін түсіне біледі.
Қандай түсініктерді игереді: Су туралы өлең, ертегі, тыйым және нақыл сөздермен танысып игереді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Судың тіршілік үшін қажет екендігін ұғынып, оның маңызы туралы білімді меңгереді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сабақ жоспары "Сумен таныстыру " мектепалды даярлық

шағым қалдыра аласыз