сабақ жоспары "Шырша"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

сабақ жоспары "Шырша"

Материал туралы қысқаша түсінік
Екінші кіші тобында құрастыру сабағында шыршаны құрастыруға үйрету технологиялық картасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Құрастыру

Тақырыбы: «Шырша»

Мақсаты: жаңа жылдық мерекеге дайындық ретінде қағаздан шыршаны қиып жасау

Міндеттері: Екінші кіші топ: 1. бүктеп жасай білуге үйрету,

2.қағазбен жұмыс жасау дағдыларын дамыту,

3. ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Міндеттері: Бірінші кіші топ: 1. Шырша қай мезгілде болатының үйрету. 2. Қағабен жұмыс жасау дағдыларын дамыту. 3. Ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Шырша Көптілділік компанент: Шырша – елка, fir-tree.

Көрнекі құралдар: жасыл, қоңыр түсті қағаз, желім, қылқалам және үлгі көрнекіліктер.

Әрекеттің кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті


Талаптандыру, дәлелдеу

Шаттық шеңбері:

Кел балалар күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Күлкімізді күн қылып,

Гүл өссін деп тілейік.

Шаттық шеңберге тұрып, өлең сөзіне сәйкес қимыл жасайды.












Ұйымдастыру ізденіс.

Тәрбиеші сәні жасыл шыршаны біз бүгін қағаздан қиып жасаймыз деп, шырша туралы тақпақ оқып береді.

Тәрбиеші жасыл түсті қиылған шаршы қағаздардың бірнешеуін балаларға таратып береді, оны диагональ бойынша ұшбұрыштап бүктеуді көрсетеді, бірнеше ұшбұрыш жасауды ұсынады. Қоңыр түсті қағазды алып оны ортасынан бүктеп көрсетеді ол шыршаның діңі болады. Енді осы ұшбұрыштарды бір-біріне ұшбұрыштың төбесіне желім жағу арқылы жапсырамыз. Ұшбұрышты бүктеуде дұрыс болуын, саусақтармен бүктеу сызығын бастырып, тегістеу керектігін көрсетеді. Балалар жұмыстарына бақылау мен басшылық жасалады. Жұмысты аяқтаған балалар оның айналасына ұсақ суреттер немесе ойыншықтар қойып, ойын ойнау мен жалғасады. Өздері білетін шырша туралы өлең, тақпақтарын айтып береді.

Балалар шыршаның суретін қарапкөреді, шырша не үшін керек екенін түсінеді.


Балалар жасыл түсті қағазды бүктеп ұшбұрыш жасайды., бірнеше ұшбұрыштарды бір-біріне желімдейді. Қоңыр түсті қағаздан оның діңін жасап, оны орналастырады. Шырша әдемі болу үшін оны безендіреді, алдын ала қиып дайындалған түрлі түсті дөңгелектерден шырша ойыншықтарын іледі.















Қорытынды

Тәрбиеші шыршалардың дұрыс жасалғандарын бағалайды, кейбір жұмыстарға жеке көмек көрсетіледі.

Балалар өздері қандай шырша жасағандарын айтып береді.

Күтетін нәтиже :

Жаңғыртады: - қағаздан жұмыс жасауда оның түсін, көлемін, пішінін ажырата алуды және оны бүктеу арқылы ұшбұыш жасауды.


Түсінеді:

Қарама-қарсы бұрыштарын теңестіріп бүктеу ұғымдарын және оны іс-әрекет барысында көрсете алуды.


Қолданады:

Қағаздан ұқыпты жұмыс жсауға және оны кеңістікте дұрыс орналастыруды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.12.2017
5058
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі